цифр түріндегі таңбалардың үшінші тобы кинематикалық тұтқырлық
қатарын сипаттайды.
ТМ-3-9 майын суық және қоңырсалқын климаттық өңірлерде
барлық ауысым кезінде, ал ТМ-3-18 майын қоңырсалқын және ыстық
климаттық өңірлерде қолданады.
Эксплуатациялық қасиеттері бойынша трансмиссиялық майлар бес
топқа бөлінеді.
Бірінші топқа 900 ... 1 600 МПа контактілік кернеу мен
майдың 90 °С дейінгі температурасы кезінде жұмыс жасайтын
цилиндрлік, конустық және бұрамалық
берілістерге арналған
минералдық майлар жатады.
Екінші топқа да осы, бірақ ескіруге қарсы
қоспалары бар майлар жатады, олар жоғарыда көрсетілген берілістерде
2 100 МПа контактілік кернеу мен майдың 130 °С температурасы
кезінде қолдануға арналған.
Үшінші топ — 2 500 МПа дейінгі
контактілік кернеу мен майдың 150 °С дейінгі температурасы кезінде
жұмыс жасайтын цилиндрлік, конустық,
шиыршық конусты және
гипоидтік берілістерге арналған, қажалуға қарсы қалыпты тиімділіктегі
қоспалары бар минералдық майлар.
Төртінші топ — үшінші топ
майларын қолданатын, бірақ 3 000 МПа дейінгі контактілік кернеу
кезінде жұмыс жасайтын берілістерге арналған, қажалуға қарсы
жоғары тиімділіктегі қоспалары бар минералдық майлар.
Бесінші топ
—
қажалуға қарсы жоғары тиімділіктегі
қоспалары бар және әрекеті
көпфункционалды майлар, сондай-ақ әмбебап майлар, олар 3 000 МПа,
дейінгі контактілік кернеу мен майдың 150 °С дейінгі температурасы
кезінде үлкен жүктемемен жұмыс жасайтын гипоидтік берілістерге
арналған. Жол және құрылыс машиналарында тежегіштік, іске қосу
және салқындатқыш техникалық сұйықтықтар қолданылады.
Тежегіштік сұйықтықтар машиналар тежегіш жүйелерінің
гидравликалық жетектерінде пайдаланылады. ГТЖ-22М, «Нева» және
БСК сұйықтықтары кең таралған. ГТЖ-22 М мен «Нева»
сұйықтықтары барлық ауысымда қолданыла береді, ал БСК сұйықтығы
жылдың тек жылы мезгілінде ғана қолданылады. Сұйықтықтар улы,
сондықтан оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік
шараларын сақтау
керек. Оларды кәріз желісіне төгуге тыйым салынады. Пайдаланылған
БСК мен «Нева» сұйықтықтарын өртейді, ал ГЖТ-22М сұйықтығын 10
... 15
есе артық сумен араластырады да, терең шұңқырға құйып,
топырақпен көміп тастайды.
Іске қосу сұйықтықтарын төмен температура кезінде (қыста)
двигательді
іске
қосуды
жеңілдету
үшін
пайдаланады.
Сұйықтықтардың екі түрі бар: «Холод Д-40» (дизельге арналған) және
«Арктика» (карбюраторлық двигательдерге арналған).
Салқындатқыш
сұйықтықтарды
(су,
антифриз,
тосол)
двигательдердің салқындату жүйесінде пайдаланады. Двигательдерге
арналған салқындатқыш сұйықтық ретінде механикалық қоспалары
мен
еритін тұздары жоқ таза, жұмсақ су қолданылады. Бұдан басқа
қайнатылған суды немесе двигательдің салқындату жүйесінен ағызып
алған суды пайдалануға болады. Салқындату жүйесінен ағызып алған
суды таза ыдыста сақтау керек. Кермек суды каустикалық содамен (10
л-ге 6 ... 7 г) немесе үшнатрийфосфатпен (10 л-ге 10 ... 20 г) жұмсарту
керек. Каустикалық сода мен үшнатрийфосфаттың қажетті мөлшерін
шағын ыдысқа салып, су құяды да, 20 мин мұқият араластырады. Кейін
ерітіндіні салқындату жүйесіне арналған су бар бөшкеге құяды да, 2-3
сағат тұндырып қояды, содан соң оны салқындату жүйесіне немесе
радиаторға құяды.
Құрамында хлорид немесе сульфат бар суды салқындату жүйесіне
құюға болмайды, себебі ол радиатордың латун құбырларын бұзады.
Басқа су болмаса, зиянды қоспалары бар суға 10 л-ге 10 г мөлшерінде
сұйық шыны құю керек.
Салқындату жүйесіне суды ұсақ торы бар құйғыш арқылы бактің
үстіңгі бетінен 40 ... 50 мм деңгейге дейін құяды. Су жақсы сүзілу үшін
құйғыш торының үстіне мата майлық салуға болады.
Қызып тұрған
двигательге суық су құюға болмайды, блок сырты мен цилиндр
бастары жарылып кетуі мүмкін. Осы себептен қыста салқын
двигательге ыстық су құюға болмайды. Су құйылғаннан кейін
радиатордың құятын мойнын қақпақпен жабады.
Қысқы уақытта двигательдің салқындату жүйесіне су
орнына
антифриз немесе тосол құйған дұрыс. Бұл сұйықтықтар улы
болғандықтан, қауіпсіздікті сақтаған дұрыс. Радиаторға құйылатын
антифриз немесе тосол мөлшері судан аз болуы керек, себебі олардың
кеңею коэффициенті көп.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Машиналарға техникалық қызмет көрсету құрамына кіретін жұмыс түрлерін
атаңыз.
2. Жуу-тазарту жұмыстарын қандай ретпен жүргізеді?
3. Бекіту жұмыстары не үшін орындалады? Бұрандалы біріктіруді қалай ұстатады?
4. Машинаның жиналмалы бірліктерін реттеуді қамтамасыз ететін не?
5. Күш құрылғысын реттеуді қалай жүргізеді?
6. Машинаның ілінісуі мен тежегішін дұрыс реттеу туралы айтып беріңіз.
7. Майлау материалының басты қажеттілігін түсіндіріңіз және картердің
мойынтіректерін, тістегершіктерін майлау тәсілдерін сипаттаңыз.
8. Машинаны майлау сызбасы мен кестесінде қандай мәліметтер келтіріледі?
9. Жұмыс сұйықтықтарының тағайындалуы, олардың
маркілері туралы айтып
беріңіз. Жол-құрылыс машинасының гидрожүйесін толтыру реті қандай?
10. Мотор және трансмиссиялық майлардың, тежегіштің, іске қосу және
салқындатқыш сұйықтықтардың тағайындалуы мен маркілері туралы айтып
беріңіз.