Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы ЖҰҚпалы аурулар пәні бойынша әдістемелік өҢдеулері мамандық


Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин



бет4/23
Дата04.07.2016
өлшемі194.53 Kb.
#176583
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 13,5 мин (15%)

  • А және В паратифтер клиникасы

  • А және В паратифтер күтім ерекшеліктерін

  • А және В паратифтер емін

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)

  • Шигеллездың этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алуын

Ақпараттық дидактикалық блок

Дизентерия жедел жұқпалы ауру, фекальдi-оралдi берiлу механизмi, шигелла тұқымдарының бактериясымен шақырылады, интоксикация симптомы және тоқ iшектiң дистомды бөлiктерiнiң зақымдалуымен көрiнедi.

Шигеллдердiң 4 түрi бар: Shigella disenterial, Sh Hexneri, Sh boydi, Sh sonnei.

Амебиаз – протозойлық ауру. Қоздырғышы E.histolytica. Аурудың негiзгi сипаты тоқ iшектiң ойықжара некроздық зақымдалуы, кейде терi мен генитамиялар зақым жүредi. Клиникалық белгiлерi полиморфты.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелердің алдына қойған мақсаты – балалардың өлімін азайту. Ол балалардың жұқпалы ауруларымен күрестің шаралар системасымен тығыз байланысты. Балалардағы жұқпалы аурулар бойынша өлімі жоғары болып тұр. Солардың ішінде жедел ішек инфекциялары бірінші орындардың біреуін алып тұр. Жыл сайын осы инфекциялардың 5 пайызы летальды болып аяқталады, әсіресе ерте жастағы балаларда. Сондықтан студенттердің балалардағы жұқпалы аурулар бойынша дайындықтың педиатрлардың профессионалдық деңгейінің көтерілуінің маңызды болып саналады.

Шигеллездар – Shigella тегінің микробтары шақыратын, қысқа уақытты жалпы интоксикациямен, асқазан-ішек жолдарының зақымдануымен өтетін ауру.

Жедел ішек инфекциялар ішінде 1/3 шигеллездар құрайды. Оның ішінде 1-3 айға дейінгі балалар 4-4,5%, 4 айдан 1 жасқа дейінгі балалар 6-8%, 1 жастан жоғары – 40%-тен аз емес, үлкен жастағы оқушылар – 70-80%.

Шигеллездерді кеш, өз уақытында дұрыс емдемесе, созылмалы колит, мальабсорбция синдромы, токсико-дистрофиялық жағдайлар дамиды.


10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31,5 мин (35%)

Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру



11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 1,8 мин (2%)

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау



13. Үйге тапсырма беру – 1,8 мин (2%)

6 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Сальмонеллез.

2. Сағат саны: 2 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: сальмонеллез этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.

  2. Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.

  3. Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.

Қосымша (Қ)

  1. Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.

  2. Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.

  3. ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.

  4. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.

7. Ұйымдастыру бөлімі - 6% - 5,4 мин.


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тізіммен тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру – 13,5 мин (15%)

  • Шигеллездің этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алу шаралары

9. Жаңа сабақты түсіндіру – 27 мин (30%)

  • Сальмонеллез этиологиясын, эпидемиологиясын, патогенезін, клиникасын

Ақпараттық-дидактикалық блок

Сальмонеллез – полиэтиологиялық iшек инфекциясы, кең тобымен шақырылады. Инфекция резервуарына ауыл шаруашылық жануарлары жатады: сиыр, шошқа, үйректер, т.б. Сальмонеллез - нәжіс- ауыз механизмімен берілетін, Enterobacteriaceae тегіне Salmonella тобына жататын қоздырғыштардың ішке түсуінен пайда болатын, клиникалық белгілері бактерия тасымалдаушылықтан бастап аурудың асқынған түрі сепсис пайда болуымен сипатталатын, тез өрбитін полиэтиологиялы, зооантропонозды, бактериалды жедел ішек жұқпалы ауру. Сальмонеллез көбіне тез өрбитін гастроэнтерит түрінде өтеді. Көп жылдар бойы бұл ауруды тамақтан улану тобына кіргізген. 1885 жылы американдық ғалымдар Д.Е.Salmon және T.Smith ауырған шошқаның денесінен алғаш рет Bacterium suispestifer қоздырғышын бөліп алды. Ал 1888 жылы G.Gaertner ауырған сиыр етінен және осы ауырған сиыр етін жегендіктен өлген адамның көк бауырынан B.enteritidis қоздырғыштарын бөліп алды. Сөйтіп G.Gaertner «еттен ұшыну» ауруының себебі бактериялар екендігін дәлелдеді. Ал кейінгі жылдары осы бактериялар тобына кіретін көптеген қоздырғыштар ашылып, сипатталып жазылды. Қоздырғыштарды алғашқы ашқан ғалымның құрметіне сальмонелла деп аталды, ал осы қоздырғыштар қоздырған ауруларды сальмонеллез деп атады. Қазіргі кезде сальмонеллез кеңінен таралған аурулардың бірі, ішек инфекцияларының ішінде 30-40% құрайды. Әлемдегі халықтың 5-10% сальмонеллез қоздырғыштарын жұқтырғын, әсіресе экономикасы дамыған елдерде жиі кездеседі. Бұл орталық тамақтандыру мекемелерінің өнімдерін жиі пайдаланумен, экспорт-импорттың өсуімен, халықаралық қатынастың жиіленуімен, антибиотиктерді жиі қабылдаумен, бактерия тасымалдаушылар санының көбеюімен байланысты. Salmonella тобының қоздырғыштары Enterobacteriacea туыстығына жатады. Salmonellaлар грам теріс, спора түзбейтін, майда таяқшалар. Жай қоректік ортада жақсы өсіп-өнеді. Құрамында соматикалық ыстыққа төзімді О-антигені және талшықты ыстыққа төзімсіз Н-антигені бар.



Күтім ерекшеліктері. Сальмонеллезбен ауырған науқастардың күтімінде санитарлы-гигиеналық заңдарды сақтап және ағымды дезинфекцияны жүргізу маңызды жағдай болып табылады. Науқасты үй жағдайында күту болса осы жоғарыда айтылған ережелерді қатаң сақтау қажет.

Науқасқа медбике ауыруының бірінші күндері, әсіресе интоксикация, сусыздану және асқазан-ішек трактісінің бұзылыстары кезінде аса көңіл бөлу керек. Төсектік режим науқасқа сальмонеллездің ауыр ағымында, жедел кезеңінде тағайындалады (көбінесе 1 – 3 күн). Медбике науқастың нәжісін, оның жиілігін және сипатын бақылап, ауру тарихына тіркеп отыруы керек. Ал, сальмонеллездің гастроинтестинальді түрімен ауырған науқастарда сусыздану дамығандықтан диурездің көлемінде есептеп тұру қажет. Стационарда науқастың су жоғалтуын әрбір 2 сағат сайын нәжісті, несепті және құсық массаларының көлемін есептеу арқылы жүзеге асады. Науқастың нәжісі толық қалпына келмей, тек судноға немесе горшокқа отыруы керек. Төсектік режимдегі ауыр науқастарға судномен қамтамасыз етіп, медбике науқастың жамбасының тазалығын және тік ішекті жылы сумен сабынмен жуып, құрғату міндетті. Егер бұл процедура жасалмаса ауыр науқастарда тік ішектің аймағы тітіркеніп терісінің мацерациясы байқалуы мүмкін.



Емі. Сальмонеллездің гастроинтестинальді түрімен ауырған жағдайда біріншіден жылдамырақ асқазанды калий перманганатын немесе 3% натрий гидрокарбонатымен жуу керек (аурудың бірінші 12 сағатында). Асқазанды жуу таза су жуындысы болғанша жүргізеді.

1.Диета № 4 үстел, ал науқастың жағдайы жақсарып, нәжісі қалыптасқаннан кейін № 2 үстелге, және жалпыға ауыстырылады.

2. Этиотропты ем аурудың даму барысында бактериалді токсиндер басты роль атқарғандықтан сальмонеллездің гастроинтестинальді түрінде жүргізілмейді. Антибактериалді ем аурудың жайылмалы түрінде көрсетілген.

Сальмонеллезді емдеудегі маңызды орын су-электролитті балансты (регидратациялық) қалпына келтіру және интоксикациямен күресу (дезинтоксикациялық) болып табылады. Бұл мақсатта глюкозды-тұзды ерітінділер «Регидрон», «Оралит», «Цитроглюкосолан» және т.б. Дезинтоксикациялық мақсатта «Квартасоль», «Оактосоль», «Трисоль», «Хлосоль».


10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы – 31,5 мин (35%)

Өзіндік жұмысты орындау үшін қажетті материалдар мен тапсырмалар беру



11. Жаңа тақырыпты бекіту – 9 мин (10%)

12. Сабақты қорытындылау – 1,8 мин (2%)

Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау



13. Үйге тапсырма беру – 1,8 мин (2%)


7 сабақ

1.Сабақтың тақырыбы: Тырысқақ.

2. Сағат саны: 2 сағ. 200 мин. (100%)

3. Сабақ түрі: түсіндірмелі, аралас сабақ

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: тырысқақ этиологиясын, эпидемиологиясын, клиникасын, патогенезін, алдын алуын үйрету

тәрбиелік: жеке бас гигиенасын сақтауға, ұқыптылықты, тәртіп сақтауға тәрбиелеу

дамыту: гигиенаның дағдыларын, болашақ мамандық қызығушылығын дамыту

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: Даумед клиникасы №1 бөлме, №2 бөлме.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Инфекционные болезни и эпидемиология: учебник. Покровский В.И., Брико Н.И., Данилкин Б.К., Пак С.Г. – 2-е изд, -М., ГЭОТАР-Медиа, 2008г.

  2. Инфекционные болезни: учебник для медучилищ. Антонов Т.В. – 2000г.

  3. Инфекционные болезни с эпидемиологией. Муратбеков С.К., Лученко Н.В., Юрашик Л.Н., издательство «Арман-ПВ», 2003г.

Қосымша (Қ)

  1. Атлас детских инфекционных заболеваний/под ред. К.Дж.Бэйкер; пер. с англ. под ред. В.Ф.Учайкин – М., ГЭОТАР-Медиа, 2009 г.

  2. Атлас детских инфекционных заболеваний: пер. с англ. под ред. В.В.Малеева, Д.В.Усенко, Эмонд Р.Т.Д., Уэлсби Ф.Д., Роулэнд Х.А.К. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2001г.

  3. ВИЧ-инфекция и СПИД. Клинические рекомендации/под ред. В.В.Покровского. -2-е изд., перераб. и доп. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2010г.

  4. Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии. Рубашкина Л.А. – 2002 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет