Жүрек-қантамырлар жүйесі



бет3/9
Дата02.01.2022
өлшемі24.16 Kb.
#454467
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жүрек,қантамырлар жүйесі

Автоматизм қызметіне синоатриалды түйін және жүрекшелер мен қарыншалардың өткізгіштік жүйесі қатысады. Сырттан ешқандай тітіркеніс әсер етпесе де, синоатриалды түйінде қозу туады, бұл – түйін автоматиясы, мембраналық потенциалдың (МП) өздігінен әрекет потенциалына айналуының нәтижесі.

Жүрек жұмысы қанның үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін жүрекшелер мен қарыншалардың жүйелі жиырылуы мен босансуынан тұрады. Жүрек біз жұмыс істейміз бе, демаламыз ба немесе ұйықтаймыз ба, оған қарамастан өмір бойы, үздіксіз жұмыс істейді. Бұл біздің санамыздан тыс, автоматты түрде жүреді.

Үш автоматизм орталығы болады:

1. Бірінші реттік автоматизм орталығы — бұл минутына 60-80 рет жиіліктегі электр импульсін тудыратын СА түйіні.

2. Екінші реттік автоматизм орталығы – бұл минутына 40-60 рет жиіліктегі электр импульсін тудыратын АВ-қосылыс (АВ түйінінің Гис шоғырына және жүрекшенің төменгі бөлігіне өтетін аймақ), сонымен қатар Гис шоғыры.

3. Үшінші реттік автоматизм орталығы – соңғы бөлім, Гис шоғырының аяқшалары мен тармақтары. Ол автоматизмнің төмеңгі қызметін атқарады, минутына 25-40 жиіліктегі электр импульсін тудырады.

Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды кан тамырларына қуалау. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы мен босаңсуы арқылы аткарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола, босаңсуын — диастола деп атайды. Жүрек еттерінің бір рет жиырылып босаңсуын және тыныштық кезеңімен өтуін жүрек айналымы немесе жүрек циклі дейді. Жүрек циклі жүрекшелердің жиырылуынан басталады. Жүректің қызметі дегеніміз - жүрек циклінің үш фазасы: құлақшаның жиырылуы, қарыншаның жиырылуы және жүректің жалпы босаңсуының ырғақты түрде алмасуы.

Жүрек циклінің жалпы ұзақтығы шамамен 0,8 секунд. Жүректің жалпы босаңсу фазасына 0,4 секундтай уақыт кетеді. Жиырылу аралығындағы мұндай тынығу жүрек бұлшық еттерінің жұмысын толық қалпына келтіруге жеткілікті болады



Жүрек қызметінің реттелуі

Жүректің жиырылу жиілігі мен күші организмнің сыртқы және ішкі орта жағдайларына байланысты. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші артса, белгілі уақыт бірлігінде тамырлар жүйесіне қан көбірек айдалады. Жүректің жиырылуы баяулап әлсіресе, организмнің қан тамырларына келетін қан мөлшері кемиді.Сөйтіп, денеде барлық мүшелердің қанмен жабдықталуы өзгереді. Жүрек қызметі автономиялы нерв жүйесінің қатынасында рефлекторлы жолмен өзгеріп отырады. Парасимпатикалық нервтер арқылы келетін импульстер жүректің жиырылуын баяулатып әлсіретсе, симпатикалық жүйкелер арқылы келетін импульстер оны күшейтіп, жиілетеді. Гуморальдық реттелу жүректің жиырылуын күшейтіп, жиілететін бүйрек безінің гормонын жиілететін адреналинге, кальций тұздарына және басқа биологиялық әрекетшіл заттар жүрек қызметіне қарама-қарсы әсер етеді. Нервтік және гуморальдық жолмен реттелуі жүрек әрекетінің қоршаған орта жағдайларында өте дәл бейімделуіне мүмкіндік береді. Дене еңбегін атқарған кезде, бұлшық еттерден, сіңірлерден шығатын импульстер жүрек қызметін реттеп отыратын орталық нерв жүйесіне келеді. Бұл симпатикалық нервтер бойымен жүрекке келетін импульстер ағынын күшейтеді. Сонымен қатар қандағы адреналиннің шамасы артады. Жүректің жиырылу жиілігі мен күші көбейеді.Жүрек жиырылу жиілігінің баяулауын брадикардия, тездетуін тахикардия дейді.



Жүректің жұмысының диагностикасы

Жүрек жұмысы өр түрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен бейнеленеді. Жүрек еттері жиырылған кезде жүрек өз есінде бұрылып, көкірек кабырғасына соғылады. Осы кұбылысты жүрек кағуы деп атайды. Адам мен итте кеудені жұрек ұш жағымен қақса, малда - бүйір бетімен кағады. Жүрек кағуын арнаулы құрал - кардиограф аркылы тексереді. Кан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде әлсіз тербеліс туады. Оны арнаулы баллистокардиография әдісімен зерттейді. Бұл әдіс жүрек еттерінің жиырылу күші мен оның әр түрлі бөліктерінің жиырылуындағы үйлесімдікті зерттеуге мүмкіндік береді. Жүрек жұмысы кезінде дүбір (әр түрлі дыбыстар) пайда болады. Оларды аускультация (тыңдау) әдісімен стетоскоп, не фонендоскоп арқылы, немесе арнаулы аспаппен жазыл (фонокардиография) зерттейді. Жүрек дүбірін I жене II негізгі, III, IV, V, қосымша дыбыска бөледі. 1 - дыбыс төмен, бәсен, созылыңкы, көмескі келеді. Ол систрола кезінде пайда болады да, систолалык дыбыс деп аталады және ЭКГ - ның 5 тісшесімен сәйкес келеді. Бұл дыбыс жармалы какпақшалардың жабылуының және карынша еттерінің жиырылуынын салдарынан лайда болады. Екінші дыбыс күшті, ашык, жоғары, келте, соңында күрт үзіледі. Оны диастолалық дыбыс деп атайды, ЭКГ-ның Т - тісшесіне сай келеді. Диастолалык дыбыс жүрекше еттері босаңсып, айшық какпакшалар жабылған кезде пайда болады. III дыбыс - әлсіз, сирек толкын ретінде карыншанының жыддам толу сатысында пайда болады. IV дыбыс сирек естіледі. Ол жүрекшелердің жиырылуы кезінде пайда болады, дыбыс сирек толқын ретінде II дыбыс естілген соң 0,3 секундтан кейін байқалады. Онын табиғаты әлі күнге дейін аиықталған жок. Бұл соңғы үш дыбыс ете әлсіз болғандықтан тек фонокардиография әдісімен ғана зерттеледі. Жүрек какпакшаларының жұмысы бүзылса, бұл дыбыстар өзгсріп, қосымша дыбыстар - әр түрлі шулар естіледі.



Қан тамырлары

Қан тамырлары аркылы ғана байланысатын оң және сол бөліктерден тұрады. Қан тамырлар – жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет