Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет129/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Тежегіш білігі — айналдыруға жұмыс жасайтын (серіппе сияқты), бірақ 
иілуге бейім білік.
Тежелу жолы — машинаның тежеу басталғаннан толық тоқтағанға дейінгі 
жүрген жолы.
Теміржонғыш — бір жағын ұшталған тіктөртбұрышты немесе үшқырлы 
тұтқасы бар бөрене түріндегі слесарлық аспап, жинау үдерісінде детальдардың 
үстіңгі бетін әрлеп өңдеу үшін пайдаланылады.
Тереңдік өлшегіш — детальдар мен жиналмалы бірліктердегі тесіктер мен 
қиықтардың тереңдігін өлшеуге арналған аспап.
Тескіш — жіңішен зәрлемелерде тесік тесуге арналған конустық құйрығы бар 
шыңдалған білік.
Техникалық диагностика — нысандардың техникалық жағдайын анықтаудың 
теориясын, тәсілдері мен құралдарын қамтитын білім саласы.
Техникалық диагностикалау — машинаның техникалық жағдайын белгілі 
дәлдікпен анықтау үдерісі.
Техникалық диагностикалау нысаны — диагностикалауға (бақылауға) 
жататын машина (бұйым) және (немесе) оның құрамдас бөліктері.
Техникалық карта — кешеннің тұрақты қауіпсіз технологиясын немесе 
нысандағы белгілі жұмыс түрін бекітетін және жұмыс өндірісі жобасының орнына 
немесе оған қосымша қолданылатын құжат.
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің жылжымалы шеберханасы — 
машиналарды мақсатқа сай қолдану нысандарында ақаулықтарды іздеу 
операцияларының барлық кешенін техникалық жарақтандыру және бұзылулар мен 
ақаулықтардың зардаптарын жою құралдары көмегімен жұмысқа қабілеттілігін 
қолдау мен қалпына келтіруге арналған жылжымалы шеберхана.
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу технологиясы машинаға 
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу операциялары мен үдерістерін орындау 


әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.
Техникалық шарттар — қолданыстағы стандарттар негізінде және оларға 
қосымша ретінде әзірленетін, машинаға немесе конструкторлық құжаттамаға 
қойылатын талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет