15
8.1.
8
тарау
ЖОЛ
ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС
МАШИНАЛАРЫНА
ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
МЕН ЖӨНДЕУ
ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕК
ҚАУІПСІЗДІГІ
ЖОЛ
ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС
МАШИНАЛАРЫНА
ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
МЕН
ЖӨНДЕУ
ЖҮРГІЗУ
КЕЗІНДЕГІ
ЕҢБЕК
ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ
ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Жол және құрылыс машиналары мақсаты бойынша қолданылатын
өндірістік орта сыртқы ортаның бөлігі болып табылады. Ол адамның
кәсіптік қызметімен шартталған табиғи-климаттық факторлардан
құралады. Табиғи-климаттық факторлардың
бір бөлігін зиянды және
қауіпті деп атау
қабылданған.
Еңбектің қауіпсіз шарттары деп қауіпті
және (немесе) зиянды факторлардың әсері мүлдем жоққа шығарылған
немесе олардың әсер ету деңгейлері бекітілген нормативтерден
аспайтындай шарттар аталады.
Жол және құрылыс машиналарын қолдану кезіндегі қауіпті және
зиянды өндірістік факторларды ескерту мен алдын-алудың мемлекеттік
талаптары келесі заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерде
мазмұндалады:
■
Ресей Федерациясының Еңбек кодексі (2001 жылғы 30
желтоқсандағы № 197-ФЗ РФ Федеральды заңы);
■
«Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі. 1 бөлім. Жалпы талаптар» 12-03-
2001
ҚНмЕ және «Құрылыстағы еңбек қауіпсіздігі. 2 бөлім.
Құрылыстық өндіріс» 12-04-2002 ҚНмЕ;
■
«Құрылыстық
өндіріс
пен
құрылыс
жұмыстарының
ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар» 2.2.3.1384-
2003 СанЕмН
;
15
■
«
Құрылыс, жол және жер қазу машиналары.
Қауіпсіздікке
қойылатын жалпы талаптар»
ССБТ. Машиналар мен жабдықтың
қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламент (Ресей Федерациясы
Үкіметінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі № 53 Қаулысымен бек.).
Нормативтік-құқықтық актілерге,
сондай-ақ, «Құрылыстағы еңбек
қауіпсіздігі» 12-135-2003 СП еңбекті қорғау жөніндегі типтік
нұсқаулықтар
да жатқызылады.
Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала
отырып, жол және құрылыс машиналарына қауіпсіз техникалық
қызмет көрсетудің нақты ережелерін бөліп алуға болады.
Техникалық қызмет көрсету толық
көлемде орындалмаған және
берілген кезеңділік бұзылған машиналар жұмысына жол берілмейді.
Техникалық қызмет көрсету түзу, арнайы жабдықталған, жұмыстың
орындалуына қатысы жоқ сыртқы нәрселерден бос алаңда өткізілуі
тиіс. Машиналардың техникалық қызмет көрсетілуі өткізілетін
эксплуатация базаларының жабық аралықтарында қауіпсіздік
техникасының ережелері айқын оқылатындай плакаттар және ескерту
жазулары бар өшпейтін тақтайшалар ілінеді.
Машинаның жұмыс жабдықтары
аймағына қандай-да бір
нәрселерді лақтыруға болмайды. Жұмыс жабдығымен (қайырма,
қопсытқыш, бульдозер, гидробалға) көтерілген машина астында немесе
жүккөтеру құрылғыларының жіптері астында жұмысты жүргізуге
рұқсат етілмейді.
Домкратты қолдану кезінде онымен көтерілген машинаның құлап
кетпеуі үшін оның тұрақты жағдайын қамтамасыз ету керек.
Домкратпен көтеру кезінде қызмет көрсетілетін машинаның өздігінен
шегінуін болдырмау
қажет. Машинамен жұмыс жасау кезінде (биікте),
құлап кетпес үшін, сақтандыру белбеуін байлап, оны машинаның
қосынды бөлігіне міндетті түрде тіркеу қажет.
Қызмет көрсетілетін машинадағы
біріктіретін шешілмелі
элементтерді
қосатын
саусақтарды
шығарып
алу
үшін,
қыртыстанбайтын соқпа бөлігі бар арнайы цилиндрлік балғалар
(қаққылар) пайдалану қажет. Бұл жұмыс жасап жатқандардың зақым
алуының алдын алады және шешілмелі элементтер бөлшектерінің
шеттерін бүлінуден сақтайды.
Жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету мен
жөндеуді іске асыру кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің
жалпы талаптары
кабиналық модульде жұмыс жасап жатқан машинистің қауіпсіздігін
қамтамасыз етуді есепке алады. Бөлінбелі жиналмалы бірлік болып
табыла отырып кабиналық модуль соққы кезінде сынбайтын сынықсыз
әйнектен жасалған шолу жазықтығы бар құрылмаларынан құралған.
Әйнектің сынған жазықтығының сынықтары жан-жаққа шашылмайды