Жүргізу о қулық


Топырақ  — жер қыртысының құнарлы үстіңгі қабаты. Төзімділік



Pdf көрінісі
бет131/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136
құрылыс машиналары кітабы

Топырақ  — жер қыртысының құнарлы үстіңгі қабаты.
Төзімділік — материалдар мен машина құрылымдарының қирап қалмай
жүктемеге шыдау қасиеті.
Төзімділік — бұйымның техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің бекітілген 
жүйесі кезінде шекті жағдайға жеткенше жұмысқа қабілеттілігін сақтау қасиеті.
Төлке  — іргелес детальдар үшін осьтік тесіктері бар айналатын дене деталі.
Тығыздама — жылжымалы және жылжымайтын детальдар арасындағы 
саңылауды герметизациялайтын, жұмсақ (киіз, резина) немесе қатты (графит) 
тығыздама.
Тығыздау — машина детальдары арасындағы саңылаулар арқылы 
сұйықтықттың, бу немесе газдың ағып кетуінің алдын алатын немесе азайтатын 
және детальдарды шаң, кір, ылғалдан қорғайтын деталь немесе құрылғы.
Тісті беріліс — екі тісті тістегершіктен құралған, айналыс кезеңін бір біліктен 
келесі білікке беруге арналған құрылғы.


 
Улылық — түрлі қоспалардың улағыш қасиетінің дәрежесі.
 
Ұнтақ қосылған сым — ұнтақ түріндегі заттармен толтырылған, металл 
қабаты бар дәнекерлеу сымы.
Ұстаным — бекітілген жиналмалы бірліктің жөнделіп жатқан машинаның 
құрамдас бөлігінің қозғалмайтын базасына қатысты тұрақтандырылған орны.
Ұстағыш  — аспапты станокке орнату және бекіту үшін қолданылатын бөлігі.
Ұтқырлық — машина мен тетіктердің қолданысқа жылдам енгізуге, бір 
нысаннан екінші нысанға ауысуға, жеделдетілген монтаж бен демонтажға
қолданатын нысандағы жұмысқа дайындығы қабілеті.
Ұя — детальдағы тұйық тесік.
 
Үлгі — машинаның орындалуы, ол арқылы машинаның осыған ұқсас түрлері 
туралы түсінік қалыптасады.
Үлгі — әріптен мен сандардан тұратын машина үлгісін белгілеу, ол 
машинаның типін (түрін). Орындалу мен техникалық мүмкіндіктерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет