13
Бульдозерлерді мақсатқа сай қолданудың көктемгі-жазғы кезеңіне
өту кезінде капоттан жылытқыш қаптаманы шешеді, қысқы
жанармайды жазғыға ауыстырады, кабинаны жылытқышты өшіреді,
аккумулятор батареяларындағы электролиттің тығыздығын жазғы
нормаға дейін келтіреді.
Қолданыстың күзгі-қысқы кезеңіне көшу кезінде оталдыру шамы
мен іске қосу алдындағы жылытқыш оттығын күйеден тазартады,
олардың жұмысқа қабілеттілігін тексереді, жазғы сұрыптағы май мен
отынды қысқыға ауыстырады, аккумулятор батареяларындағы
электролиттің тығыздығын қысқы нормаға дейін келтіреді.
СКРЕПЕРЛЕРГЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Скреперлердің келесі құрамдас бөліктері мен жиналмалы
бірліктеріне техникалық қызмет көрсетіледі (1.2-сурет): базалық
тартқыш 1, буфер рамасы мен жүріс бөлігі бар шөміш, отыру-ілінісу
құрылғысы 2 және 6. Автономды түрде базалық дөңгелекті тракторға 5
техникалық қызмет көрсетіледі. Базалық тартқыш пен гидрожабдыққа
техникалыық қызмет көрсету туралы жалпы мәліметтер 5.3, 5.4-
тараушаларында берілген.
Техникалық қызмет көрсетудің түрлеріне қарай технологиялық
үдерістер мен операциялар 2.1 ... 2.4-тараушаларда көрсетілген
жұмысты орындаудың қабылданған жүйесіне сәйкес бөлінеді.
Скрепердің КҚ ауысым басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін
жүргізіледі. Ауысым басталғанға дейін машинаны қарап, байқалған
ақаулықтарды жояды, қозғалтқыштағы, жанармай сорғысындағы,
рульдік басқару және скреперлік (жұмыс) жабдық гидрожүйесі
гидробактеріндегі май деңгейін, радиатордағы салқындатқыш
сұйықтық деңгейін тексереді. Шиналардағы ауа қысымын, аспаптар
жұмысын бақылайды. Ауысым аяқталған соң су буының конденсатын
болдырмау үшін суығанын күтпей, жанармай багін толтыру керек;
сондай-ақ аккумулятор батареяларын («массаны») сөндіреді.
Скрепер ТҚ-1 операцияларының құрамы мынадай:
■
КҚ жұмыстарын орындау;
■
жанармай багінен отынның қалдығын төгу;
■
негізгі жиналмалы бірліктердің бекітілуін тексеру;
■
рульдік басқару жұмысының қалыптылығын тексеру, қажет болса,
руль дөңгелегінің бұрыштық люфтісін реттеу;
■
дөңгелектік тежегіштерді реттеу;
|