Пульс жиілеуін – тахикардия (90-нан жоғары болса) деп атайды. Пульс сиреуін – брадикардия (60-тан төмен болса) деп атайды. - Пульс жиілеуін – тахикардия (90-нан жоғары болса) деп атайды. Пульс сиреуін – брадикардия (60-тан төмен болса) деп атайды.
-
- Пульсті анықтаудағы қажетті жағдайлар:
- - артерия тері астына жақын (беткей) жатуы керек.
- артерия сүйекке жақын жатуы керек.
- пульсті барлық беткей сүйекке жақын жатқан артериялардан анықтауға болады, (самай, ұйқы, білезік, сан, тізе арты, бақай артериялары) негізінен қасиеттерін білезік артериясынан анықтап сипаттайды .
Анықтайтын қасиеттері: - Анықтайтын қасиеттері:
- Синхрондылығы – оң және сол жақта тамыр соғуы бірдей болады.
- Жиілігі (60-90 рет қалыпты жағдайда жүрек соғуына сәйкес).
- Ырғағы (дұрыс ырғақты) - әрбір соғу аралығы бірдей болу керек.
- Кернеуі – білезік артериясын саусақпен басып, ондағы пульс толқынын жою үшін қажетті күш көлемі арқылы анықталады. Гипертонияда ол қатты, ал гипотонияда – жұмсақ болады.
- ● Толықтығы – артерияны басып тұрып, жібергенде толуы тез болса, ол толық, яғни ол жүректің қолқаға айдайтын қан көлеміне байланысты, жеткілікті мөлшерде болса толық, ал қанның мөлшері аз болса, онда әлсіз (бос) болады.
- Көлемі - қанның систолалық көлемі жоғары, артериядағы қысымның мөлшері өте ауытқыған, артерия іргесінің серпімділігі төмен жағдайда пульс толқыны ұлғайып, көтеріледі - бұл көлемі үлкен пульс.
Систолалық қан көлемі төмендегенде артериялық қысымның деңгейі аз мөлшерге ауытқып, олардың іргелерінің серпімділігі артады, қансырағанда пульстің көлемі кішірейеді – кіші пульс болады. Ол жіңішке жіп тәрізді, сыздықтағандай әсер туғызады. - Систолалық қан көлемі төмендегенде артериялық қысымның деңгейі аз мөлшерге ауытқып, олардың іргелерінің серпімділігі артады, қансырағанда пульстің көлемі кішірейеді – кіші пульс болады. Ол жіңішке жіп тәрізді, сыздықтағандай әсер туғызады.
- Пульс тапшылығы – жүрек ырғағы бұзылғанда пайда болады. Жыбыр аритмиясында жүрек соғу саны мен тамыр соғу саны бірдей болмайды, пульс саны кем болады.
Достарыңызбен бөлісу: |