Технологиялық карта — операциялар, құрамдас бөліктер, материалдар,
өндірістік құралдар мен технологиялық режим түріндегі барлық технологиялық
үдерісті сипаттайтын карта.
Технологиялық кешен — құрылыс-монтаж жұмыстарының жекелеген
түрлеріне кіретін технологиялық үдерістердің жиынтығы және механизация
құралдарыны арқылы белгілі ретпен орындалатын операциялар.
Технологиялық операция — машинаға техникалық қызмет көрсету мен
жөндеу кезіндегі технологиялық үдерістің бір жұмыс орнында орындалатын
аяқталған бөлігі.
Технологиялық үдеріс операциясы — бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше
жұмысшы орындайтын, сондай-ақ, олардың қатысуынсыз, оператордың
бақылауымен станокта орындалатын технологиялық үдерістің аяқталған бөлігі.
Трансмиссия — қозғалтқыштан алған механикалық энергияны ақырғы
элементтер – атқарушы тетіктерге беретін құрылғылар жүйесі.
Тұрақтылық — машинаның аударылуға, сырғуға, сырғанауға қарсы тұру
қасиеті, ол қалпына келуші және төңкеруші кезеңдерге, ауырлық орталығының
биіктігіне, тіреу контурына, алаң мен жолдың еңісі мен типіне, алаңның желде
тұруы мен жел жылдамдығына, жылдамдыққа және оны реттеуге байланысты
болады.
Тұтқырлық өлшегіш — сұйықтықтар мен газдардың сұйықтығын өлшеуге
арналған құрылғы.
Тұтқырлық — сұйықтықтар мен газдардың ішкі үйкелісті тудыра отырып,
ауысу кезінде бір бөлігінің екінші бөлікке қарсылығын туғызу қасиеті.
Тозу — үнемі әсер ететін жүктеме немесе үйкеліс кезінде детальдың үстіңгі
бетінің бұзылуы салдарынан бұйым өлшемінің, формасының, салмағының немесе
жағдайының өзгеруі.
Тозуға төзімділік — шекті тозуға дейінгі жұмыс жасау ұзақтығымен
бағаланатын материалдардың немесе детальдардың қарсыласуы.
Тоқтату — тоқтату құрылғысының көмегімен жиналмалы бірлік немесе
құрамдас бөліктің бөлшектерінің қозғалып кетуінің немесе ауысуып кетуінің
алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |