Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ЖҰҚпалы аурулар пәні бойынша әдістемелік өҢдеулері мамандық


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин



бет3/23
Дата04.07.2016
өлшемі194.53 Kb.
#176583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 13,5 мин (15%)

  • іш сүзегi этиологиясын

  • іш сүзегi эпидемиологиясын

  • іш сүзегi клиникасын

  • іш сүзегi патогензін

  • емдеу, арнайы алдын алу

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)

  • А және В паратифтер клиникасы

  • А және В паратифтер күтім ерекшеліктерін

  • А және В паратифтер емін

Ақпараттық-дидактикалық блок

Клиникасы. А және В паратиф кезінде инкубациялық кезең орташа – 10-14 күн, 3 күнге қысқаруы мүмкін және 50 күнге ұзаруы мүмкін.

Ауру бірте-бірте басталып, клиникалық көріністер бәсең пайда болады. 8-9-шы күндері ауру үдейді. Негізгі белгілердің бірі – қызба, қызба толқын тәрізді, бұрыс типті, тұрақты және ремитерлеуші. Қазіргі күндері, антибиотиктермен емдеген жағдайда қызба ұзақтығы 18-15 күннен аспайды. Қызба генезі – пирогенді протейіннің гипоталамусқа (терморегуляция орталығы орналасқан орын) әсер етеді.

Интоксикация аурудың бірінші күндерінен бастап дамиды: бастың ауруы, әлсіздік, апатия, ұйқысыздық (сүзектік статус).

Бөртпе аурудың 8-10-шы күндері пайда болып, кейде 3 аптаға дейін сақталуы мүмкін.

Тіл ісінген, жабындымен жабылған, бүйірлерінде тістердің ізі қалған. Аңқасы қызарған. Іші кебеді (вздутие). Падалка симптомы оң (оң жақ мықын аумақта перкуссиялық дыбыстың қысқаруы). Аурудың 4-5 күндері көк бауыр үлкейеді, 5-7 күндері бауыры үлкейеді.Үлкен дәрет «бұршақ көже» тәрізді. Гемограммада –лейкопения, лимфоцитоз, анэозинофилия, формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарлайды.

А және В паратиф арнайы асқынуларына ішек перфорациясы, ішектен қан кету және ИТШ, арнайы емес асқынуларына остеомиелит, менингит, пневмотиф және т.б. жатады.



Күтім ерекшеліктері. А және В паратифтерін емдеудегі ең маңызды роль дұрыс күтімде болады. Барлық қызба кезеңінде және дене қызуының қалыптасуының 6-7 күніне дейін науқас қатаң төсектік режимде болуы қажет. Дене қызуының қалыптасуының 7-8 күнінде науқасқа отыруға, ал 10-11 күндері жүруге рұқсат беріледі. Осы ұзақ уақыт аралығында науқастың тері беткейіне және кілегей қабаттарына аса көңіл бөлу керек, өйткені бұл кезде стоматит және қажалулар дамуына қолайлы жағдай. Тері беткейлерін жылы сумен өңдеп, науқасты қозғалуға рұқсат бермей, мейірбике төсегін ауыстыруға көмек көрсету қажет. Күніне бірнеше рет ауыз қуысын тазалап тұру керек (науқастың өзі немесе мейірбикенің көмегімен). Мұндай іш сүзегімен ауырған науқастарда іш кебу болғандықтан, олардың нәжісін тексеріп тұру қажет және мұндай жағдайларда науқасқа босаңсыту препараттарын тағайындауға рұқсат берілмейді. Нәжісі кідірген жағдайда аздаған тазарту клизмасын дәрігердің рұқсатымен жасауға немесе газ шығару түтікшесін қоюға болады. Медбике науқастың әрбір дәретке шығуын бақылап, нәжіс сипатын қарау қажет (құрамында қанның болуына).

Науқасқа қараушы медбике асқынулардың белгісін байқаған жағдайда сол уақытта хабарлауы керек.

А және В паратифтерімен ауырған науқастардың күтімінде санитарлы-гигиеналық ережелерге көңіл бөліп сақтау қажет.

Емі.

1. Режим ( қатал төсектік).

2. Диета № 4а стол.

3. Этиотропты ем – антибиотиктер (левомицетин 0,5 г күніне 4 рет , ампициллин 0,5 г-нан күніне 4-6 рет, ципрофлоксацин 0,5 г-нан күніне 2 рет)

4. Патогенетикалық ем. Дезинтоксикациялық емді кристаллоидты сұйықтықтарды тағайындай отырып жүзеге асырамыз ( 5% глюкоза, полиионды ерітінділер) және коллоидты ерітінділер (гемодез, реополиглюкин, альбумин).

5. Витаминді терапия. В тобындағы витаминдер. Және де антигистаминдер мен эубиотиктер бірге тағайындалуы қажет.


10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31,5 мин (35%)

Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру



11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 1,8 мин (2%)

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау



13. Үйге тапсырма беру – 1,8 мин (2%)

5 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Шигеллез.

2. Сағат саны: 2 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: шигеллез этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алуын үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.

  2. Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.

  3. Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.

Қосымша (Қ)

  1. Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.

  2. Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.

  3. ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.

  4. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет