орналасқан жабық орынжайларда жүргізеді. Ол жердегі ауа
температурасы 5 °С төмен болмауы тиіс.
Жүргізілетін ТҚ-1 құрамына кіретін жұмыстар көлемі мынадай:
■
машина мен қозғалтқыштың КҚ операцияларын Эксплуатация
жөніндегі басшылыққа сәйкес орындау;
■
мойынтіректерде майлау материалы бар екендігін анықтау;
■
қажет болса, кесте мен майлау сызбасына сәйкес майлау жүргізу.
ТҚ-2 бойынша жұмыс көлемі, Эксплуатация жөніндегі басшылықта
көрсетілгендей, машинаның ТҚ-1 және қозғалтқыштың ТҚ-2
операцияларын орындаудан тұрады.
Іштен жанатын қозғалтқышы бар жылжымалы компрессордың АҚ
жұмыстары кезекті техникалық қызмет көрсету операцияларын (оның
ішіне қозғалтқыштағы отын мен мойынтіректердегі, жиналмалы
бірліктердегі өзге де үйкелетін детальдарды
майлау материалын
ауыстыру кіреді ) орындаудан құралады.
Техникалық қызмет көрсетудің барлық түрін жол және құрылыс
машиналарын жөндеу слесарымен бірге, әдетте, машинист атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: