Жүрек-қантамырлар жүйесі



бет6/9
Дата02.01.2022
өлшемі24.16 Kb.
#454467
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жүрек,қантамырлар жүйесі

Күретамырлар (лат. arteria) - қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларга тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі күретамырлары бар. Оң жақ қарыншадан басталатын - өкпе күретамырлары ішінде көктамыр қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын - қолқа күретамыры (аорта) ішінде күретамырлар қаны. күретамырлар жақтауы 3 кабаттан тұрады: сыртқы қабаты - дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты - бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты - жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. күретамырлары жақтауы қалың әрі серпімді. Олардың сыртқы қабаты беріктік, серпімділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпімді талшықтар мен бірыңғайсалалы бұлшыкеттерден тұрады. Бұлшыкеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша беріктік қасиет береді. Ірі артерия қантамырларымен ағатын қанның кысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпімді болуының маңызы өте зор. күретамырлары бұлшыкеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі күретамырлары - қолқа көктамыры (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын күретамырлары тармақтанып, жіңішке қылтамырларға айналады.

Көктамырлар (лат. vena) — мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. күретамырына ұксас көктамырлардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Күретамырға қарағанда көктамырлардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсақ, серпімділігі аз болады. Көктамырлар бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Күретамырларға қарағанда көктамырларда қан козғалысы баяу. Көктамырлар орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Көктамырлар канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын көктамыр қаны, алдымен ұсақ көктамырларға жиналады. Ұсақ көктамырлар өзара қосылып, ірі көктамырлар түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын көктамырлар жоғары және төменгі қуысты көктамырларға айналады. Бұл екі көктамырлар көктамыр қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.

Өкпеден келетін 4 өкпе көктамырлар сол жақ жүрекшеге күретамыр қанын тасиды.



Қылтамырлар (ағылш. Capillary) адам шашынан 50 есе жіңішке болады. Қылтамырлардың жақтаулары өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Қылтамыр жақтаулары 3 қабат: ішкісі, эндотелиальдық ортанғысы, базальдық, сырткысы адвентициальдық. Бұл қабаттар әртүрлі ағзалармен қан арасыда және басқадай заттар алмасуын қамтамасыз етеді. Олардың кабырғалары өте жүқа болғандықтан, еріген қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен қылтамырлар бірде кеңейіп, бірде тарайып отырады. Қылтамырларда қан қысымы күретамырларға қарағанда төмен болады.

Қылтамыр қан және лимфа қылтамырлары (капиллярлары) болып бөлінеді. Лимфа қылтамырлары — тым жүқа қабырғалы лимфа тамырларының бастамасы. Лимфа қылтамырларының арнасы (5 мкм - 100 мкм) мүшелердегі атқаратын қызметтеріне байланысты өзгеріп отырады. Олардың қабырғалары да жалаң қабат жалпақ келген эндотелиоциттерден тұрады. Бірақ, эндотелий мен оны сыртынан қоршап жатқан борпылдақ дәнекер ұлпасының коллаген талшықтарының арасында негіздік жарғақ болмайды. Сондықтан, лимфа қылтамырлары арнасы қан қылтамырларына қарағанда кең де, созылмалы болып келеді және оларды қоршаған ұлпа сұйығы мен қылтамырлар арасындағы зат алмасу процесі жеңіл жүреді.

Адам денесінде қан тарататын тамырлардан екі тұйық жүйе - үлкен және кіші қанайналым шеңбері түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет