2.1.
2-
тарау
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
МАШИНАЛАРЫНЭКСПЛУАТАЦИЯЛАУД
ЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН
ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ
ЖҮЙЕСІ
ЖОЛ
ЖӘНЕ
ҚҰРЫЛЫС
МАШИНАЛАРЫН
ЭКСПЛУАТАЦИЯЛАУДЫҢ
ЖАЛПЫ
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Эксплуатацияға (қолдануға) машинаны жұмысқа дайындау,
мақсатқа
сәйкес қолдану, тасымалдау,
техникалық қызмет көрсету,
жөндеу мен сақтау кіреді. Тасымалдау, техникалық қызмет көрсету,
жөндеу мен сақтау кіретін эксплуатацияның бөлігі
машинаның
техникалық эксплуатациясы деп аталады.
Жол және құрылыс машиналарын қолдану жөніндегі жұмыстар
кешенін құраушыларды ретімен қарастырайық. Эксплуатацияға
дайындық машинаны әзірлеуші зауыттан (немесе
лизинг берушіден,
дилер зауыттың өңірлік өкілінен) алып, кейін техниканы нысанда
қолданысқа қосудан құралады. Ұйымдарға келіп түсетін барлық үлгі
мақсатқа сай қолдануға әзірленеді.
Әзірлеуші зауыттың (лизинг беруші, дилер) машина берген кездегі
міндеттері:
■
қолданушы ұйымға (иесіне) машинаның төлқұжатына сәйкес
техникалық құжаттаманы беру, алушымен
бірге төлқұжаттағы зауыт
нөмірі бойынша құжаттама мен машинист кабинасындағы фирмалық
тақтайшада кетпейтіндей етіп жазылған, жақсы оқылатын жазуды
салыстыру;
■
жиналмалы бірліктердің
тұтастығы мен бітеменің болуын,
зақымның жоқтығын, қосалқы бөлшектер мен аспаптардың
жиынтығын, тез тозатын детальдардың бүлінбеуге тиісті орама
парағына сәйкес болуын алушымен бірге тексеру.
Кейінге
қалдырмай, сол сәтте Эксплуатация жөніндегі
басшылықтың (ЭБ) «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ» тарауы бойынша
алушыға қысқаша нұсқаулық беріледі,
машинаның және оның
жарықтандыру-дабыл беру құралдарының бос жүріс кезіндегі жұмысы
көрсетіледі. Эксплуатация жөніндегі басшылық және төлқұжат құрамы
мен мазмұнын нормативті құжаттарға сәйкестігін тексеру қажет, бұл
құжаттарға, негізінен МС 2.601— 2013 «КҚБЖ. Эксплуатациялық
құжаттар» жатады. Машинаны қолданысқа енгізу жөніндегі жұмыстар
оны тікелей қолданыс базасына қабылдаумен аяқталады.
Мақсатқа сәйкес қолдану дегеніміз – қолданыс нысанын таңдау,
жағдайын тексеру, ауысымды қолдануға дайындық, машинаны өндіріс
жобасы мен нысандағы жұмыстарды
орындаудың технологиялық
картасына сәйкес басқару жүргізілетін машинаны қолдану түрі.
Әр көлікті машиниске және нысанға бекіту, оларды есепке қою,
инвентарлық нөмір беру жол және құрылыс машиналарын қолданысқа
енгізу үдерісіне кіреді.
Көлікке бекітілген машинистің тиісті біліктілік дәрежесі болуы
тиіс. Кәсіби біліктілік разрядпен
және машинист білуі тиіс
машықтармен байланысты. Бұл туралы осы кітаптың 8-тарауында
толығырақ айтылады.
МАШИНАЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН ЖӨНДЕУ
ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ЖҮЙЕСІНІҢ
БАСТЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
Достарыңызбен бөлісу: