3)
құбырлық.
Метрикалық бұранда профиль бұрышы
60° әржақты қабырғалы
үшбұрыш түрінде
болуымен және гайка мен болт орамдары жалпақ
кесілген пішінімен ерекшеленеді. Сыртқы диаметрі мен айналымы
миллиметрмен өлшенеді.
Дюймдік бұранда бұрышы 55° үшбұрыш
және орамдары жалпақ
кесілген пішінде болады. Мұндай бұранданың барлық өлшемі
дюйммен есептеледі (бір дюйм 254 мм-ге тең).
Құбырлық цилиндрлік бұранда профилі дюймдік бұранда
профилімен бірдей, айырмашылығы
құбырлық бұранданың басы
тегістелген. Құбырлық бұранда диаметрі дюйммен көрсетіледі (құбыр
3/4").
Материалдардың сипаты, оларды өңдеу тәсілдері мен қолдану
мақсаттары туралы негізгі мәліметті Ю. Ж. Виноградов, К. Б. Орлов, Л.
А. Поповтың «Ішкі санитарлық-техникалық жүйе, жабдықтарды
монтаждаушылар мен құрылыс машиналарының машинистеріне
арналған материалтану» (М.: Высш. шк., 1987)
кітабынан білуге
болады. Жинақтаушы бұйымдар туралы мәліметтер «Жол және
құрылыс машиналарына арналған жинақтаушы бұйымдар» («Машмир»
АҚ, 1995) каталог-анықтағышында берілген.
Жинақтаушы бұйымдар дегеніміз — әзірлеуші кәсіпорын
шығаратын жиналмалы бірліктің құрамдас бөлшегі ретінде
қолданылатын әзірлеуші кәсіпорынның (жеткізушінің) бұйымы.
Достарыңызбен бөлісу: