Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ЖҰҚпалы аурулар пәні бойынша әдістемелік өҢдеулері мамандық


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин



бет7/23
Дата04.07.2016
өлшемі194.53 Kb.
#176583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 13,5 мин (15%)

  • ТУИ этиологиясын, эпидемиологиясын

  • Патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

  • Эпид.ерекшеліктерін

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)

  • Иерсиниоз этиологиясын, эпидемиологиясы

  • Патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

Ақпараттық-дидактикалық блок

Иерсиниоз – асқазан ішек жолдарының зақымдалуымен, токсико-аллергиялық симптоммен өтетін жедел инфекциялық ауру. Иерсиниоз қоздырғышы ішек бактериясының Enterobacteriaceae тобына қатысты. Қарапайым қоректік ортада жақсы өседі. Иерсиниоз қоздырғышы О және Н антиген түзеді. Эндотоксин бөледі. Қайнатқанда бірнеше секундта өледі, дезинфектанттарға сезімтал. Қоздырғыш табиғатта кең таралған. Резервуары болып топырақ, тағам өнімдері, су арқылы таралады. Инфекция көзі – үй жануарлары, жиі синантропты кеміргіштер. Науқастанған адам бактерия тасымалдаушы болып табылады. Негізгі таралу жолы – тағам арқылы. Ауру жас талғамайды. Маусымдылығы – күннің салқындаған уақытында.

Иерсиниоз – нәжіс-ауыз механизмімен берілетін, табиғи – антропургиялық, бактериалды, зоонозды жұқпалы ауру, интоксикация, қызба, бөртпе, асқазан-ішек, сүйек-буын жүйелерін зақымдаумен сипатталады, созылмалы түрде өтеді.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31,5 мин (35%)

Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру



11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 1,8 мин (2%)

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау



13. Үйге тапсырма беру – 1,8 мин (2%)

10 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Ботулизм.

2. Сағат саны: 2 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: ботулизм этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алуын үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клинкасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.

  2. Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.

  3. Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.

Қосымша (Қ)

  1. Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.

  2. Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.

  3. ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.

  4. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 13,5 мин (15%)

  • Иерсиниоз этиологиясын, эпидемиологиясы

  • Патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)

  • Ботулизм этиологиясын, инфекция көздерін

  • Патогенез, алдын алу шараларын

  • Емдеу, арнайы профилактикаларын

  • Эпид.ерекшеліктерін

Ақпараттық-дидактикалық блок

Ботулизм - өте ауыр инфекциялық ауру. Ол Cl. Botulinumнің токсиндері жайылған және қоздырғыш микробтың өзі бар тамақты қолдану салдарынан пайда болады. Ботулизм организмді уыттандырып, көбінесе орталық және вегетативтік жүйке жүйесінің басым зақымдалуымен сипатталады.



Этиологиясы. Ботулизм клостридиясы - анаэробты, жақсы қимылдайтын, спора түзетін таяқша. Оның ерекшелігі - ғылыми белгілі токсиндердің ішінде ең күшті нейротоксин түзетін қасиеті бар. Қоздырғыштың бірнеше түрлері бар: А,В,С,Д,Е,F,G. Адамдар үшін ең күшті патогенді токсиндер болып А,В,С түрлері саналады. Токсиннің әр түрге бөлінуі жасушада түзілетін токсиндердің антигендік құрылымының ерекшелігімен байланысты. Ботулизмнің қоздырғышы табиғатта кең тараған.оның тұрақты өсуі жерде (топырақта) болады, су, көкөніс, жеміс, тамақ арқылы адам мен жануарлардың, құстар мен балықтардың ішегіне түседі. Аталған объектілерде қоздырғыш химиялық және физикалық факторлардың әсеріне тұрақты спор түзеді. Ботулизм қоздырғышының вегетативтік түрі суға қайнатқанда 2-5 минуттың ішінде өледі. Кейбір штаммалардың спора түзетін түрлері, әсіресе А,В,С,F ыстыққа төзімділігі өте жоғары. Олар 1,5 сағат қайнатқанда өлмей, тек автоклавта ғана өледі. Ботулин токсині 70-80С-та жартылай ыдырайды. Ал қайнатқанда 5-15 минуттың ішінде толық ыдырайды.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі - анаэробты жағдайда сақталынып, бактериямен залалданған тағамдар, әсіресе қауіпті үйде консервіленетін (қозқұйрық, жеміс, жидек) тағамдар және ет өнімдері (колбаса, сүрленген ет, тұздалған балық т.б.). Жұғу механизміне байланысты аурудың 3 түрі бар: 1) тамақтан болатын ботулизм, 2) жарақат ботулизмі, 3) емшектегі балалар ботулизмі.

Патогенезі. Тағам арқылы түскен ботулотоксинді асқазан ішек жолында асқазан сөлі және басқа ферменттер ыдыратпайды, ол тез арада ішектің шырышты қабаты арқылы қанға сіңіп жүйке жүйесінің әр түрлі бөліктерін зақымдайды. Механизімінің негізінде ботулотоксин жүйке-бұлшықет түйіспелерін (синапстарын) зақымдап, қозудың жүйкеден бұлшық етке өтуін бұзады. Нәтижесінде ауруларда салдану пайда болады.

Клиникалық көрінісі. Жасырын кезең орташа 4-6 сағат, сирек кезде 2-5 және 7 күнге дейін созылады. Ауру гастроэнтериттік кезеңмен басталады: толғақ тәріздес іш ауруы, құсу, іш өту (жиілігі 5 рет) байқалады. Гастроэнтериттік кезең бірден неврологиялық кезеңмен алмасады.

Бөлек мүшелермен жүйелердің зақымдалуына байланысты ботулизмнің ағымын шартты түрде мынадай нұсқауларға бөлуге болады:

1. диспепсиялық бұзылу - ауыздың құрғауы, жұтынудың қиындауы, метеоризм, іштің қатуы, қатты, кейіннен сұйық тағамның жұта алмауы. 2. көздің көру қабілетінің бұзылуы - көздің қарауытуы, көз алдында тордың, тұманның пайда болуы, әдеттегі жазуды оқи алмауы, заттың екеу болып көрінуі кейіннен птоз (қабақтың жабылуы), анизокория (көз қарашығы көлемінің әртүрлілігі), мидриаз (көз қарашығының айқын кеңеюі және тұрақты болады), ішке қарай қылыйлану.

3. тыныс алудың бұзылуы - ауаның жетіспеушілігі, кеуденің қысылуы, үстірт демалу, дауыс өзгерістері (қырылдап мұрыннан сөйлейді).

Ауру тыныс алудың бұзылуымен басталса, көбінесе өлімге әкелуі мүмкін.

Аурудын клиникалык белгілері мен лабораториялық зерттеу нәтижесі арқылы диагноз қойылады. Науқастың қанында орташа лейкоцитоз, нейтрофилез және аурудың ауыр түрінде нейтрофилдердің жас түрлері анықталады.

Лабораториялық зерттеу кезінде аурудан алынған материалдардан (қаны, құсығы, аурудың ішін жуған судан) және қолданған тағамнан ботулотоксин табуға негізделген. Ботулизммен ауырған науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек.

Күтім ерекшеліктері. Ботулизм аурулары ерекше күтім мен байқауды талап етеді. Аурулар бұлшықет әлсіздігі мен неврологиялық бұзылыстарға байланысты өзін-өзі күте алмайды, сондықтан бөгде адамдардың көмегін қажет етеді. Алғашқыда бірнеше күндер бойы ауру қатаң төсек тәртібін ұстану керек. Зақымдалған жүйке қызметінің қалпына келуі бірнеше айға созылады.

Мейірбике аурудың тыныс алуын қадағалайды, егер жедел тыныс алу жетіспеушілігінің алғашқы белгілері пайда болса, ауруды тез арада жасанды өкпе желдендіруіне өткізу қажет.

Ботулизм ауруларында жұтқыншақ және көмекей бұлшықеттерінің салдануына байланысты олар өздігінен тамақтана алмайды. Егер аурулар сұйық тағамдарды жұта алмаса, оларды қан тамыр арқылы тамақтандыру керек. Жұтыну қызметі сақталынса да, тамақтандыру кезінде сақ болу қажет. Өйткені тағамның бөліктері тыныс алу жолдарына өтіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда аспирациялық пневмонияға әкелуі ықтимал.

Емі. Ботулинге қарсы антитоксиндік сарысу енгізеді. Ауру тудырған токсиннің түрі белгісіз болған жағдайда сарысудың барлық төрт түрін де егу қажет. Токсиннің түрі анықталғаннан кейін өзіне сәйкес сарысуды қолданады. Алғашқы рет бір емдік мөлшерді егеді. Ол үшін 10 мың ХБ (Халықаралық бірлік) сарысуының А түрін, 5 мың ХБ В түрін, 10 мың ХБ Е түрін егеді.

Алдын алу. Халық арасында санитарлық ағарту жұмысын өткізу керек (консервіленген тағамдардың дұрыс дайындау және сақтау ережелерін ұстану).
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31,5 мин (35%)

Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру



11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 1,8 мин (2%)

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау



13. Үйге тапсырма беру – 1,8 мин (2%)

11 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: А, Е вирусты гепатиттері.

2. Сағат саны: 2 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: А, Е вирусты гепатиттер этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алуын үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.

  2. Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.

  3. Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.

Қосымша (Қ)

  1. Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.

  2. Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.

  3. ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.

  4. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет