Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет11/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

2
1.3.6. Құбыр тартқыш крандардың құрамдас бөліктері мен 
жиналмалы бірліктерін жасау ерекшеліктері
 
Құбыр тартқыш крандарды құрастыру мен оларды мақсатқа сай 
пайдалану қолданыстағы Құбыр жүргізуші ПБ10-157-97 крандарының 
құрылысы мен пайдалану қауіпсіздігі ережелеріне (бұдан әрі – ПБ10-
157-97 
Ереже) сәйкес жүргізіледі. Құбыр тартқыш кран деп құбыр 
төсегіш жылжымалы көтергіш кранды айтады, яғни, құбырларды
құбыр желілерінің жабдықтарын, басқа да жүктерді көтеруге
тасымалдауға және монтаждауға арналған өздігінен жүретін жүк 
көтергіш машинаны (1.6-сурет) айтамыз. 
ПБ10-157-97 Ережесінің 2.1.6-бабына сәйкес құбыр тартқыш 
крандар тетіктерінің құрылымы төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс:

ілмекті көтеру (түсіру), жебені көтеру (түсіру);

телескопиялық жебенің ұзындығын арттыру (азайту);

ілмекті көтеру биіктігі мен құлашын өзгерту жөніндегі
операцияларды қиыстыру;

ауыспалы құлашты қарсы салмақты серпу және жылжыту.
Құбыр жүргізуші крандарда жүкті көтеру мен ілмек құлашын өзгерту
жүктік және жебелік полиспасты қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Ілмектің жүк көтергіштігі, құлашы, көтеру биіктігі құбыр жүргізуші
кранның басты ауыспалы көрсеткіштеріне жатады.
1.6-сурет. Жебесі қатты байланған ТГ-124А құбыр жүргізуші кран:
1
қарсы салмақ; 2 - портал; 3 - жүкшығыр; 4 - қарсы салмақ гидроцилиндрі5 - жебе 
гидроцилиндрі; 6 - жебе; 7 - аспалы шеңбер; 8 - ілмекті шеңбер; 9 - жүк көтеру көрсеткіші; 
10 -
көлденең бөрене; 11 - базалық трактор


2
1.8-кесте. Құбыр тартқыш крандардың техникалық сипаттамасы
 
Мына тұрақты көрсеткіштер де басты болып саналады: тұрақтылық 
кезеңі, конструктивті салмағы, жолтабан, база, базалық трактордың 
шынжыр табанды жүріс құрылғысының жетекші дөңгелегіне түсетін
тарту күші, көтерудің ең жоғары биіктігі, ілмектің түсу тереңдігі. 
Құбыр тартқыш кранның өзі есептелген салмақтағы жүктерді көтеру 
қабілеті оның жүк көтерушілігін сипаттайды. Құлаш дегеніміз – аудару 
қыры мен ілмектің тік осіне дейінгі көлденең сызық бойынша 
қашықтық. Ілмекті көтеру биіктігі дегеніміз – құбыр тартқыш кранның 
тұрған деңгейі мен ілмектің шеткі жұмыс қалпында тірелетін жерге 
дейінгі тік сызық арасындағы қашықтық. 
Құбыр жүргізуші крандардың индексациясы (1.8-кесте) ТГ әріптері 
мен өндіруші зауыт беретін сандар қатарынан тұрады. Мысалы, ТГ-63 
индексі былай оқылады: ТГ — құбыр жүргізуші шынжыр табанды, 63 
— 
зауыт үлгісінің нөмірі, саннан кейінгі әріп кезекті жаңғыртуды 
білдіреді. 
Құбыр жүргізуші кранда ПБ10-157-97 Ереженің 4-қосымшасында 
келтірілген машинаның (бұйымның) индексі, әзірлеуші кәсіпорын 
нумерациясы жүйесі бойынша машина нөмірі (инвентарлық нөмір), 
шығарылған күні сияқты деректер өшіп қалмайтындай етіп жазылған 
ақпараттық-тұтынушылық кестесі болады. 
Мұндай кесте (1.7-сурет) порталдың (1.6-сурет) оң жартылай 
рамасына бекітіледі. 
Көрсеткіш
Құбыр тартқыш кран
УРМ-4*
ТГ-63
ТО-1224Г
ТГ-124А
Жүк көтергіштігі, т
4
6,3
12
12,5
Ілмек құлашы, м
4
4,8
5,5
5,6
Ілмекті көтерудің ең жоғары 
нүктесі, м
3,3
5
5
5,2
Ілмекті тұрған жерден төмен 
түсіру тереңдігі, м
2
1,8
2,1
2
Жүкті көтеру (түсіру) 
жылдамдығы, м/мин
6
7,2 ... 8,3
8,5
7,8
Қозғалыс жылдамдығы, км/сағ
6
7,2
8,6
8,6
Қарсы салмақпен бірге 
салмағы т
10,4
15,1
22,3
21
* «
Құбыр тартқыш кранды қолдану жөніндегі басшылыққа» сәйкес «Михнев 
жөндеу-механикалық зауыты» (Мәскеу облысы) ААҚ өндірісінің УРМ-4 зауыттық 
индексі жүк көтергіштігі 4т. әмбебап жөндеу машинасы дегенді білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет