Пульс жиілеуінің себептері: - Пульс жиілеуінің себептері:
- Жүректен тыс себептерге жататындар:
- Дене қызуы көтерілгенде, 10С-қа көтерілуі жүректің соғу жиілігін 1 минутта 8-10 соққыға жиілетеді.
- Невроздар. Симпатикалық нерв жүйесінің тонусы жоғарылауынан жүректің соғуы жиілейді.
- Тиреотоксикоз - қалқанша безінің функциясы күшеюінен, оның гормондары жүрек соғуын жиілетеді.
- Анемиялар. Қан азаюына байланысты компенсациялық реакция жүреді.
- Дәрі-дәрмектермен улану (кофеин, никотин т.б.).
-
Жүрек ауруларынан: - Жүрек ауруларынан:
-
- Эндокардиттер, миокардиттер және перикардиттерде жүрек соғуының жиілеуі қабыну заттарының әсерінен болады.
- Қан айналысының бұзылуы.
- Ұстамалы тахикардия (жүрек аритмиясының бір түрі).
- Қолқа қақпағының жетіспеушілігі.
Пульс сиреуінің себептері: - Пульс сиреуінің себептері:
- Патологиялық жағдайда жүректен тыс себептерден:
- Кезбе нервтің тонусын күшейтетін жұқпалы аурулар.
- Сарғаюдың кейбір түрлерінде - өт қышқылының кезбе нервті қоздырады.
- Бас сүйегі ішіндегі қысымның көтерілуінен кезбе нервінің орталық жүйесінің қозуы.
- Дәрі-дәрмектермен улану (дигоксин, хинин), қорғасын, никотинмен улану. Бұл кезде жүректің өткізгіш жүйесінің жұмысы бұзылады.
- Кахексия.
- Плевра және іш қуысынан аз уақыт ішінде мол көлемде сұйықтық алу (n.vagus рефлекторлы түрде қозуынан).
- Микседема (зат алмасудың азаюы).
Пульс сиреуінің жүрек-тамыр жүйесі жағынан болатын себептері: - Пульс сиреуінің жүрек-тамыр жүйесі жағынан болатын себептері:
- Толық атриовентрикулярлық блок. Импульс синус түйінінен жүрек қарыншаларына жетпейді. Сондықтан қарыншалар Ашоф-Тавар түйінінен шыққан импульстің әсерінен қозады.
- Қолқа сағасының тарылуы. Кедергі әсерінен қанды айдау уақыты ұзарады.
- Қан қысымының тез жоғары көтерілуі, не тез төмен түсуі.
- Синус ырғағының әлсіздік синдромынан.
Достарыңызбен бөлісу: |