Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет134/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136
құрылыс машиналары кітабы

Шпонка — білік пен күпшекті біріктіретін деталь, оған кигізілген деталь білігі 
мен күпшегінің қиығы бір мезгілде салынады.
Штампталған дайындамалар — дайын деталь формасына барынша сәйкес 
келетін, штамп түрінде әзірленетін дайындамалар.
Штангентереңдік өлшегіш — ойықтар, тесіктер, шығыңқы жерлер биіктігін 
өлшеуге арналған штангенаспап.
Штекер — электр тізбегіне (желісіне) қосуға арналған бір істігі бар штепсель 
түрі.
Штепсель — сыммен жалғастырылған штепсель розеткасы мен штепсель 
ашасынан тұратын, жылжымалы электр аппараттарын (үстел шамы және т.б.) 


электр желісіне уақытша қосуға арналған құрал.
Штифт — машинаның екі деталін қозғалмайтындай етіп біріктіруге немесе 
жинау кезінде детальдарды бекітуге арналған цилиндрлік немесе конустық өзек.
Штихмасс — көршілес детальдар арасындағы сызықтық өлшемдерді өлшеуге 
арналған аспап. 
Шток — іргелес детальмен біріктірілген және осы детальдың ұзына бойына 
орналастырылған цилиндрлік өзек.
Штуцер — құбыр желісіндегі сұйықтық немесе газды ағызуға арналған
құбыр желісіне орнатылған біріктіруші қысқа жең (құбыр кесіндісі).
Шұра — құбыр желісі бойымен сұйықтықтың қозғалысын реттеуге арналған 
тиекті құрылғы; пневмомашина камерасындағы ауаны камераға үрлеп, ауаның кері 
шығуына кедергі жасайтын құрал.
Щупбір жиналмалы бірлікке кіретін, іргелес детальдардың арасындағы 
саңылаулардың көлемін өлшеуге арналған бақылау-өлшеу құралы.
Ыстық соққы — металл созылымдылығын арттыру үшін дайындаманы 
ысытып соғу.
Ілініс — қозғалтқыш пен беріліс қорабының арасындағы іліністі басқарылатын 
муфта.
Іштен жанатын қозғалтқыш — отынның газ түріндегі жану өнімдерінің 
кеңею әрекетін механикалық энергияға айналдыратын машинаның құрамдас бөлігі, 
энергия трансмиссия және жұмыс тетіктері арқылы машинаның жұмыс 
органдарына беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет