13
таза
шүберекпен
сүртіледі.
Аккумулятор
батареясындағы
дистиллденген су тексеріледі, қажет болса, толтырылады.
КҚ жүргізу үдерісінде бульдозер гидрожүйесі сүзгілерінің ластану
деңгейін міндетті түрде тексереді; қажет болса, сүзуші элементті
машинаның қосалқы жиынтығындағы жаңа элементке ауыстырады.
Қозғалтқыш, тежегішті басқару тетіктері, жұмыс жабдығы,
жарықтандыру мен сигнал беру аспаптарының жұмысқа қабілеттілігіне
назар аудару керек. Жұмысқа қабілеттілік тартқыштар мен тұтқалар
жүйесінің еркін, тұрып қалмай ауысуымен дәлелденеді.
ТҚ-1 операцияларын орындай отырып, бульдозердің үйкелетін
біріктірулеріне майлау материалын жағады (4.4-тарауша), тірек және
ұстап тұратын тығыздағыштарға 15 және 17 (4.1-сурет), тарту
дөңгелектеріне 11, қайырма 6 гидроцилиндрлерінің топсаларына
жанармай құяды. Майлаудан бұрын машинаны жол шаруашылығында
бар жуатын құрылғы арқылы қысымды ыстық су ағынымен жуады.
Гидрожелідегі жоғарғы қысымды манометрмен өлшейді, ол үшін
бульдозер қайырмасын соңына дейін көтереді де, гидротаратқышты
қосылған жағдайда ұстап тұрады. Гидробакті жуу мен сүзгіні жиналып
қалған қоспалардан тазартқаннан кейін осы сүзгінің сақтандырғыш
клапанын реттеуді жүргізеді. Сүзгіге бірге орнатылған сақтандырғыш
клапан бульдозерді қолдану жөніндегі басшылықта көрсетілген нақты
мәннен артық қысым көтерілген жағдайда жұмыс сұйықтығын бір
қуыстан басқа қуысқа өткізуге арналған.
ТҚ-1, ТҚ-2 жұмыстары біріктірілуі мүмкін. Оның көлеміне
мыналар кіреді:
■
тоқтату тежегішінің лентасы мен барабаны арасындағы саңылауды
тексеру (Эксплуатация жөніндегі басшылық бойынша бұл саңылау
0,51 мм құрайды);
■
жүріс құрылғысы жетекші дөңгелектерін бекіту гайкасын тарту;
■
гидрожүйе багін тазарту;
■
жанармай багі мен бастапқы және майда тазалау сүзгілерінен отын
қалдығын төгу;
■
аккумулятор клеммдерінің жағдайын бақылау;
■
гидрожүйе сүзгілерін ауыстыру;
■
цилиндр бастарының бекітілу гайкаларын баламалау кілтімен тарту;
■
аккумулятор батареялары электролитінің тығыздығын анықтау
және қажет болса, оларды қосымша қуаттау.
Бульдозерлерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарының циклі
ауысымдық операциялармен (АО) аяқталады.
|