Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет72/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

 
7.9.1. Компрессорларға техникалық қызмет көрсету
 
Компрессорлардың техникалық қызмет көрсетуге жататын 
құрамдас бөліктері мен жиналмалы бірліктерін бөлшектеу осы 
кітаптың 1.3-тараушасында, ал техникалық сипаттамалары 1.9-кестеде 
берілген. 
Іштен жанатын двигателі бар жылжымалы компрессорды 
Эксплуатация жөніндегі басшылықта бекітілген, техникалық қызмет 
көрсету жұмыстарының көлеміне кіретін операцияларды орындамай 
тұрып пайдалануға рұқсат етілмейді. 
Іштен жанатын двигателі бар жылжымалы компрессорға 
техникалық қызмет ЭБ көрсеткіштеріне сәйкес, мынадай етіп 
тағайындалады:

күнде ауысым алдында және соңында КҚ;

компрессор жұмысының әрбір 120 мото-сағатынан кейін ТҚ-1;

машина жұмысының әрбір 240 мото-сағатынан кейін ТҚ-2;

қолданыстың көктемгі-жазғы кезеңінен күзгі-қысқы кезеңге өту
кезінде ауысымдық қызмет (АҚ) жүргізіледі.
ЭБ бойынша техникалық қызмет көрсетудің бекітілген
мерзімділігінен 10 ... 15 %-ға ауытқуға болады. 
КҚ кезінде двигатель яғни, қозғалтқыш картеріндегі май деңгейін 
тексереді (қозғалтқыш тоқтағаннан кейін 10 мин соң). Егер май деңгейі 
майөлшегіш сызғыштың төменгі белгісіне сәйкес болса (немесе аз 
болса), қозғалтқышты іске қосуға болмайды. КҚ кезінде сыртынан 
қарап, бекітулердің жағдайын, отын мен майдың ағып кетулері жоқ 
екендігін тексереді. Бұрандалы біріктірулер рұқсат етілетін шекті кезге 
дейін тартылуы тиіс (эксплуатация жөніндегі басшылықта және осы 
кітаптың 4.2-кестесінде көрсетілген). Ауысым аяқталған соң іштен 
жанатын 
қозғалтқыш 
картеріндегі 
май 
температурасын, 
қозғалтқыштың қызу температурасын өлшеп, алынған мәндерді шекті 
мәндермен салыстыру керек. 
ТҚ-1 және ТҚ-2 техникалық қызмет көрсетуді компрессорларға 
қызмет көрсететін жол ұйымдары эксплуатациялық базаларында 


орналасқан жабық орынжайларда жүргізеді. Ол жердегі ауа 
температурасы 5 °С төмен болмауы тиіс.
Жүргізілетін ТҚ-1 құрамына кіретін жұмыстар көлемі мынадай:

машина мен қозғалтқыштың КҚ операцияларын Эксплуатация
жөніндегі басшылыққа сәйкес орындау;

мойынтіректерде майлау материалы бар екендігін анықтау;

қажет болса, кесте мен майлау сызбасына сәйкес майлау жүргізу.
ТҚ-2 бойынша жұмыс көлемі, Эксплуатация жөніндегі басшылықта
көрсетілгендей, машинаның ТҚ-1 және қозғалтқыштың ТҚ-2 
операцияларын орындаудан тұрады. 
Іштен жанатын қозғалтқышы бар жылжымалы компрессордың АҚ 
жұмыстары кезекті техникалық қызмет көрсету операцияларын (оның 
ішіне қозғалтқыштағы отын мен мойынтіректердегі, жиналмалы 
бірліктердегі өзге де үйкелетін детальдарды майлау материалын 
ауыстыру кіреді ) орындаудан құралады.
Техникалық қызмет көрсетудің барлық түрін жол және құрылыс 
машиналарын жөндеу слесарымен бірге, әдетте, машинист атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет