жасаған (мотосағат) жол және құрылыс машиналарының әрқайсысы
үшін маңызды.
Стандартты (МС 18322—78* «Техникалық қызмет көрсету және
техниканы жөндеу жүйесі. Терминдер мен анықтамалар») басшылыққа
алсақ,
техникалық
қызмет
көрсету
ұғымы
техникалық
эксплуатацияның құрамдас бөлшегі ретінде машинаны мақсатқа сай
пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде оның жұмыс қабілеттілігін
немесе бұзылмауын қолдау бойынша
барлық операцияның кешенін
білдіреді. Машиналарға техникалық қызмет көрсету оны тазарту,
диагностикасын жасау, реттеу, майлау мен жанармай құю, жиналмалы
бірліктері мен детальдарын бекіту жөніндегі жұмыстар кешенін
қамтиды.
Жол және құрылыс машиналарын әзірлеуші қолданыстағы
нормативтік-техникалық құжаттар негізінде техникалық қызмет
көрсету операцияларының мазмұны мен оны жүргізу
шарттарын
бекітеді. Техникалық қызмет көрсету операцияларын жүргізудің
мақсаты – жол және құрылыс машиналарының техникалық жағдайын
жүйелі бақылауды, жиналмалы бірліктердің тез тозуын азайтуға
бағытталған жұмыстарды орындауды, тоқтап қалу мен құрамдас
бөліктердің мүмкін болатын
ақаулықтарының алдын алуды
қамтамасыз ету.
Жол және құрылыс машиналарын мақсатқа сай қолдану кезінде
техникалық қызмет көрсетуді Эксплуатация жөніндегі басшылыққа
(ЭБ) сәйкес жүргізу керек. Техникалық қызмет көрсетілмеген
машинаны қолдануға жол берілмейді.
Жұмыс жасау цикліне, мерзімділігіне,
жұмыс көлеміне, қолдану
шарттарына қарай техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстары
оларды орындаудың түрлеріне қарай бөлінеді. Мысалы, машинаны
мақсатқа сай қолдануға дейінгі техникалық қызметті эксплуатацияға
енгізгенге дейін, тасымалдау мен ұзақ уазыт сақтаудан соң жүргізеді.
Техникалық қызмет (ТҚ) ауысым сайын (АСҚ), ауысымдық (АҚ) және
кезеңдік (КҚ-1, КҚ-2, КҚ-3) болып бөлінеді. Техникалық қызмет
көрсету кезінде бір түрде жасалған машиналар үшін оның
операциялары нақтылануы мүмкін.
Ағымдық жөндеу машинаның жұмыс қабілеттілігін арттыру немесе
қалпына келтіру, тоқтап қалудың алдын алу, қолданыс шегіне жеткен
детальдар мен жиналмалы бірліктерді
қажетіне қарай ауыстыруға
байланысты жұмыстар кешені түрінде жүргізіледі.
Күрделі жөндеуге машинаның құрамдас бөліктерін ауыстыра
отырып, ақауды жөндеу немесе машина қорын толық қалпына келтіру
үшін орындалатын жұмыстар жатады. Күрделі жөндеу жүргізу кезінде
машиналарды тазартады, құрамдас бөліктерге бөледі,
ақаулықтарды
жояды, жиналмалы бірліктерді қалпына келтіреді немесе ауыстырады,
2.3.
жинайды, реттейді, бояйды және сынақтан өткізеді.
Олай болса, ағымдық және күрделі жөндеудің айырмашылығы
мынада: ағымдық жөндеу кезінде машина ішінара бөлшектенеді,
құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктердегі ақаулықтар
жөнделеді, жекелеген модульдер (базалық модульдерден басқасы)
жаңа немесе алдын-ала жөнделген модульдермен ауыстырылады, ал
күрделі жөндеу кезінде машина толық бөлшектеледі, одан әрі ақаулық
пен машинаның қоры және базалық
құрамдас бөліктер толықтай
қалпына келтіріледі.
ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС МАШИНАЛАРЫНА
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН ЖӨНДЕУ
ЖҮРГІЗУ ЖҮЙЕСІНІҢ НОРМАТИВТІК-
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: