Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет70/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

7.6.2. Катканы жөндеу
 
Катканы ағымдық жөндеу (2.2-тарауша) профилактикалық 
жоспарлы алдын-алу шарасы болып табылады және мына кезеңдерді 
қамтиды:

машинаны ішінара бөлшектеу;

оның құрамдас бөліктері мен жиналмалы бірліктерін қарау,
олардың элементтерінің техникалық жағдайын бақылау;

ақаулықты жою;

майланатын жерлерді тазарту;

жұмыс сұйықтығы мен майды ауыстыру;

ескірген детальдарды қалпына келтірудің ақаулық ведомосін құру;

істен шыққан элементтердің (электр жабдығы, мойынтіректер,
құбыр желілері, салқындатқыш контурлар және т.б.) орнына жаңа
жиналмалы бірліктерді орнату;

машинадағы ақаулықтарды жою;

детальдар мен жиналмалы бірліктерді қалпына келтіру және
ескіруінің алдын-алу.
Ағымдық жөндеу нәтижесінде нысандардың негізін тығыздау
жөніндегі жұмыстар сапасының нормалары бойынша катканы мақсатқа 
сай үздіксіз пайдалану қамтамасыз етіледі.
Ағымдық жөндеуді қозғалтқыш сөніп, катка балшық пен 
реагенттерден тазартылған, ыдыстардан ылғалдаушы сұйықтық пен 
май төгілген, жұмыс сұйықтығы ыдыстарға (бактерге) құйып алынған, 
ал катканың өзі құрамдас бөліктерімен бірге жұмысты қауіпсіз 
орындауды қамтамасыз ететін жағдайға келтірілген кезде жүргізеді. 
Катканы ағымдық жөндеудің технологиялық үдерісін оның 
құрамдас бөліктерін мына ретпен бөлшектеуден бастайды:

машинистің жұмыс орнымен бірге кабинаға демонтаж жасайды,
алдымен кабинаны рама негізінен босатып алады;

электр жабдығы сымдарының ұшын ажыратады, басқару тұтқасына
демонтаж жасайды;

жанармай жүйесі құбыр желілері мен гидрожабдықты бактерден


ажыратады, оларды алады;

білікті (пневмодөңгелек) ылғалдандыру мен тазарту жүйесіне
демонтаж жасайды;

білікті айналдыру гидроцилиндрлерін ажыратады және оларды
тазалықта сақтау үшін сөреге орналастырады;

күш құрылғысының (қозғалтқыштың) рамасын негізгі жетекші
рамадан ажыратады және күш құрылғысы модулін еденге төселген
ағаш төсемдерге түсіреді;

күш құрылғысы рамасын біліктердің біреуі жағынан тежеуді
жүргізеді және оның бөлігін төсемдерге түсіреді;

осы операцияны өзге білікпен де жүргізеді, раманы арнайы бөлінген
орынға қояды;

пневмодөңгелекті білік жетегінің планетарлық редукторы бар
тірегін жүкті қармау құрылғысымен ұстап тұрып, оны ажыратады,
еденге қойып, бұрандамасын босатады, гидромоторды алады;

осы операцияны екінші пневмобілікті бөлшектеу үшін орындайды;

тұншықтырғышты түтігімен бірге ажыратып, күш құрылғысын
рамадан шығарады;

сорғы стансасына демонтаж жасайды, оны алдымен қозғалтқыш
сермерінің картерінен ажыратады.
Ағымдық жөндеудің технологиялыұ үдерісі осымен аяқталады.
Бұдан кейін жөндеу жұмыстары алынған құрамдас бөліктер мен 
жиналмалы бірліктерді ақаулық ведомосіне сәйкес детальдардың 
жекелеген жиынтықтарына бөлу үшін жүргізіледі. Тозған детальдарды 
қалпына келтіреді, жөнделген құрамдас бөліктердің жұмысқа 
қабілеттілігін арнаулы стендіде тексереді.
Катка бөліктерін жинау оларды бөлшектеуге қарсы ретпен, бірақ 
технологиялық талаптар қатарын сақтау арқылы жүргізіледі:

үйкелетін үстіңгі беттер мен бұрандалы біріктірулерді жинау
алдында майлайды;

металл құрылымдарының дәнекерленген жіктерінде жарық, күйген
жерлер, кеуектік жоқтығын тексереді;

орнату алдында гидроконтур құбыр желілері арқылы қысымды ауа
жібереді.
Ағымдық жөндеуден кейін машинаны алдан-ала әзірленген
бағдарлама бойынша сынақтан өткізеді.
Күрделі жөдеуді МС 2.602—2013 «КҚБЖ. Жөндеу құжаттары» 
және МС 2.604—2000 «КҚБЖ. Жөндеу сызбалары. Жалпы талаптар» 
стандарттарына сәйкес жөндеу құжаттары бойынша орындайды. МС 
24408—80 «
Құрылыс машиналарына техникалыық қызмет көрсету мен 
жөндеу жүйесі. Күрделі жөндеуге тапсыру және күрделі жөндеуден 
шығару ережелері. Жалпы талаптар» стандартының талаптары да 
назарда ұсталуы тиіс.


Күрделі жөндеу құрамдас бөліктерді толық бөлшектеу мен 
ақаулықтан арылту, жабысқан балшық пен реагенттерден тазарту, 
тозған жиналмалы бірліктер мен қозғалтқышты ауыстыру, біліктерді 
ажырату (жаңамен ауыстыру), жөнделген жерлерді бояумен бірге 
орындалады. Жөнделген машиналар күрделі жөндеуге тапсырған 
иелеріне қайтарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет