16
Жер асты коммуникациясы бар аймақта машинамен сол
коммуникациялар иесінің рұқсатынсыз жер жұмыстарын өткізуге
болмайды. Жұмыстарды жасау кезінде белгісіз коммуникациялар
анықталған жағдайларда жер қазу жұмыстарын қажетті рұқсаттарды
алғанға дейін тоқтатады.
Жұмыс аймағында операцияларды орындау барысында машиниске
тыйым салынады:
■
жұмысты жұмыс жасау жобасынсыз және машинада немесе
жанында өзге адамдар болған жағдайда бастауға;
■
қолғапты киместен жұмыс органдарының астынан бөгде заттарды
шығаруға (тамырлар, сымдар, арматура және т.б.);
■
жүріп бара жатқанда реттеумен, ақаусыздықтарды жөнге
келтірумен,
біріктіру бірліктерін
майлаумен айналысуға;
■
жел жылдамдығы 15 м/с асқан жағдайдағы сары белгісі ақаулы
машинаны қолдануға;
■
жұмыс аймағын электр жарықтандырылмаған тәуліктің қараңғы
уақытында машинамен жұмыс жасауға;
■
электр
желілік
компаниясының
наряд-рұқсатынсыз
электртасымалдау желісінің (ЭТЖ) күзетілу аймағында машинаны
орналастыруға.
Кабинаға кірерден бұрын қол сүртіліп, киім мен аяқ-киім
тазартылуы тиіс.
Машина жұмыс жасап жатқанда оның құрамдас бөлшектерінде өзге
тұлғалардың болуына тыйым салынады. Қозғалтқышы оталмаған
машинаны қараусыз қалдыруға болмайды. Қызмет көрсетуші
қызметкерлер мен өзге тұлғаларды жолаушы ретінде машинамен
тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Гидрожетекті машинамен жұмыс жасау кезінде гидроцилиндр
штоктарының шеткі қалыпқа келуінен, сақтандыру клапандарының
қосылуынан, жұмыс органының бөгетпен сүйкенуінен аулақ болу
қажет.
Ақауларды жөндеу, детальдар мен тетіктердің ішкі жақтарын
тексеру, біріктіру бірліктерін реттеу мен майлауды тек сақтандыру
белбеуі машинаның шығыңқы элементіне байлағаннан соң,
қозғалтқышы тоқтатылған, тежегіші қосылған
және берілісті ауыстыру
тұтқасының бейтарап қалыпта болғанда ғана рұқсат етіледі.
Ауысым аяқталып жұмыс тоқтатылған соң машинаны тегіс алаңда,
ол өзге көлік құралдарына кедергі болмайтындай және оның периметрі
құлауы мүмкін жүктің болжамды траекториясына түспейтіндей
тұраққа қою керек. Еңісті алаңда машинаны тұраққа қойған жағдайда,
тұрақ тежегіші қосылады және жүру құрылғысы астына тіректер
қойылады. Кабинадан шыққан кезде машинист «масса» қосылғышын
|