Шайыр — детальдарды дәнекерлеу кезінде флюс ретінде қолданылатын нәзік
шайыр шынытектес зат.
Шаңдату — ұнтақ түріндегі материалды жоғары жылдамдықпен бағыттау
арқылы жабу үдерісі.
Шапқы — металдың артық жерлерін алу, құймалар мен дәнекер жіктерін
кесу, детальдың арналарын жасауға арналған құрал.
Шашырату арқылы бояу — лакті бояу материалын шашырату үшін қысылған
ауаны пайдалану арқылы детальдарды бояу.
Швеллер — П-түріндегі қиығы бар қораптектес, әдетте, металл бұйым
(бөрене).
Шебер үстелі — детальдарды бекітуге арналған құрылғымен
жарақтандырылған, қол жұмыстарына арналған арнаулы жұмыс үстелі.
Шек — бұйымның қандай да көрсеткішінің сандық сипаттамасының тиісті
техникалық құжаттарда бекітілген нақты мәннен шекті ауытқуы.
Шекті жағдай — машинаның одан әрі қолдануға болмайтын не қолдану
тиімді емес жағдайы немесе оның жұмысқа қабілеттілігі жағдайын қалпына
келтіру мүмкін болмайтын немесе қалпына келтіру тиімді емес жағдайы.
Шекті рұқсат етілген коцентрация — зиянды заттардың қандай да бір
табиғи ортада (су, ауа, топырақ) адам денсаулығы мен оның ұрпақтарына зиянды
әсер етпейтін максималды саны.
Шекті рұқсат етілген шығарынды — ластаушы заттардың жекелеген көзінің
уақыт бірлігі аралығында шығаратын және шығарындыға қойылатын
нормаларымен рұқсат етілген максималды саны.
Шкала бөліктері — шкаланың қатар орналасқан белгілері арасындағы
интервал.
Шпилька — екі ұшы бұрандалы өзек түріндегі бекіткіш деталь, оның бір
бұрандалы ұшы детальға бұралады, екінші ұшы іргелес детальдың тесігі арқылы
өткізіліп, оның шығып тұрған жеріне гайка бұралады.
Шплинт — екі бүктеліп, сымнан жасалған өзек, ол біріктірілетін
детальдардың тесіктеріне орнатылып, екі ұшы тежеу үшін қолданылады.
Шплинттеу — екі бүктелген дөңгелек (немесе сопақ) сымөзекті тесікке
орнату және оның ұштарын гайка өздігінен бұралып кетпеуі үшін екі жаққа
майыстырып қою.
Достарыңызбен бөлісу: |