16
өшіріп, стартерді қосу кілтін ұясынан шығарады, пневможүйенің ауа
баллондарынан конденсаттың ағызылуын қамтамасыз етеді, кабина
есігін кілтке құлыптайды.
Қолдану базасындағы
машинистің жұмыс орны жоғары өнімді мен
қауіпсіз еңбек қызметін қамтамасыз ететін шарттары болатындай
ұйымдастырылуы тиіс. Барлық материалдар мен саймандар нақты
тәртіпте орналастырылады. Жұмыс орнында нақты жөндеу
операциясын орындау үшін қажетті материалдар орналасуы тиіс. Оң
қолда ұстау қажет саймандар жұмыс орнында орындаушыдан оң жақта
арнайы сүйеуіштерде орналасады. Сызбалар мен басқа да жөндеу
құжаттары ыңғайлылығы үшін еңісті сүйеуіштерде жатуы тиіс. Жұмыс
кезінде сол қолмен алынатын материалдар мен саймандар
орындаушыдан сол жақта жатуы тиіс. Бұл жерде ұзындықты
өлшеу
(сызғыш, өлшеуіштер, циркульдар, штангенциркульдар, нутромерлер,
микрометрлер, калибрлар және т.б.), бұрыштар мен конустарды
тексеру (бұрышты плиткалар, қатты үш бұрышты сызғыштар, бұрыш
өлшеуіштері, деңгейлер және т.б.), жазықтықты бақылау (тексеру
плиталары, бұрышты сызғыштар),
бұранданы
тексеру (бұранда
өлшеуіштері) құрылғылары
туралы айтылады.
Түзеу, тегістеу, дайындамаларды әзірлеу, кесу, белгі қою кезінде
қызмет көрсету қызметкерлері буынының темір ұсталары тікелей
қатысады. Жұмыс орындаушыларының осы тобы үшін еңбек
қауіпсіздігі мен ыңғайлылығын (жылы тұрғынжай) қамтамасыз ету
олардың жұмысқа жіберілуінің бастапқы шарты болып табылады.
Жұмысты бастамастан бұрын арнайы киім киіледі және етек
салбырағаны жоқтығы тексеріледі. Киім жеңі тағылады немесе
шынтақтан биік түріледі. Темір ұста операциялары орындалатын
үстел
берік және нық тұруы тиіс. Ұста қысқыштары үстелде берік
орнатылады. Темір ұсталары орындайтын жұмысқа қатысы жоқ өзге
заттар үстелде жатпауы тиіс.
Үстел жұмыс орнының жарықтандырылуы бекітілген нормаға
сәйкес болуы тиіс.
Қолданыстағы жұмыс сайманы ақаусыз болуы тиіс. Бөлшектің
құлап түсіп жұмысшыға зақым келтіруін болдырмау мақсатында оны
қысқышта сенімді орнату қажет.
Үстел үстінен үгінділерді алып тастау үшін арнайы щеткалар
қолданылады.
|