16
Металлды шабу кезінде арнайы көзілдірік киіледі.
Қозғалтқыштың майын ол күйдірмейтіндей температураға дейін
суымастан төгуге болмайды. Бензин, салқындатқыш және тежегіш
сұйықтығын құю кезінде ауызбен соруға болмайды. Олар уландырғыш
және денсаулыққа зор зиянын тигізуі мүмкін. Жөндеу операцияларын
орындау барысында кілт өзіне қарай тартылады. Егер еңбек тәсілдері
кілтті өзінен қарай итеруге мәжбүр етсе, ол әрекетті ашық алақанмен,
кілт тайып кетсе қолдың зақымдануын ескертетіндей орындау қажет.
Жұмыс жасалып жатқан машинада балалардың болуына тыйым
салынады.
БУЛЬДОЗЕРЛЕРДІ МАҚСАТҚА САЙ ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ
ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ
Бульдозерлерді қолданудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
еңбекті қорғаудың мемлекеттік талаптарын, машинаның
Эксплуатация
жөніндегі басшылығының (ЭБ)
тиісті тарауын, сондай-ақ «ТИ РО-020-
2003 бульдозер машинистерінің еңбегін қорғау жөніндегі типтік
нұсқаулығын» орындау қажет.
Бульдозерді мақсаты бойынша қолдануға тапсырманы алған соң,
машинист жұмыс басшысымен жер асты құрылыстарының орналасу
орнын қарауға міндетті, олар жалауша мен белгішелермен белгіленеді
және жер қазу-тасу жұмыстарын қауіпсіз орындаудың кезектілігін
айқындайды. Дабыл белгісімен қозғалтқыштың оталуы туралы
машинаға жақын тұрған қызметкерлерді ескерту қажет, сондай-ақ
берілісті ауыстыру тұтқасының бейтарап қалпында тұрғанына көзін
жеткізу керек. Қозғалтқышты оталдырған соң бос тұру кезінде барлық
механизмдер мен тежегіштердің қызметі тексеріледі. Машинист
қауіпсіздік талаптарының келесі бұзушылықтары бар жағдайда
жұмысқа кірісе алмайды:
■
жұмыс аймағында адамдар мен техникалар болса
;
■
жердің еңісі бульдозер үшін рұқсат етілген еңістен асса;
■
жұмыс орнында ескерілмеген жер асты коммуникациялары
анықталса.
Бульдозер жұмыстың бір орнынан екінші орнына қозғалған кезде
машинист құрамдас бөлшектерінің дұрыстылығына көз жеткізуі,
қайырманы нақты бекітілген (шектелген) биіктікке көтеруі тиіс.
Қайырманың пышағы алда кездесетін заттарға тірелмейтінін бақылап
отыру қажет.
Көлік ағынында, әсіресе, түнгі уақытта жол жүрісі ережелерін
|