■
қорларды басқару;
■
консалтинг (техникалық кеңестер);
■
эксплуатациялық құжаттаманы сату;
■
машинистерді жаңа машиналарда жұмыс жасауға оқыту.
Соңғы уақыттарда сервистік орталықтарға машиналардың орнын
бақылау үшін оларға ГЛОНАСС жүйесін орнату ұсынылады.
Сервистік техникалық қызмет көрсетумен өзара байланысты
жөндеуді әзірлеуші кәсіпорында жүргізуді, ақауы бар машиналардағы
зауыттық ақаулықтарды жоюды
фирмалық жөндеуге жатқызуға
болады.
Ақаулық — кемшілігі болғандықтан, тұтынушыға жіберуге жол
берілмейтін өнім. Егер фирмалық жөндеуге кететін жылдық шығындар
жол-құрылыс ұйымы эксплуатациялық базасының күшімен
жүргізілетін техникалық қызмет көрсету
мен жөндеу шығындарынан
артық болмаса, фирмалық жөндеу үдерісі тиімді болады; әзірлеуші
кәсіпорын тұтынушыға сенімсіз
машиналарды сатудан қашып,
тұтынушыға жеткен техника үлгілеріндегі кемшіліктерді жоюға
тырысатын болады.
Өңірлік орталықтардың техниканы жалға беру жөніндегі
қызметтері фирмалық жөндеумен тығыз байланысты.
Бұл мақсаттар
үшін жол және құрылыс машиналары бойынша қосалқы бөлшектерді
беру нормалары әзірленген (Минстройдормаш өнімдері үшін қосалқы
бөлшектерді берудің кеңестік орта нормалары. Т. 1. Экскаваторлар
және жебелік бекітпелер. Т. 2. Жол және құрылыс машиналары. — М. :
ЦНИИТ Эстроймаш, 1987).
Бұған қоса, машиналарға қызмет көрсету
мен
жөндеудің
бәсекеге
қабілетті
әлемдік
тәжірибелері
пайдаланылады. Техникаға сервистік қызмет көрсету мен фирмалық
жөндеудің міндеті – әзірлеуші кәсіпорын
қол жеткізген алдыңғы
қатарлы технология бойынша машиналардың жұмыс істеу циклі ішінде
оларға әлемдік деңгейде сервистік қызмет көрсету және фирмалық
жөндеу жүргізу. Жол және құрылыс машиналарына ағымдық және
күрделі жөндеу жүргізетін кәсіпорындар осы бағытқа бағдар алады.
Мұндай кәсіпорындардың
атауы бұрын басқаша болатын, олар
тәжірибе-сынақ жүргізетін жөндеу-механикалық зауыттардан бастап
екінші рет машина құрастырудың жөндеу-механикалық зауыттары
деген атаулармен жұмыс жасады.
Машиналардың кепілдік және кепілдік
біткеннен кейінгі кезең
ішінде жұмысқа қабілеттілігіне толықтай жауапкершілік алу әзірлеуші
кәсіпорындардың қазіргі заманғы сервистік қызмет көрсету жүйесінің
нарық және қатаң бәсекелестік жағдайындағы негізгі қағидаты болып
табылады.