ажыратады, оларды алады;
■
білікті (пневмодөңгелек) ылғалдандыру мен тазарту жүйесіне
демонтаж жасайды;
■
білікті айналдыру гидроцилиндрлерін ажыратады және оларды
тазалықта сақтау үшін сөреге орналастырады;
■
күш құрылғысының (қозғалтқыштың)
рамасын негізгі жетекші
рамадан ажыратады және күш құрылғысы модулін еденге төселген
ағаш төсемдерге түсіреді;
■
күш құрылғысы рамасын біліктердің біреуі жағынан тежеуді
жүргізеді және оның бөлігін төсемдерге түсіреді;
■
осы операцияны өзге білікпен де жүргізеді, раманы арнайы бөлінген
орынға қояды;
■
пневмодөңгелекті білік жетегінің планетарлық редукторы бар
тірегін жүкті қармау құрылғысымен ұстап тұрып, оны ажыратады,
еденге қойып, бұрандамасын босатады, гидромоторды алады;
■
осы операцияны екінші пневмобілікті бөлшектеу үшін орындайды;
■
тұншықтырғышты түтігімен бірге ажыратып, күш
құрылғысын
рамадан шығарады;
■
сорғы стансасына демонтаж жасайды, оны алдымен қозғалтқыш
сермерінің картерінен ажыратады.
Ағымдық жөндеудің технологиялыұ үдерісі осымен аяқталады.
Бұдан кейін жөндеу жұмыстары алынған құрамдас бөліктер мен
жиналмалы бірліктерді ақаулық ведомосіне
сәйкес детальдардың
жекелеген жиынтықтарына бөлу үшін жүргізіледі. Тозған детальдарды
қалпына келтіреді, жөнделген құрамдас бөліктердің жұмысқа
қабілеттілігін арнаулы стендіде тексереді.
Катка бөліктерін жинау оларды бөлшектеуге қарсы ретпен,
бірақ
технологиялық талаптар қатарын сақтау арқылы жүргізіледі:
■
үйкелетін үстіңгі беттер мен бұрандалы біріктірулерді жинау
алдында майлайды;
■
металл құрылымдарының дәнекерленген жіктерінде жарық, күйген
жерлер, кеуектік жоқтығын тексереді;
■
орнату алдында гидроконтур құбыр желілері арқылы қысымды ауа
жібереді.
Ағымдық жөндеуден кейін машинаны алдан-ала әзірленген
бағдарлама бойынша сынақтан өткізеді.
Күрделі жөдеуді МС 2.602—2013 «КҚБЖ. Жөндеу құжаттары»
және МС 2.604—2000 «КҚБЖ. Жөндеу сызбалары. Жалпы талаптар»
стандарттарына сәйкес жөндеу құжаттары бойынша орындайды. МС
24408—80 «
Құрылыс машиналарына техникалыық қызмет көрсету мен
жөндеу жүйесі. Күрделі жөндеуге тапсыру және күрделі жөндеуден
шығару ережелері. Жалпы талаптар»
стандартының талаптары да
назарда ұсталуы тиіс.
Күрделі жөндеу құрамдас бөліктерді толық бөлшектеу мен
ақаулықтан арылту, жабысқан балшық пен реагенттерден тазарту,
тозған жиналмалы бірліктер мен қозғалтқышты ауыстыру, біліктерді
ажырату (жаңамен ауыстыру), жөнделген
жерлерді бояумен бірге
орындалады. Жөнделген машиналар күрделі жөндеуге тапсырған
иелеріне қайтарылады.
Достарыңызбен бөлісу: