Жүрегі ауру адамда ЖҰТ-сі көбінесе сыртқа қарай ығысады. Ол сол қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясына байланысты болады. Осы жағдайда жүрек ұшы түрткісі VІ қабырға аралықта бүғана орта сызығынан сыртта анықталуы мүмкін.

Кейде ЖҰТ-ң күшінің және биіктігінің артуы да, сол қарыншаның гипертрофиясы және дилатациясына байланысты болады.
ЖҰТ сезілетін аймақтың диаметрі 2 см2-тан кем болса, ондай түрткі шектелген деп, ал одан артық болса, жайылмалы деп аталады. Амплитудасына қарай ЖҰТ биік немесе төмен болуы мүмкін. Бұл жүректің соғу күшіне байланысты.
Жүрек ұлғайған сайын жүректің тығыздығы артып, ЖҰТ серпімділігі жоғарылайды.

Қолқа қақпақшаларының ақауынан, бүйректің созылмалы ауруларынан ұлғайған жүрекке - жайылмалы, биік, қатты әрі серпімді ЖҰТ тән.
Сол қарыншасы кеңейген әрі ұлғайған жүректі пальпациялағанда, ЖҰТ қатты, серпімді, күмбез сияқты болады, сондықтан ондай түрткі күмбез тәрізді түрткі деп аталады.
Оң қарынша гипертрофияланғанда, жүрек аневризмасында ІІІ-ІV қабырға аралықтарда сол жақтан төс қырында пульсация анықталуы мүмкін – жүрек түрткісі (соққысы) деп аталады.
Ірі тамырлардағы систолалық дірілді анықтау үшін, төс сүйегінің жоғарғы бөлігіне мойынтырық ойығынан төменірек алақанды көлденең қойып, төс тұтқасын және оның екі жағын қолмен сезінеді. ІІ қабырға аралықты сипағанда оң жақта (қолқа аневризмасында) қолқаның, ал сол жақта өкпе артериясының пульсациясын (кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясында) табуға болады. Қолқа сағасы тарылғанда систолалық діріл төс тұтқасынан немесе оның оң жағынан, ал өкпе артериясы тарылғанда және артериялық (боталлов) өзек жабылмай қалғанда - төстің сол жағынан сезіледі.