Жүргізу о қулық


Жол және құрылыс машиналарына қызмет  көрсету сервис орталықтарының тиімділігі мен  өміршеңдігін қамтамасыз ету жолдары



Pdf көрінісі
бет21/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

2.6.2. Жол және құрылыс машиналарына қызмет 
көрсету сервис орталықтарының тиімділігі мен 
өміршеңдігін қамтамасыз ету жолдары 
 
Сервис орталығының өміршеңдігі сервистік қызмет көрсету 
жүйесінің бәскелестік жағдайындағы басты қағидаты болып табылады. 
Сервистік орталықты ұстап тұруға кететін жылдық шығындар жол-
құрылыс ұйымы немесе жол-эксплуатациялық, шаруашылық 
эксплуатациялық базасының күшімен жүргізілетін техникалық қызмет 
көрсету мен жөндеу шығындарынан артық болмаса, сервистік орталық 
құру мен оның жұмысы тиімді болады. Олай болмаса, тұтынушы үшін 
сервистік орталық қызметін пайдалану тиімсіз болады. Сервистік 
орталықтың жұмысы тиімді болуы үшін ол сенімді машиналарға ғана 
қызмет көрсетуі тиіс. Сервистік орталықтың ақаусыз машиналарға 
жұмсайтын шығыны өте аз болады. Сенімді машиналарға сұраныс 
әрқашан көп, осылайша сұраныстың артуы күтіледі.
Сервистік орталықтар тиімділігін қамтамасыз ету қағидаты жол 
және құрылыс машиналарының заманауи үлгілерінде барынша күрделі 
(бірақ сенімді) күш қондырғыларының, жүріс құрылғылары мен 
трансмиссияның, гидрожабдық құрамдас бөліктерінің, жұмыс 
органдары орындайтын технологиялық операциялар сапасын 
қамтамасыз етудің автоматтандырылған құралдарының, машинист 
кабинасындағы аспаптық қалқаншалар мен джойстиктердің
қолданылатындығымен байланысты.
Күрделі де сенімді құрамдас бөліктердің ендірілуі жаңартылған 
машиналар құрастыруға алып келеді, бұл өз ретінде сервис 
орталықтарының әлемдік деңгейде жұмыс жасауын талап етеді. Сервис 
орталықтарының тиімді жұмыс жасауы техниканың тұрып қалуына 
жол берілмей, жол және құрылыс машиналарын мақсатқа сай 
қолданатын нысандарға тез жеткізілетін, әлемдік деңгейдегі қосалқы 
бөлшектер өндірісін де талап ететінін ұмытпау керек. 
Қосалқы бөлшектер өндірісінің қымбаттығы машинаның нарықтық 
құнына әсер етеді, сондықтан сервистік орталықтар айтарлық 
шығынды қажет ететін іс-шара болып есептеледі, орталықтар мынадай 
талаптарға сәйкес болуы тиіс:
■ 
орындалатын сервистік операциялардың алдын-ала тағайындалуы;
■ 
машинаға сервистік қызмет көрсету мерзімін қысқартуды негіздеу 
(оңтайландыру);
■ 
жұмыс сапасының оның бағасымен сәйкес келуін қадағалау;
■ 
клиенттермен (машина иелерімен) өзара байланыс мәдениетінде 
дәстүр жалғастығын сақтау
.
Мүдделі заңды тұлғалар сервис орталықтарын құруда жол-құрылыс 
ұйымдары мен сервистік орталықтардың кең орналасуын есепке ала 


отырып, бастамашылық көрсету керек. Әрине, мұндай орталықтар құру 
алдында өңірлердің (Ресей Федерациясы субъектілерінің) қажеттілігін 
барынша және жан-жақты талдау, сондай-ақ әр орталыққа қажетті 
өндірістік қуатты, қосалқы бөлшектер ассортиментін анықтау қажет. 
Фирмалық жөндеудің қажеттілігі, мысалы, жол және құрылыс 
машиналары жұмыс жабдықтарын қалпына келтіру кезінде өте үлкен. 
Жұмыс жабдығына арналған жөндеу-техникалық құжаттаманы 
басшылыққа ала отырып, жер қазушы-тасушы машиналар 
(бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер) пышақтарының жүзін 
жөндеуге жауаптылықпен қарау керек. Жөндеу алдында пышақты 
тазалау қажет. Бұдан соң таза пышақ ұзындығының 2/5 бөлігі 
балқытып қаптастырылады. Кейін пышақты ауыстырып, екінші жағы 
балқытып қаптастырылады. Осы операция орындалғаннан кейін 
пышақты тағы ауыстырып, қалып қойған бас жағын балқытып 
қаптастырады. Қаптастыру тұрақты тоқ электродымен, тегіс, таза 
пышаққа қатты балқытылып орындалады.
Экскаватор 
жебелері 
мен 
тұтқаларындағы, 
скреперлер 
рамасындағы, бульдозерлердің итеретін сырықтарындағы жарықтарды 
алдымен бөліп, кейін балқытып, бекітеді. Азын-аулақ кемшіліктері бар 
жерлерді кесіп алып тастайды. Алдын-ала әзірленген элементтерді 
кесіп алынған жерлерге орнатып, дұрыстап дәнекерлейді. 
Құбыр тартқыш крандарға фирмалық жөндеу жүргізетін 
мамандандырылған зауыт табысты жұмыс жасайды. Жол-құрылыс 
техникасыын әзірлеумен айналысатын шетелдік машинажасаушылар 
үшін сервистік орталықтардағы жұмыс сапасы коммерциялық табысқа 
жетудің, тұтынушы қажеттіліктері пайда болуының, әзірлеуші мен 
тұтынушы арасындағы берік байланыстың кепілі болып саналады. 


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
 
1. Жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу 
жүйесіне не кіреді?
2. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу өндірісінің айырмашылығы 
қандай?Машинаны қолданысқа енгізу алдында қандай техникалық қызмет 
көрсету операциялары жүргізіледі?
3. Жол және құрылыс машиналарына көрсетілетін техникалық қызмет түрлерін 
атаңыз. Оларды қалай белгілейді?
4. Жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу
жүргізу кезінде қандай нормативтік-техникалық құжаттар басшылыққа 
алынады?
5. Машинаны қолдануда негізге алатын басшылық мазмұнын білудің қажеті 
қанша?
6. Нормативтік-техникалық құжаттама ішіндегі кәсіпорындар стандарттарының 
(КСТ) тиімділігі қаншалықты?
7. 1) техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі іс-шараларын жоспарлы 
орындаудың; 2) техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді құрамдас 
бөліктердің жұмыс жасау көлеміне қатысты жүргізудің; 3) қажеттілікке 
байланысты жөндеу мен қызмет көрсетудің мақсаттарын айтыңыз. 
8. Жол және құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу
жүргізу кезінде қандай қорлар қолданылады?
9. Эксплуатациялық база дегеніміз не? Ол қалай жарақтандырылады?
10. Жылжымалы шеберхана жанындағы қызмет көрсету бригадасы 
жұмысшыларының құрамын атаңыз.
11. Жол және құрылыс машиналарына сервистік қызмет көрсету дегенді қалай 
түсінесіз?
12. Жол және құрылыс машиналарына фирмалық жөндеу жүргізуді қалай 
сипаттап беруге болады және оның пайдасы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет