Өткізгіштік –қозуды өткізу. Жүректің өткізгіштік жүйесі 2 түйіннен тұрады. Бірінші реттік автоматизм орталығы – СА түйіні. Екінші реттік автоматизм орталығы – бұл АВ-қосылыс (АВ түйінінің Гис шоғырына және жүрекшенің төменгі бөлігіне өтетін аймақ), сонымен қатар Гис шоғыры.
Жиырылғыштық –қозу кезінде қысқару қабілеттері. Жүрек жұмысы үш кезеңнен: жүрекшелердің жиырылуы, қарыншалардың жиырылуы, үзіліс жүрекшелер мен қарыншалардың бір мезгілде босаңсуы. Үзіліс кезінде екі жүрекше де вена қанымен толады да, қан қарыншаларға еркін өтеді. Үзілістен кейін екі жүрекше де жиырылып, барлық қан қарыншаларға барады.Бұл кезең, шамамен, 0,1 с-қа созылады да, содан кейін жүрекшелер босаңсиды. Қарыншаға түскен қан жүрекше қақпақшаларын төменгі жағынан қысады да, олар жабылады. Екінші кезеңде, екі қарынша да жиырылған кезде олардың қуысында қан қысымы артады да, қан қолқа мен өкпе артериясына барады. Кезең 0,3 с-қа созылады. Содан кейін қарыншалар босаңсып, жүректің барлық бұлшық еті босаңсиды, яғни жүрек жалпы босаңсиды – үзіліс 0,4 с-қа созылады. Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезең жүрек циклі деп аталады. Әрбір жиырылудан кейін жүрекшелер мен қарыншалар бұлшық еті аз уақыт демалады. Бұл жүрек бұлшық етінің күшін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Салыстырмалы тыныштық күйінде жүрек минутына 70-72 рет жиырылады. Бұл уақытта 4 л –ден көп , тәулігіне 10 мың л-ден артық қан айдайды. Жүрек циклына арналған уақыттың жартысы жиырылуға, ал калған жартысы босаңсу мен үзіліске кетеді. Сондықтан жүрек әрбір циклде жұмыс істеп те, дем алып та үлгереді. Сол себептен жүрек өмір бойы талмай-шаршамай қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |