7.7.
ҚҰБЫР ТАРТҚЫШ КРАНДАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ
Құбыр тартқыш кранға техникалық қызмет көрсетуге қатысты
басты нормативтік-техникалық құжат – Құбыр тартқыш крандар
құрылымы және қолданыс қауіпсіздігі ережелері (ҚЕ 10-157-97). МС
2.602—2013
стандартына сәйкес Эксплуатация жөніндегі басшылық
(ЭБ) әзірленеді, онда техникалық қызмет көрсету мерзімділігі,
тежегіштерді реттеу әдістері, техникалық куәландыруды жүргізу
тәртібі, машинаны қауіпсіз қалыпқа келтіру жөніндегі нұсқаулар,
апаттық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары, машина қызметінің
мерзімі, құбыр тартқыш кран құрылымы ерекшеліктерін есепке ала
отырып қызмет көрсету бойынша басқа да мәліметтер беріледі.
Тіркеу, жұмысқа қосуға рұқсат, техникалық куәландыру 10-157-97
ҚЕ 5.1 ... 5.4-баптарының талаптарына сай жүргізіледі. Құбыр тартқыш
кран иелері, сондай-ақ құбыр тартқыш крандарды қолданатын ұйым
басшылары
машиналарға
қызмет
көрсететін
персоналды,
машинистерді (краншыларды) оқыту тәртібін бекітуі, жұмысшылардың
құбыр тартқыш крандарды басқару мен техникалық қызмет көрсету
тәртібін сақтауын тексеруі қажет.
Құбыр тартқыш крандарға қызмет көрсетуге аттестациядан өтпеген
машинистерді (краншыларды) жіберуге болмайды. Жасы 18-ге
толмаған жұмысшыларға машинистің (краншының), слесарьдың
міндетін орындауға рұқсат етілмейді.
Машинистерді (краншыларды), гидравликтерді, жөндеушілерді
дайындау мен аттестациядан өткізу 2012 ж. 21 желтоқсандағы «Ресей
Федерациясындағы білім беру туралы» Федеральды заңға сәйкес
кәсіби-техникалық оқу орындарында жүргізіледі. Оқу орындарының
теориялық және практикалық білім беруге арналған базасы,
ауылшаруашылығын қадағалау органдарының рұқсаты (лицензиясы)
болуы тиіс. Машинист (краншы), слесарь, жөндеуші жұмыстарына
рұқсат құбыр тартқыш кран иесінің бұйрығымен (өкімімен)
рәсімделеді. Жүк көтеруші жабдық пен базалық тракторға техникалық
қызмет көрсету (ТҚ) түрлері мен мерзімділігі, әдетте, бірдей. Олар
құбыр тартқыш кранды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес
жүргізіледі, олар бойынша ТҚ-1 мерзімділігі 60 ... 150 мото-сағатты;
ТҚ-2 — 240 ... 300 мото-сағатты; ТҚ-3 — 900 ... 960 мото-сағатты
құрайды. ТҚ-1 саны жұмыстың 900 ... 960 мото-сағаты ішінде 3 ... 12;
ТҚ-2 — 2—3; ТҚ-3 1 рет жүргізіледі.
Егер құбыр тартқыш, яғни құбыр жүргізуші кранға техникалық
қызмет көрсету керек болатын болса, оны одан әрі пайдалану
тоқтатылады, кейін қажетті ТҚ жүргізілгеннен кейін қайта жалғасуы
мүмкін. Кезекті ТҚ жүргізуге дейін жүк көтеруші құрылғының
жұмысында ақаулық табылса, ол кезектен тыс ТҚ жүргізу арқылы
жедел жөнделуі тиіс. Кезектен тыс ТҚ кезінде жойылатын ақаулықтар,
негізінен, көзбен қарау, есту немесе тиісті аспаптардың көрсеткіштері
арқылы анықталады.
Құбыр жүргізуші крандарға жоспарлы техникалық қызмет көрсету
кезінде орындалатын операциялардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Ауысым сайынғы (АСҚ) техникалық қызметтен бастайық, оны әрбр
ауысым алдында және ауысым аяқталған соң жүргізеді.
Машина тоқтағанша мыналарды тексереді:
■
бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін;
■
құрамдас бөліктер мен жиналмалы бірліктердің бекітулері
босағандықтан дірілдің болуын;
■
құбыр желілері біріктірілген жерлердегі ағып кетулерді;
■
жүкшығырдың, серпу тетігі мен айнымалы ұшатын қарсы салмақ
жылжуының жұмысқа қабілеттілігін;
■
жебені көтеруді шектеу қызметін;
■
дыбыс сигналының, жарықтандыру аспаптарының, әйнек
тазартқыштардың, желдеткіш пен кабинаны жылытудың
дұрыстығын.
Көрсетілген тексерістерді орындаған соң қозғалтқышты тоқтатып,
машинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықтың тиісті тарауларына сәйкес
базалық трактордың тетіктері мен жиналмалы бірліктеріне техникалық
қызмет көрсетуге кірісуге болады.
Тоқтап тұрған қозғалтқыш кезінде техникалық қызмет көрсету
тетіктердің қызып кету дәрежесін, сыртқы бекітулер мен тежегіш
құрылғылары жағдайын, басқару тұтқалары жүрісінің жеңілдігін,
гидрожүйе багіндегі жұмыс сұйықтығы деңгейін, жүріс құрылғысы
элементтерінің бекітілу жағдайын, гидроцилиндр штоктарында
қисаюдың (қыс мезгілінде штоктарда мұз қатуына жол берілмейді)
болуын тексерумен қоса жүргізіледі. Құбыр жүргізуші кран
машинистері машинаны қарау нәтижелерін вахталық журналға жаза
отырып, жүргізуі керек.
ТҚ-1 техникалық қызмет көрсетуді орындауға көшу алдында мына
операциялар жасалуы талап етіледі:
■
алдымен машинаны шаңнан, кірден тазартады, жуады, кабина
терезелерін таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді;
■
кейін ауысым сайынғы ТҚ операцияларын орындайды;
■
құрамдас бөліктерге тракторды қолдану жөніндегі нұсқауда
көрсетілген ТҚ-1 көлемінде қызмет көрсетеді;
■
металл құрылымдардың дәнекерленген жіктерін мұқият тексереді,
қажет болса, байқалған ақаулықтарды тез арада жөндейді;
■
машинаның арқандарын тексереді, үзілген сымдардың санына көңіл
бөледі;
■
тетіктерді реттейді және майлайды;
■
жүк көрсеткішінің жағдайын, датчикті бекіту бұрандамаларының
тартылуын, корпус пен штепсель біріктірулерінің механикалық
зақымдануларын бақылайды.
ТҚ-2 техникалық қызмет көрсету кезінде ТҚ-1 операцияларын
орындау міндетті, кейін қолдану жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа
ала отырып, тежегіш ленталары қаптамаларының ескіруін тексеруді,
гидрожүйе сүзгілерін шаюды, кестеге (4.4-тарауша) сәйкес майлауды
жүргізеді. ТҚ-2 көлеміндегі барлық операция ТҚ-3 техникалық қызмет
көрсетумен бірге жүргізіледі. Бұдан басқа, ТҚ-3 кезінде мыналар
орындалуы тиіс:
■
барлық блок пен барабанды мұқият қарау;
■
тежегішті гидроитергіштерді бөлшектеу;
■
тығыздаушы сақиналарды тексеру;
■
гидроитергіштерді жинау;
■
гидробакті жуу;
■
жебені көтеруді шектеушіні дизель отынымен шаю арқылы ревизия
жүргізу;
■
тетіктерді бөлшектемей тексеру (кардан білігінің біріктірулері
қатты тозған болса, оны ауыстырады);
■
тығыздаушы сақиналарды тексере отырып, гидроитергіштерді
бөлшектеу;
■
майлау картасына сәйкес жиналмалы бірліктерді майлау.
7.8.
Ауысымдық (АҚ) техникалық қызмет көрсетуге көшу кезінде
машинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықта бекітілген жұмыстарға
сәйкес құбыр жүргізуші кранды қолданудың күзгі-қысқы және
көктемгі-жазғы кезеңдерінің операцияларын орындайды.
ҚҰБЫР ЖҮРГІЗУШІ КРАНДАРДЫ ЖӨНДЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Жөндеу көтергіш құрылғыларды әзірлеуді, жөндеуді және
мотаждауды қадағалау жөніндегі нұсқаулық (РД 10-08-92) бойынша
жүргізілсе, сапалы орындалады. Жөндеу жұмыстарының көлемі
жөндеудің түріне (ағымдық немесе күрделі), машинаның техникалық
жағдайына байланысты. Құбыр жүргізуші крандарды кестеге сәйкес
жөндеуге шығару керек, оның сақталуын бақылау осы машиналарды
жұмыс жағдайында ұстап тұруға жауапты инженер-техникалық
жұмыскерге жүктеледі.
Құбыр жүргізуші кран машинисі жоспарлы алдын-алу жөндеу
жүйесін білуі тиіс.
Құбыр жүргізуші кранды ағымдық жөндеу кезінде оны жартылай
бөлшектеп, жиналмалы бірліктердегі, тетіктер мен құрылғылардағы
(жебе, жүкті көтеру, түсіру тетігі, шеңбер, қарсы салмақ) анықталған
ақаулықтарды жою керек. Бұған қоса, осы аталған тетіктерді жаңа
немесе жөнделген тетіктермен ауыстыру жүргізіледі.
Құбыр жүргізуші кранның құрамдас бөліктері мен жиналмалы
бірліктерін ажыратуды, кейін қайта жинауды жүргізу кезінде өте
мұқият болу керек. Ағымдық жөндеу жүргізу технологиясында құбыр
жүргізуші кранды бөлшектеудің мына реттілігі қолданылады:
■
машинаны нысандағы тегіс алаңға орнату;
■
қарсы салмақ жүктері мен рамасын алу;
■
жебені 6 (1.6-сурет) гидроцилиндрмен 5 бірге шеткі жағдайға
түсіру;
■
ілмек шеңберді 8 алаңға түсіру, аспалы шеңбердегі 7 арқанды
бекіткен сынаны алу, арқанды жүкшығырға 3 орау және оның
шетін сыммен барабанға бекіту;
■
жебеге 6 демонтаж жасау;
■
кран-манипулятормен жебені 6 түпкі бөлікте (негізде) ұстап тұрып,
жебені 6 порталдан 2 босату және оны алаңға түсіру;
■
қарсы салмақ 1 элементтерін (күйенте мен тартқыш) алу;
■
қарсы салмақ 1 гидроцилиндрінің штогын шығарып, операциялар
жүргізгеннен кейін штокты орнына итеру;
■
жүкшығырды 3, ілмектік 8 және аспалы 7 шеңберді бөлшектеу.
Бөлшектеуден кейін детальдарды жуу мен техникалық жағдайын
тексеру жүргізіледі, бұл кезде ұсақ ақаулықтар (металл
жапырылулары, қылаулары), ақаулықтары бар детальдар кең таралған
балқыту және мехникалық өңдеу әдістерімен қалпына келтіріледі.
Құбыр жүргізуші кранды жинау бөлшектеуге қарсы тәртіпте
орындалады. Беттері тегістелген және жалтыратылған детальдарды
зақымдану мен ластанудан қорғай отырып, жинайды. Үйкелетін және
бұрандалы детальдардың үсті солидолмен майланады.
Бөлшектелген мойынтіректерді бензинмен жуып, қысымды ауамен
үрлейді. Жинау кезінде муфталармен біріктірілген біліктер осьтерінің
сәйкестігі сақталуы тиіс. Біліктер еркін, қысылып қалмай, айналуы
керек. Құбыр желілері мен шлангілер орнату алдында қысылған
ауамен үрленуі тиіс. Машинаның жоғары технологиялық бөлігі болып
табылатын күйентені жинау реті қатаң сақталғаны дұрыс.
Ағымдық жөндеуден кейін орындалған жұмыстың сапасы бақылау
үшін толтырып жанармай құйылған құбыр жүргізуші кран бос
жүріспен және жүктемемен сынақтан өткізіледі. Жүргізілген жөндеу,
сынақ өткізілген күн мен оның нәтижелері туралы мәліметтер құбыр
жүргізуші кранның төлқұжатына енгізілуі тиіс (ПБ 10-157-97 4-
қосымшасының 10-тармақшасын қараңыз).
Ағымдық жөндеу құбыр жүргізуші кранды жинаумен және бос
жүріс кезінде тексерумен аяқталады.
Құбыр жүргізуші кранды күрделі жөндеуге жіберу оның шекті
жағдайының (3.1.20-бап, 4-т. ПБ 10-157-97) көрсеткіштеріне
байланысты сыртқы тозу мен коррозиядан болат арқандардың бракталу
нормасын есепке ала отырып, орындалады. Болат арқандардың
бракталу белгілері ПБ 10-157-97 5-қосымшасында көрсетілген. Құбыр
жүргізуші кран металл құрылымдарының басты ақаулықтары ПБ 10-
157-97-
нің 3.3 ... 3.5-тараушаларында көрсетілген.
Құбыр жүргізуші кранға күрделі жөндеу жүргізуде жөндеудің осы
түріне арналған қолданыстағы техникалық шарттарды басшылыққа алу
керек, соның негізінде машинаның тозған жиналмалы бірліктерін
жаңамен ауыстыра отырып, оны толық бөлшектеуді жүргізеді. Күрделі
жөндеу жүргізудің алдыңғы қатарлы әдісінің басты шарты –
ауыстыруға арналған жаңа құрамдас бөліктер мен тетіктердің айналым
қорының болуы, бұл шарт өңіраралық мамандандырылған жөндеу
кәсіпорындары үшін де, құбыр жүргізуші крандар мақсатқа сай
қолданылатын құбыр желілері құрылысы трассалары үшін де міндетті.
Құбыр жүргізуші кран төлқұжатына, ПБ 10-157-97 талабына сай,
машинаның жетекші металл құрылымдарын жөндеу және тетіктерді,
арқандарды, ілгіштерді ауыстыру туралы мәліметтер енгізіледі.
ІШТЕН ЖАНАТЫН ДВИГАТЕЛІ БАР ЖЫЛЖЫМАЛЫ
КОМПРЕССОРЛАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ
Достарыңызбен бөлісу: |