Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет9/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

2
7
 
4
 
5
 
6
1.4-сурет. Пневмодөңгелекті (а) және шынжыр жүрісті (б) толық 
айналатын біршөмішті гидравликалық экскаватор:
1 — 
күш құрылғысы; 2 — гидробак; 3 — қақпақ; 4 — кабина; 5, 6 — жебенің төменгі 
және жоғарғы бөлігі; 7, 9, 11 — жебенің, шөміштің, тұтқа гидроцилиндрі; 8 — тұтқа; 
10 — 
шөміш; 12 — жүріс арбасы; 13 — жылжу тетігі; 14 — тірек-айналма құрылғы; 
15 — 
айналыс тетігі; 16 — қарсы салмақ; 17 — қайырма-тіреу; 18 — айналмалы 
платформа 


2
Ш
ынжыр табанды жүріс құрылғыларын табаны жер бетінің аз 
ауданын алып жататындай етіп қолданады (топыраққа барынша 
салмақ түсіру жұмыстарында). 
Ш
ынжыр табанды жүріс 
құрылғыларын табаны жер бетіне барынша аз аудан алатындай етіп 
қолданады (барынша салмақ түсетін жерлердегі жұмыс үшін). 
Пневмодөңгелекті экскаватор деп дөңгелекті жүріс құрылғысы бар 
экскаваторды айтамыз, оның айналмалы бөлігі
шынжырлы 
экскаватормен бірдей. 
Жұмыс жабдығы аспасының түріне қарай гидроцилиндрлерден 
жасалған аспасы қатты экскаваторлар бар (1.4-сурет).
Жұмыс жабдығының түріне қарай экскаваторлар тік күрекпен, кері 
күрекпен (1.4-сурет), грейдермен, гидробалғамен жұмыс жасайды.
Тік күрек машина деңгейінен жоғары тұрған топырақпен жұмыс 
жасайды: тұтқада орнатылған шөміш экскаватордан кері бағытта 
қазады. Кері күрек машина деңгейінен төмен жатқан топырақпен 
жұмыс жасайды: тұтқада орнатылған шөміш экскаваторға бағытына 
қарай қазады.
Сусымалы топырақ және ұсақталған жыныстарды тиеу, түсіру 
операцияларын, қабырғасы тік құдықтар қазуды, бөгеттер мен 
арналарды тазартуды қармап алатын шөмішпен жарақтандырылған 
грейфердің жұмыс жабдығымен атқарады. 
Гидравликалық 
экскаватор 
грейферінің 
шөміші 
жұмыс 
жабдығының қатты элементтерінің біріне топсалы түрде ілінген. 
Топыраққа салмақ арнайы құрылғы арқылы түсіріледі, осының 
арқасында экскаваторларды асфальтбетонды жабындарды, қатып 
қалған топырақ пен бетон конструкцияларды бұзуда қолдануға болады. 
Толық 
айналатын 
біршөмішті 
экскаватордың 
басты 
көрсеткіштеріне, әдетте, мыналар жатады:

шөміштің сыйымдылығы;

эксплуатациялық салмағы;

жер бетіне түсіретін қысымы;

қазудың радиусі мен биіктігі;

шығару биіктігі;

қазу тереңдігі.
Шөміштің сыйымдылығы шөміштің ішкі бетінің қабырғалары, түбі
мен беткі қабаты арасындағы кеңістікпен өлшенеді. 
Біршөмішті экскаватордың эксплуатациялық салмағы деп 
машинаның жұмыс құралдарымен, қарсы салмақпен, жанар-жағармай 
материалдарымен, жұмыс және салқындатқыш сұйықтықпен толық 
толтырылған салмағын айтамыз. Жет бетіне түсіретін қысым шынжыр 
табанды экскаватор эксплуатациялық салмағының оның жүріс 


2
құрылғысының жер бетінің аумағына қатысымен анықталады. 
Қазу радиусі айналмалы бөліктің айналу осі мен тік күрек шөміші 
кесетін контурдың неғұрлым қашық орналасқан нүктесіне дейінгі 
қашықтықпен өлшенеді.
Қазу биіктігі дегеніміз — экскаватор тұрған жер деңгейі және 
шөміштің экскаватор тұрған жер деңгейінен жоғары қазу кезіндегі 
кесетін контурына дейінгі қашықтық; түсіру радиусі — айналмалы 
бөліктің айналу осі және шөміштің төменгі нүктесі арқылы өтетін және 
шығару кезіндегі оның түбінің ашылуына дейінгі қашықтық.
Шығару биіктігі — экскаватор тұрған жер деңгейі және шөміш 
топырақты түсірген кезде оның төменгі нүктесіне дейінгі қашықтық.
Қазу тереңдігі — экскаватор тұрған жер деңгейі және сол 
деңгейден төмен қазған кездегі шөміштің кесу контурына дейінгі 
қашықтық. 
Толық айналатын біршөмішті экскаватор индексіндегі төрт сан 
мынаны білдіреді: машнаның өлшемдік тобын, жүріс құрылғысының 
түрін, жұмыс жабдығының конструкторлық орындалуы мен осы 
типтегі үлгінің реттік және орындалу нөмірі. Бұдан басқа осы 
машинаның реттік жаңғыртылуы және оның климаттық орындалуын 
көрсететін қосымша әріптік белгілер қолданылады.
ЕК, ЕТ, ЕА типті экскаваторлар үшін мынадай маркілеу енгізілген: 
Е — ағылшын тіліндегі Excavator сөзінің бірінші әрпі; К — дөңгелекті 
жүріс; Т — шынжыр табанды (тракторлық) жүріс; А — автокөліктік 
жүріс. Әріптерден кейінгі сандар экскаватордың тонналық салмағын 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет