Журасова А. Ш. Тарихты оқыту әдістемесі


Оқушылардың білімін тексеру, есепке алу және



Pdf көрінісі
бет30/36
Дата26.05.2022
өлшемі0.9 Mb.
#458660
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36
Оқушылардың білімін тексеру, есепке алу және 
бағалау тәсілдері 
Сабақта алған білімдері мен шеберліктерін баянды ету және 
тереңдете тҥсу жолында бақылау, оқыту және тәрбиелеу 
қызметтерін ҧштастра отыратын оқушылар білімін тексерудің 
және оның дәрежесін анықтаудын ҥлкен маңызы болады. Жалпы 
білімді тексеру мындай талаптардан тҧрады: 1) сҧрақты 
негіздеу(ӛткен білімдерсіз алға жылжу мҥмкін емес; 2) барлық 
оқушылардың 
жҧмысқа 
жҧмылдыру; 
3) 
оқушылардың 
ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп жҥргізу; 4) тексеру 
мазмҧнының жаңа сабақпен байланысты; 5) сабақ барысында 
тексеру кезеңін айқындау; 6) білімді бағалауды негіздеу керек. 
Білімді тексеру не береді: 
1.ҥнемі бақылау оқушының жҧмысын жақсартады, олардың 
танымдық мҥмкіндігін дамытады; 
2.мҧғалім мен сынып алдында жауап беру оқушыларды 
тҧрақты жҧмыс жасауға міндеттеп, тәрбиелейді; 
3.тексеру барысында оқушылардың ӛзара және мҧғаліммен 
байланысы жҥзеге асады; 
4. бағдарлама материалдарын берік игереді; 
5.мҧғалімге оқылып отырған курстың қиын және әлсіз немесе 
кҥшті тҧстарын анықтауға мҥмкіндік береді. 
Жалпы оқушы тарих курсы бойынша нені білуі керек? 
1. сипаттама беріп, тарихи оқиғаны баяндай білуі; 


125 
2. дамудың негізгі кезеңдерін бӛліп кӛрсете алуы; 
3.белгілі бір нақты ҧғымдардың мазмҧнын аша білуі; 
4.Оқиға мен қҧбылысқа баға бере білуі; 
5.есім, дата, атауларды есте сақтай білуі; 
6.белгілі бір терминдерді ҧғына білуі; 
7. карта, схема, таблицаларды білуі керек. 
Тексерудің барысында курстың негізгі фактілері мен 
ҧғымдары оқушылардың есінде қалатын болады, алған білімдері
терендей тҥсіп, қорытылып отырады, оқушылардың логикалық 
ойлауы, ауызша және жазбаша тілі дамиды, практикалық 
шеберліктері мен ӛз бетімен жҧмыс істеу дағдысы арта тҥседі. 
Сонымен бірге оқушылардың сабаққа дайындалуы унемі 
бақыланып отырады, олардың білімділігі мен шеберліктері
тексеріліп және бағаланып отырады, сондай ақ мҧғалім ӛз 
жҥмысының барысын тексереді. 
Тексерудің негізгі формалары: 
Толық ауызша жауап, орнында тҧрып, қысқаша жауап, 
жазбаша жҧмыс (пәптерге жҧмыс, тарихи диктант, шығарма, 
баяндама, реферат), графикалық жҧмыс (салыстырмалы кесте, 
карта толтыру), тест. 
Оқушының жауабын бӛлуге болмайды. Тек екі жағдайда ғана 
негізгіні бӛліп кӛрсете алмаса және тақырыптан ауытқыған кезде 
мҧғалім жетекші сҧрақтармен кӛмектесуі керек. 
Оқушының зейінін сабаққа аудару арқылы оның оқып-
білгенін тексерудің дәстҥрлі қалыптасқан формасы –сҧрақ қою 
арқылы жауап алу. Сабақ басындағы сҧрақ оқушыларды жаңа 
материялды игеруге дайындап, алдыңғы сабақ тақырыбындағы 
сҧрақтар мен тапсырмалардың мазмҧнын қамтуы тиіс. Мҧғалім 
тексеру ҥшін мазмҧны жағынан маңызды, игерілуі жағынан 
кҥрделі материалды таңдайды. Осы материал бойынша 
даярланған негізгі сҧраққа онымен іштей байланыстағы қосымша 
сҧрақтарды тіркейді. Сҧрақтың қҧрлымы қарапайым және дәл, 
балаларға тҥсінікті болуы тиіс. Әрбір жауап берген оқушыға 
сыныптастары ауызша пікір айта алады. 
Ауызша жауапқа пікір айтуға қойылатын талаптардьң 
жаднамасы мьнадай: 
1.Деректер, қорытындылар, оқиғаларды бӛліктерге бӛлудің 
дҧрыстығы және толықтығы. 
2.Мазмҧндаудың бірізділігі және дәлелілігі. 


126 
3.Жаңа тарихи терминдерді қолдануы және тҥсіндіруі. 
4.Карта, хронология, сандық мәліметтерді қолдануы. 
5.Жауаптағы сӛз қолдану қателері (қайталау, ҧзақтьқ, масыл 
сӛздерді қолдану, тіл жҧтандығы). 
Жауаптьң дҧрыс жақтарын бағалаудан бастап, кемшіліктерін 
тізумен аяқта. 
Оқушылардың білімін тексерудің бҥкіл класқа білім беру 
қҧрамына айналуына, оның барысында оқушылардың ынтасы 
артып, жыл бойында ықылас қоя тындауын қамтамасыз 
еткендегідей тәсілдерді ойластырудың маңызы зор. Осылай 
істегенде мына мәселелерді шешу қажет; а) тексерудің мазмҧны 
қандай болады, ә) ол сабақтың барысында қандай орын алады, б) 
ол қандай әдістерді қолдану арқылы іске асырылады. 
Тексерудің мазмҧны ӛткізіліп отырған сабаққа және бҧрыңғы
сабақтарға байланысты болады.Ең алдымен, мҧғалім қазіргі 
сабақта оқып ҥйреніліп отырған материалға тікелей байланысты 
болмауына қарамастан, оқушылардың ӛткен сабақтарда беріп 
меңгеріп алуы тиісті мәселелерді тексеруді белгілейді. Осы 
мақсатпен ол оқушылардың қажетті қорытындыны саналы 
тҥсінуі жолындағы ойлау қызметі барысын қарастырады. 
Сонымен бірге мҧғалім жана материалдың неғҧрлым саналы 
қабылдануы ҥшін қажет болатын білімдерді белсенді тҥрде іске 
қосу ҥшін ӛткендегіні қайталау сҧрақтарын белгілейді. 
Тексеру орны сабақтын қҧрылымына қарай анықталады. 
Тексерудің сабақтын басында ӛткізілуі мҥмкін, оны жана 
материалды пысықтау мен қосып сабақтын аяғында ӛткізуге 
болады.
Тексеру әдісі материалдың мазмҧнына байланысты болады. 
Мысалы, әңгіме немесе картинаны пайдалануда қажет ететін 
болса, оқушыны класс алдында толық жауап беруі ҥшін шақырып 
алып, қайталаған жӛн, ҧғымдары мен қорытындылары, 
логикалық байланыстарымен қарым қатынастары кӛп тексті 
бірінші тексеру барысында бҥкіл класпен әңгімелесу арқылы 
сҧраған дҧрыс. 
Кластын зейінін қоя тыңдауына жету және тексерудің оқыту 
мҥмкіндігін толық пайдалану ҥшін оқушылардың берген 
жауаптарын рецензиялап отырған тиімді болады. Егер мҧғалім 
оқушылардың орнынан берген жауаптарын бағалап отырса, 
мҧндай жҧмысқа оқушылар ынталана қатысады. 


127 
Тарихты оқыту методикасында оқушылардың білімін тексеру 
және есепке алу ең кҥрделі мәселе болып саналады және 
әдістемелік әдебиеттерде сан рет қарастырылып келеді. Совет 
методистерінің жҧмыстары және практик мҧғалідердің озат 
тәжрибелері білімді тексерудің функцияларының сан алуандығын
кӛрсетіп беріп отыр. 
Біріншіден, білімді тексеру процесінде оқушылардың сабақ 
ҥстінде және сабаққа әзірленген кездегі істеген жҧмыстарын 
ҥнемі тексеріп отыру, тексерудің нәтижесінде білідерін есепке 
алып, баға қойып қана қоймайды, сонымен қатар білім мен 
дағдыны одан әрі жетілдіре тҥсіп, оны ой елегінен ӛткізіп 
тиянақтайды. 
Екіншіден, білім беру дағыдыға ҥйрету мақсатымен ҥнемі 
жҥргізілген тексеру, оқушылардың ойынын дамуына, ойын 
ауызша айтып және жазып бере алуына, тарихи материалдармен 
жҧмыс істеу іскерлігімен дағдыларының одан әрі дамуына 
мҥмкіндік береді. 
Ҥшіншіден, білімді ҥнемі тексеру және есепке алып отыру 
мектеп оқушыларына зор әрбиелік ықпал жасайды. Мҧның ӛзә 
оларды 
кҥн 
сайын, 
тиянақты 
тҥрде 
жҧмыс 
істеуге 
ынталандырады, еңбек сҥйгіштікке , табандылыққа, ерік кҥші 
мықты болуға тәрбиелейді. 
Тӛртіншіден, оқушылардың білімін тексеру процесінде 
мҧғалім ӛзін ӛзі тексереді (мҧғалім ӛз ісінін нәтижесін тексереді, 
оның жақсы жақтары мен кемшіліктерін анықтайды)
Тек ҥйге берілген тапсырманы тексеріп қана қоймай мектеп 
оқушыларының кластағы оқу жҧмысын олардың ықыласын, 
белсенділігін, жаттығуларды мҧқият және дҧрыс орындауында
тексеретін болғанда ғана оқытудын нәтижелерін тексерудің
маңызы ӛсе тҥседі. 
Алдымен оқушыладың оқыту кезінде алған білімі, дағдысы 
және ой ӛрісінін дамуы тексеріледі. Оқушылардың тарихи 
материалды қаншалықты меңгергенің тексеру ғана жеткіліксіз, 
сонымен қатар білімнің тиянақтылығын, саналы тҥрде ҧғылуын 
және ӛмірмен байланысын, яғни оқушылардың оларды әр тҥрлі 
танып білу және басқа практикалық мәселелерді шешу кезінде 
пайдалана білу қабілеттілігін тексерудің маңызы бар. Оқылған 
материал бойынша қорытындылардың оқушының есәнде қалған 
қалмағанын тексеру жеткіліксіз, ол осы қорытындыны негіздеп, 


128 
дәлелдеп бере ала ма, жоқ па дегенді анықтау қажет. Оқушы тек 
хронологиялық даталарды есінде сақтаған не сақтамағананын
тексеру жеткіліксіз, сонымен қатар ол осы даталар бойынша қай 
оқиға ертерек, ал қайсысы кейінірек блғанын және ол неше жыл 
соң, неше жыл бҧрын болғанын анықтай алама, 5класс 
оқушысының б.э.д және б.э. жыл санау туралы тҥсінігі дҧрыс па, 
ол жылды ғасырмен және мың жылдықтармен байланыстырып 
тҥсіне білеме деген мәселелерде тексеріледі. 
Мҧғалімнің 
талабын 
оқушылардың 
қаншалықты
орындағандығы кҥн сайын тексерілгенде ғана оның пәрменділігі 
арта тҥседі. Егер мҧғалім тарих оқулығына еңгізілген сҧрақтарға 
оқушылардың жауап беруін талап етіп отырса ғана, олар бҧл 
сҧрақтарды ой елегінен ӛткізетін болады; егер мҧғалім олардан 
тек жеке сҧрақтарға жауап беруін ғана емес, сонымен қатар 
материалды кеңінен баяндап беруді талап ететін болса 
тапсырылған матреиалдағы ойды бір бірімен байланыстырып 
әңгімелеп береді.
Оқушылар мҧғалімнін тусіндіргеніне оқулықта жазылғанға 
қарап, оқып білмейді, мҧғалімнің сҧрауына, оның талап қою 
дәрежесіне қарай оқиды және біледі деген Н.Г.Дайридің 
пайымдауы әбден орынды. Біз бҧған оқушы материалды негізінен 
мҧғалімнің қойған сҧрағына қарай ойластырады дегенді 
қосқымыз келеді. 
Тексеру мҧғалімнің ғана емес сонымен қатар оқушылардың 
ӛздерінің де оқу барысындағы жетістіктерін ӛздерінің оқушылық 
міндеттерін дҧрыс та мҧқият орындайтын не орындамайтынының 
сезінулеріне және бағалауларына мҥмкіндік береді. 
Егер мҧғалім оқушының алға басқанын кӛрсетіп отырса 
тексерудің маңызы әсіресе ӛсе тҥседі, мысалы, бҧрынғыдан 
жақсы жауап бердің, жауабынды дҧрыс қҧра білдін, картаны 
пайдалануды сӛйлесуді ҥйреніп қалыпсын, бҧрыңғыдай емес 
ҧқыпты қарайтын болдың,оқуға кӛзқарасын жақсарды т.с.с айтып 
отыруы тиіс. 
Тарихты оқытудың тәрбиелік нәтижелерін тексерудің 
маңызы білім мен іскерлікті тексерудің маңызынан кем тҥспейді. 
Ең бастысы тарихтан алынғын білім қалай және қай тҧрғыда 
сезімге айналғандығын, оқушылардың сезімін тәрбилеуге және 
оларда дҥниеге материалистік кӛзқараспен әр бір адамға тән 


129 
қасиетті қалыптастыруға қаншалықты кӛмектескендігін анықтау 
болып табылады. 
Мҧғалім оқушылардың тарихи оқиғаларға моральдық 
жағынан баға беру ҥшін, тарихи адамдардың әрекеттерін 
мақҧлдаған немесе жақтырмаған пікірін айтып отыру ҥшін, 
сҧрақтар беріп жетектеуі қажет. Мҧндай тақырыптарға әңгіме 
ӛткізудің білімді жақсы меңгеріп және тиянақты ету ҥшін, ӛз 
ойын дҧрыс айтып беруге және дәлелдеп шығуға ҥйрену ҥшін 
балаларға моральдық тәрбие беру ҥшін ҥлкен мәні бар.
Сонымен қатар оқытудың тәрбиелік нәтижесін тексеру 
сабақтарымен ғана шектеліп қана қоймайды. Тарихи ҥйірмелерде, 
экскурсияларда, тарихи кәтапардан оқыған әңгімеде қоғамдық 
ӛмір қҧбылыстарына қатысы бар оқушылардың ынта жігері, 
таланттары кӛбіне сезімдері мен кӛзқарастары неғҧрлым толық 
ашылады. Мектеп кітапханасының оқулық формляры – тарих 
бойынша оқушылардың ынта жігерін тексеретін маңызды әдіс. 
Тарихты оқыту нәтижелерімен оқушылардың оқу жҧмысын 
тексеру пәнді оқытудың барлық процесін тексерудің, бағалаудың 
және жетілдіре тҥсуудің кілті болып табылады. 
Оқушылардың білімін тексерудің мынандай әдістері 
қолданылып келеді: 
А)толық жауап алу ҥшін шақырып алу, ә) орнынан қысқаша 
жауап беруге шақыру, б) оқушыларды жолдастарының берген 
жауабына тҥзету және қосымша еңгізуге қатыстыру, в) алдын ала 
берілген сҧрақ бойынша қысқаша хабар жасау, г) карточалар 
бойынша міндеттерді шешу немесе документі, иллюстрацияны, 
каринаны талдау, д) негізгі тҧжырымдарды тақтаға жоспар, схема 
тҥрінде жазып қою, соңынан бҧларды талдау, е) сабақ ҥстінде 
атқарған практикалық жҧмысы ҥшін баға қою, ж) алдын ал 
ескерпей тҧрып, бҥкіл класс оқушыларының білімін жазбаша 
тҥрінде тексеру, з) класта жазылған творчествалық шығармасын 
бағалау, и) науқастанып қалып сабақты жіберіп алған немесе 
тақырып мазмҧның меңгере алмаған жеке оқушылардан ӛткен 
тақырып бойынша зачет алу. 
Білімін және шеберлігін тексерудің сан қилы әдістерін 
пайдалану оқушылар дәптерін ҥнемі жҥргізіп отырғанда ғана 
мҥмкін болады. Дәптерлерге кейбір оқиғалар мен қҧбылыстардың 
қ қорытындысы, себептері, салдары және маңызы, ҧғымдар мен 
терминдердің анықтамалары, тексті, хронологиялық және 


130 
синхронологиялық таблицалар, схемалар мен суреттер,сабақтың 
жоспары және т.б жазылады. 
Оқу теориясының дамуы барысында оқытудың, білімді 
тексерудің ауызша,жазбаша әдістері, білімді бағалаудың бес, он 
балды жҥйелері пайда болып дамыған. Білімді тексеруде әдістер, 
тәсілдер қлданылған. Мысалы: ауызша, жазбаша, әдістін 
тәсілдерін нҧсқау, кӛрсету, машықтандыру, тапсырма беру, 
бекіту т.б. 
Білімді тексерудің ауызша әдісі қойылған сҧраққа жауап 
айтуды талап етеді, байланысты, жҥйелі сӛз сӛйлеуге ҥйретеді, 
оқушының материалдық мазмҧның толық меңгеруге ықпал етеді, 
бірақ миға артық жҥктеме тҥсіреді, білімді тексерудің қажетті 
тереңдігін қамтамасыз ете алмайды. 
Білімді тексерудің жазбаша әдісі оқушының тақырыптың 
немесе оқу материалының; мазмҧның толық меңгеруге ықпал 
етеді, бірақ миға артық жҥктеме тҥсіреді, білімді тексерудің
қажетті тереңдігін қамтамасық ете алмайды. Жазбаша әдіс 
оқушылардың ойлауын қамтамасыз етеді 
Білімді 
тексерудің 
ауызша, 
жазбаша 
әдістерінде 
субьективизм басым, себебі кӛп жағдайда оқушылардың жауабы 
әділ бағаланбайды. Осы әдістермен бірге 1970-1980 жылдары 
«оқыту процесін технологизациялау», «программалап оқыту» 
жҥйелері оқу процесіне ендірілді. 
Оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру мен есепке 
алудың сан алуан тҥрлері тиімді пайдаланылады. Толық жауап 
беру ҥшін оқушыларды шақыру. Мҧндай жауаптар оқушылардың 
сӛз байлығын дамытуда, оқулық тексті бойынша немесе оның 
иллюстрациясының мазмҧны бойынша жақсы әңгіме қҧру ҥшін 
бағыт кӛрсетуде ерекше рол атқарады. 
Оқушыларды толық жауап беруге шақырудан бас тарту қате 
әрі зиянды болар еді. Алайда білім тексерудің бҧл тҥрін алсақ та, 
сондай ақ оның басқа тҥрлерін алсақ та, егер оны бӛліп алып 
қолданатын болсақ, теріс жақтары болып шығар еді. Сабақта 
балалардың сӛйлеу дағдысы әлі біршама жетілмеген кезде, толық 
жауап беру ҥшін шақыру кӛп уақыт алады. 
Толық жауап беру ҥшін сҧраудың кӛрсетілген кемшіліктерін 
ескере отырып, озат мҧғалімдер сҧраудың бҧл тҥрін жауаптарды 
талдауға және оны толықтыруға бҥкіл кластын назарын 
аударымен ҧштастырып отырады. 


131 
Оқушылардың тақырыптың неғҧрлым елеулі мәселелері 
бойынша қысқаша жауап беру ҥшін шақыру. Карта немесе тақта 
жанында толық жауап берумен қатар, оқушылар орнынан тҧрып 
қысқа да жауап береді. Тексерудің бҧл тҥрі оқушылардың сабақ 
пен тақырыптың мазмҧнындағы негізгі мәселені анықтап, 
жауаптарын қысқаша тҧжырымдауға ҥйретеді. Бҧл жолмен аз 
уақыттың ӛзінде оқушылардың кӛбінен сҧрауға болады.
Алайда, егер ол 5-6 кластарда білімді тексерудің негізгі 
тҥріне айналдырылса, оқушыларды қысқаша жауап беруге 
шақырудың кемшілігі бар: жауаптардың белгілі ҥстірттегі мен 
жалпы қағидалардың нақтылығының жеткіліксіздігі пайда 
болады.: оқулық текстімен мҧқият жҧмыс істеуге деген 
оқушылардың ықыласы кемиді.; оқушылардың сойлеген сӛзіне 
мҧғалімдердің талап қоюшылығы тӛмендейді.; егер бағалар 
бірнеше сабақтарда берген жауаптардың санына қарай 
қойылмаса, қысқаша береген жауаптарға қарап қойылған бағалар 
кӛбіне кездейсоқ сипат алады.
Оқушылардың орнынан тҧрып жауап беруінін маңызды 
тҥрінің бірі оларды ӛз жолдастарының берген жауаптарын 
тҥзетіп толықтыру жҧмысына тарту. Әдетте, мҧндайда 
белсенділігін кӛрсетіп, шақырылған оқушылардың жауаптарын 
мҧқият тындап, тҥзетулер жасау мен толықтыруға қҧмар ақ 
болады. Бесінші класс оқушылардың толықтырулары мен 
тҥзетулерінің бір ерекшелігі олар бір фактілерді сәл ғана 
ӛзгертілген вариантпен қайталауға қҧмар болады. Жауаптарды
рецензиялау тәсілдерін мҧғалім ҥйретіп және оған жиі 
жаттықтырған жағдайда олар бірте бірте неғҧрлым маңыздырақ 
болар еді. 
Оқушылар тек фактілерді тҥзетіп, анықтап және толытырып 
қана қоймай, сонымен қатар жолдастарының жауаптарындағы
қорытындыларды да тҥзетеді, жҥйелі тҥрде баяндалмағанын, 
қорытындының болмағандығын немесе оның дәлелденбегендігін 
байқап отырады. Оқушылар бірте бірте ҧсақ тҥйекке кӛңіл 
аудармай, қалып қоймай ең басты мәселемен әңгімені 
толықтыруға ҥйренеді. 
Оқушылардың 
жауаптарын 
балалардың 
ӛздері 
рецензиялаудың олардың ой ӛрісін дамытуда маңызы зор. 
Оқушылардың 
жауаптарын 
тҥзетіп 
әрі 
толықтыруға 
мҥмкіндігінше кластың барлық оқушыларын, ӛз ерімен жауап 


132 
бергісі келетіндерді де және неғҧрлым енжар оқушыларды да
тартып оытрудың маңызы зор. Жауапты толықтырғаны ҥшін 
тиісті бағалар қойылуы қажет. Кейде оқушыларға «әр сабаққа 
баға қойылады» яғни олардың бір сабақтың басынан аяғына
дейін орындаған жҧмысынын барә есептеп, содан шығарып ееп 
қойылады. Біз бағаны тек бір ғана сабақта берілген жауаптарды 
жинақтап емес, бірнеше сабақтарда берілген жауаптарды 
жинақтап бір ғана қойған орынды ма деп санаймыз. Мҧндай 
жағдайда мҧғалім журналға жинақтап бір баға қою ҥшін 
оқушының жолдастарының жауаптарын толықтыруды, орнынан 
тҧрып берген жауаптары ескеріледі. 
Жеке сабақтарда білімді ауызша және жазбаша тексеруді 
байланыстыру; оқушылардың бірқатарының толық немесе 
қысқаша жауап беріп жатқан кезінде, екінші кейбіреулері класс 
тақтасына жоспар, тақырыптық және хронологиялық таблица 
жасап, схемалық чертеждер, суреттер салып, карта схемалар т.б 
бір мезгілде жасап жатады. Тақтада орындалған жҧмысты талдау 
бҥкіл кластың белсенді қатысуымен ӛткізіледі. Білім мен 
ескерлікті бҧлай тексеру неғҧрлым кҥрделі мәселелерді талдап 
және кӛрнекті иллюстрациялауға, оқушылардың оқып отырған 
тарихи обьектілерді кӛз алдына елестетуіне, олардың арасындағы 
байланыстар мен қатынастар туралы анықтап, оқушылардың ӛз 
бетімен жҧмыс істеудегі шеберлігі мен дағдыларын тезірек 
қалыптастыруға мҥмкіндік туғызады. Ӛткен сабақты сҧрауды 
былай ҧйымдастырудың едәуір қиыншылығы бар; бір екі 
оқушының 
тақтада 
рындаған 
жҧмысы 
класс 
назарын 
оқушылардың ауызша беріп жатқан жауаптарынан бӛліп әкетуі 
мҥмкін, сондықтан мҧғалімнен барлық оқушылардың жҧмысына 
шебер басшылық жасау талап етіледі. 
Шамамен тоқсанына бір екі рет қашан және қандай мазмҧнда 
болатының алдын ала ескертпестен, бҥкіл класс оқушыларының 
білімін жазбаша және графикалық жҧмыс арқылы тексерген 
дҧрыс. 
Мҧндай тексерудің мазмҧны негізінен сабақтағы және ҥйге 
берілген тапсырмаларды орындағандығы оқушылардың жаттығу 
жҧмыстарының тҥріне сай келеді.Бҧл жҧмыс жай немесе толық 
жоспардан, таблица, схема жасаудан, контур карта бойынша 
немесе ӛз бетімен жҧмыс істеуге арналған дәптерде тапсырма 


133 
орындаудан, бір екі сҧраққа жазбаша жауап беруден т.б тҧруы 
мҥмкін. 
Оқушылардың ӛз ойын жазбаша баяндауға дағдылана 
қоймағанын ескерген жӛн.Сондықтан оқушылардың жазбаша 
жҧмыстарын білімін кӛрсете білуде, ең алдымен, іскерлікке 
ҥйретуде қосымша қҧрал ретінде пайдалану керек. 
Оқушылардың дәптерлерінде ҥйде орындаған жазбаша 
жҧмыстары; ӛз бетімен жеңіл схема, оқулық парграфының 
жоспарын жасау, таблицаларды толтыру т.б бағалау анық дҧрыс 
нәтижелерде береді. Әдетте мҧғалім дәптерді ҥнемі жақсы 
жҥргізіп отырғандығы ҥшін оқушыға баға қояды. Оқып ҥйренген 
материалды ҥнемі қайталап және жинақтап қорытып отыру 
білімді терен де берік менгерудің маңызды методикалық шарты 
болып табылады. 
6.Қазіргі 
мектептерде кеңінен қолданылатын білімді 
тексерудің негізгі формасының бірі – тест болып табылады. 
Жалпы, тест терминін 1870 жылы алғаш рет ғылымға 
енгізген американ психологы Дж.Кеттелл.Алайда,тест бойынша 
тексеруді 1864 жылы алғаш рет қолданған ағылшын Дж.Фишер 
және де,тестілеу мәселесінің теориялық негізін 1883 жылы 
жасаған ағылшын психологы,Чарльз Дарвиннің немерелес 
бауыры Фрэнсис Гальтон. 
Ӛз бастауын Англия мен АҚШ ғалымдарымен алған тест 
мәселесі XIX ғасырдың аяғы мен XXғасырдың басында француз 
В.Штерннің енбектері арқылы дами тҥсті. 
Бҧл кезенде тест негізінен психологиялық тҧрғыда яғни жеке 
адамның психологиялық танымдық мҥмкіндіктерін адамның 
ақыл ой денгейін, интелектуалдық коеффициентін анықтау т.б 
бағалау бағытында қолданылды. 
Американ ғалымдары Н.Стермен мен Э.Торидайндтың 
еңбектері негізінде педагогика саласына да дендеп енгізіле 
бастаған тест XX ғасырдың 20 жылдарында бҧрынғы кеңес 
мектебінде де қолданыла бастаған. Осы кезде мектепке арналған 
тестілер жинағы да жарық кӛрді. Алайда, «адамдардың барлығы 
бірдей болып туады, егер ол дҧрыс жеке адам болып 
қалыптаспаса оған кінәлі мҧғалім деген қағиданы басшылыққа 
алған және әртҥрлі ойлауға, әртҥрлі дҥнетанымға мҥмкіндік 
бермей, тек қана ӛзіне керек адамды ғана тәрбиелеуге ҧмытылған 
қоғамда тест мәселесінің ӛмір сҥруі мҥмкін емес еді. Сол себепті, 


134 
КСРОда 1930 жылдан бастап тест қолдануға тиым салынды. 
Бірақ, оны мҥлдем жоғалтып жіберуге алып машина мемлекеттің 
де шамасы келмеді. Ол педагогикадан алынып тастағанымен 
психология, спорт сияқты салаларда белгілі бір деңгейде 
қолданыстан тҥскен жоқ. 
Бҧрыңғы КСРО кӛлемінде педогогикаға тест тек қана араға 
40жыл салып барып 1980 жылдардан бастап бірте бірте 
қолданыла бастады. 
Қазіргі 
кезде 
әлемнің 
Нидерландия, 
Франция, 
Жапония,Англия,Израиль, Жаңа Зенландия, Дания, АҚШ, 
Австралия, Канада сияқты елдерінде тест оқушының білім, білім 
және дағдысын тексеруден бастап Президентке ҥміткердің 
интелектуалдық коеффициентін анықтауға дейінгі қоғамның 
барлық салаларында қолданылады. Бҧл елдерде тестілер 
қҧрастырумен бірнеше алып орталықтар айналысады, олар ӛз 
идеияларын таралымы жҥз мыңдап саналатын журналдардың 
кӛмегімен таратады.
Тіпті 
қазіргі 
кезде 
педагогика, 
ӛлшеу 
теориясы, 
математикалық 
моделдеу, 
математикалық 
статистика, 
автоматизация сияқты ғылым салаларының қатысуынан 
педагогикалық тестология деген ғылым саласы, педагог-тестолог 
деген мамандық пайда болды. Бҧл мамандық иесінің мақсаты 
ғылым саласының маманы мен бірге, тестология теориясының 
негізінде яғни тест қҧрылымы, мазмҧны, формасы т.б сияқты 
мәселерді ескере отырып ғылымның әр саласы бойынша тестілер 
дайындау. 
Қорыта айтқанда адам білімі мен қабілетін тексеру атты 
мәселе мен адамзат баласы 4мың жылдан аса уақыт бойы 
айналысты және оның ең жетілдірілген формасы ретінде жҥз жыл 
бойы тесті кҥн тәртібінен тҥспей отыр.
Тестің ерекше әдісі Европада ортағасырларда пайда болды. 
Ӛзінің мағанасына сай болу ҥшін тесттер немесе критерияларға 
жауап беру керек. 
-обьективтілік 
- сенімділік 
- ғылымилық 
- валидтілік 


135 
Обьективтілік 
тестінің 
ӛткізілуіне 
тәуелсіз 
тесттің
қорытындысының шығуын айтамыз. Егер берілген тестті басқа
адам ӛткізсе, онда сондай қорытынды шығу керек. 
Валидтілік (ағылшын valid- жҥйкеге пайдалы) тесттің 
мынадай сҧрағына жауап береді: тестті не ӛзгертеді? Оның 
мақсаты қолданылуға келеді ме? 
Сенімділік нақтылы деңгейінен кӛрінеді. 
Нақтылық – басқа тест кӛрсеткішімен берілген тест 
қорытындысының деңгейіне сай қолданылады. 
Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қана қоймайды, 
оның ойын жҥйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, 
есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау 
қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді. 
Қай пәннен болмасын оқушы білімін тексерудің, бағалаудың 
бір тҥрі тесттік бақылау болып табылады. Тест оқушының білім 
дәрежесі қандай екендігін анықтап, ол білімді тҥрлі жағдайда 
қолдана білуін тексеруге мҥмкіндік береді. Тестік бақылауду 
берілетін тапсырмалар ықшам, шешуге жеңіл, оқушыны 
жалықтырмайтындай болғаны абзал. 
Тест әдістерінің мақсаты оқытушыны ауыстыру емес, қайта 
оған кӛмектесу, оны кӛп жҧмыстан қҧтқару, оқытудың сапасын 
кӛтеруге мҥмкіндікберу. Екіншіден, тестілеу теорияы мен 
практикасы тест алушыларымен сыналушылар арсында арнаулы 
ережелер бойынша қарым қатынас қалыптастырып, олардың 
мәртебесінің кемімеуі мәселесін қамтып, жеке адм пайдасын 
шешуге мҥмкіндік береді де, тӛмендегідей сенімге ие болады: 
-тест тапсырмасы бағдарламаға сай екеніне кӛз еткізеді: 
-тест тапсырмасы тек қандай бір тарауды ғана емес, барлық 
бағдарлама курсын қамтитының байқайды. 
Тестілік қолдану мына талаптарды қалыптастыруға тиісті: 
1. 
Тапсырманың тҧжырымдамасы мен жауаптары әрі 
қысқа, әрі анық болуы қажет: 
2. 
Бір сҧрақтың 3-5 тҥрлі жауабы боуы тиіс. Ол біреуі ғана 
дҧрыс болады, басқалары жауапқа жақын бірақ дҧрыс болмауы 
шарт. Кейде бір де бір дҧрыс жауабы болмауы шарт; 
3. 
Сҧраққа жауап беру уақыты қатаң сақталу тиіс; 
4. 
Нҧсқаулар сҧраушылаға бірдей дәрежеде тҥсіндіріледі, 
әдетте ол жазба электрондық қҧжат тҥрінде болады: 


136 
5. 
Бірде бір сыналушыларға басқалармен салыстырғанда 
ешқандай артықшылдық берілмейді: 
6. 
Тестпен сынаудың нәтижелерін бағалау алдын ала 
жасалған жҥйе арқылы барлығына бірдей қолданылады; 
7. 
Тесттік сынау бар топтар мҥмкіндігінше бірдей уақытта, 
яғни бір топта сынау кҥндердің бір мезгілінде жҥргізіледі: 
8. 
Тестте берілген нҧсқау және әр бәр тҧжырымдамасының 
мағанасы сыналушылардың әрқайсысына тҥсінікті болу керек; 
9. 
Әрбір сҧрақ жауабына берілетін ҧпай бірдей болу керек, 
10. Тест қолданудың жоспарының жҥйесі болу керек. 
Тестпен 
сынаудың 
бағдарламасы 
оның 
мақсатына 
байланысты. Егер ол кішігірім тақырып бойынша білімдерді
біліктерді, дағдыларды тексеру болса, онда бағдарлама осы 
тақырыпқа сай тестерден тҧрады, ал тақырыптың мазмҧнын 
қамту денгейі 80 пайыздан кем болмауы керек. 
Мҧғалім тестті ӛзі дайындап ӛз сыныбында қолданады. 
Сыныпта ӛткізілетін тест ҥшін дайындықта тӛменгі әдістерді 
қолданады. Мҧндай тесттерді қалыптастыру ҥрдісін негізгі 3 
кезеңге бӛлуге болады: 1) проективті тест; 2) тапсырманы жабу 3) 
тапсырманы анализдеу; тестті ӛндеуші, бҧл жағдайда мҧғалім 
тапсырманы табуды бастауда біржақты тестті қалыптастырады.
Ӛз сыныбына тексеру тестісін дайындауда әдебиетті зертеу 
мақсаты мен қҧрылымынан бастаған дҧрыс тестті қҧрастырушы 
берілген материалға сай тапсырма формасын дайындаған жӛн. 
Мысалы, тестті әдебиет бойынша қҧру келесідей болады. 
-оқыту ҥрдісінде тестті қҧруда оның мақсатын анық білу 
керек (арнайы білім денгейі, материалды қайталау, арнайы 
мәселелерді білімді шығармашылық тҥрде қолдану. 
-тесттегі сҧрақтар санының кӛбеюі оның сенімделігін 
жоғарлатады. 
-тест мҥмкіндігіне қарай әртҥрлі сҧрақтардан тҧру керек. Ол 
нәтиженің сенімділігін кӛтереді. 
-жауаптардың дихомимикалық қҧрылуы («ия», «жоқ» 
принципі бойынша) тесттің сенімділігін тӛмендетеді; 
-әртҥрлі тест сҧрақтары мағынасы жағынан бірдей болу 
керек.иегер арнайы аспекті бӛлген маңызды болса, онда ол ҥнемі 
бірнеше сҧрақтар қолданған жӛн. 
-әрбір тест сҧрақтарына оның орындалуын тҥсіндіретін 
толық нҧсқау берілуі керек. 


137 
- әрбір тест сҧрақтарын қарапайым тҧрде қалыптастыруы 
қажет. 
-біріккен тест жҥргізу ҥшін барлық зерттелушіге біріккен 
қарым қатынаста тесттік әдістер қолданған жӛн. 
-тесттің мәтініне кітаптан алынған цитатаны ӛткізбеу керек. 
- тест тапсырмаларына провакаторлық сауалдар қоймаған 
жӛн. 
-тестте басқа сҧраумаларға жауап беретін тапсырмалар 
болмау керек. 
- тест тапсырмалары денгей бойынша тандалу керек. 
-кҥмән тудырмайтын дҧрыс жауап біреу болу керек. 
-сҧрақтарға жауап бір типті болу керек. 
- жалпы эрудицияны талап ететін сҧрақтардан қашқан жӛн. 
-тестке деталь, бӛліктерге байланысты сҧрақтарды еңгізбеу 
керек. 
-сҧрақтарға шығармашылық қадам оның тартымдылығын 
жоғарылатады. Онда тапсырманы тҥсіндіретін диаграмма,, сурет 
және графиктер қолдану керек.т.б 
Бҧл ҧсыныстар оқушыға тесттің санасын компонентті 
бағалау ҥшін емес, сонымен қатар қарапайым тестілеуді қҧру 
ҥшін кӛмек болады. Бҧл әдісті қолдану ҥшін тестті 4 кезеңге 
бӛлуге болады. 
2) тест әдісін тандау. Ең алдымен зерттеу мақсатына сай болу 
ҥшін тест әдістерімен танысып, тексеру қажет. 
3) Зерттелушіні нҧсқау. Тестке қатысушыларды нҧсқаулап 
мақсатымен міндетін тҥсіндіріп, тест тапсырмаларын орындау 
ережесін тҥсіндіру керек. 
4) Тапсырманы орындау бойынша бақылау тестілеу ҥрдісі 
кезінде оның біртектісі зерттелушінің ӛзіндік жҧмыс істеп, бір 
біріне кӛмектеспей, бір біріне кедергі келтірмеуін қадағалауы 
қажет. 
5) Тесттің 
нәтижелерін шығару сӛйтіп, тест келесі 
міндеттерге ие. 
- Бағалаудың обьективтілігі 
- Бағалаудың жылдамдығы 
- Тесттің қарапайымдылығы мен қол жетерлігі. 
- Статистикалық әдістерді бағалауды және компьютерлі 
ӛндеу ҥшін тест нәтижесін қолдану 
- Салыстыру 


138 
Басқа әдістер сияқты тест ӛзінің қиыншылықтарына ие. Тест 
зерттеушілерге қарқын тудыру мҥмкін. 
Тақырыптық 
және 
тараулық 
тестілер 
әртҥрлі 
тапсырмалардан: альтернативті жауаптардан, таңдаудың бірнеше 
нҧсқаларынан, маныздылығына қарай орын орнына қоюдан, тура 
келетіндігін анықтаудан берілген жауаптарды топтаудан, сондай 
ақ «тізімді жалғастыр», «бос орынды толтыр», т.б деген сияқты 
анық сҧрақтардан тҧрады. Тақырыптық тест кҥнделікті бақылау 
ретінде дәріс сабақтарында қолданылады. Сонымен қатар 
тәжрибе тестінің бҧл тҥрлі жаңа тақырыпты ӛткен кҥні тақырып 
сонында қолдану тиімді болатындығын дәлелдеп жҥр. Сабақ 
кезінде кӛбінесе сабақтарда ӛтілмейтін тақырыптарға ерекше 
кӛңіл бӛлінеді. 
Сондай ақ тестіні тек білімді тексеру ҥшін ғана пайдаланбай, 
оны оқыт, білім беру әдісі ретінде, бір мезгілде барлық 
оқулықтармен жекелеген оқушымен жҧмыс істеу, оқушының ӛз 
білімін ӛзі тексеру, ӛздігімен жҧмыс істеу қҧралы ретінде де 
қолданылып 
жҥр. 
Тест 
арқылы 
емтихан 
қабылдау 
тарихфакультетінде 1995-1996оқу жылынан басталды. 
Тестілер жеке жинақтар тҥрінде, егер олар бір оқулықпен 
ғана байланысты болса, соған қосымша ретінде болып, оқу 
әдістемелік материалдар кешеніне кіреді. 
Тест сҧрақтары негізінен теориялық білімді: анықтамалар, 
тҥсініктер, заңдылықтар, фактологиялық деректер мен олардың 
арасындағы әр тҥрлі байланыстарды анықтауға бағытталады. 
Біздің тәжрибемізді білімді тест арқылы тексерудің 100 балдық 
жҥйесі қолданылып жҥр. 
Қазіргі заман талабына сай оқылған материалдарды 
оқушылардың қалай меңгергенін тестілеу жҥйесі арқылы 
анықтап жҥр. Әр тақырыпты ӛткеннен кейін, оқушылардың алған 
білімін тиянақтау ҥшін тест сҧрақтарын дайындап, перфокарта 
арқылы тексеру жҧмысы жҥргізіледі. 
Тестілеу әдісі алтыншы кластан бастап бір қалыпты 11класқа 
дейін жҥргізіліп отырылады. Оқушылар да бҧл тәсілге 
қалыптасып қалады. әр оқушы бір мезгілде жеке жҧмыс істеу 
ҥшін, ӛздеріне арналған перфокарта дайындалады. 
Тақырып ӛтілгеннен кейін, келесі кҥні сабақтың алдында 
немесе сонында 5-7минуттық бақылау алынады. Тестіге
арналған оннан кем емес жарыспалы жауабы бар сҧрақтар 


139 
беріледі. Оқушылар дҧрыс жауабын тандап ( +) белгісін қояды. 
Бір таруды аяқтағанда 5-6 нҧсқадағы сҧрақтар шығады, 
әрқайсысы он сҧрақтан, қайталау сабағы кезінде бір партада 
отырған оқушыға әртҥрлі нҧсқа келеді. Тест сҧрақтары ӛтілген 
сабақты терең, толық, жан жақты білуді қажет етеді. 
Тестілеу әдісі уақытты ҥнемдеуге оқушының білімін 
тексеруге және бағалау кезінде кӛп кӛмек тиеді. Кабинетте әр 
кластың тестін сҧрақтары кӛптеген нҧсқаларға бӛлініп, 
сақталады. Жылдан жылға моңайып, қосымша материалдың қоры 
кӛбейеді. Бҧл әдіс жоғары оқу орнына тҥсуге септігін 
тигізеді.Тестік жҥйенің беретін нәтижесі; 
-оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенің анықтауғу: 
-оқушыларға ӛтетін тақырыптың қандай бӛліктернің ауыр 
тиетінің білуге: 
-оқушылардың оқуға жауапарын арттырып, оларды ӛздігінен 
жҧмыс істуге талпындыруға 
-оқушылардың іскерліктерін арттырып, дҥниені тануға 
ҧқыптылығын дамытуға 
- тестті қҧрастырудың қиын да кӛп уақыт алатын жҧмыс 
болғандықтан, ол оқушы білімін тексерудің тездігі арқасында 
мҧғалім еңбегін жеңілдетуге мҥмкіндік береді. 
-жҥйелі жҥргізілетін тест жҧмысы, тестілеушінің білімін, 
біліктілігін дҧрыс бағалайды. 
Тест біліктілігі тестілеуге берілетін уақытқа тәуелді. 
Сондықтан тестілеудің ҧзақтығын анықтап алу ӛте маңызды. Тест 
біліктілігі, сондай ақ тест ҧзақтылығына, яғни оған кіретін 
тапсырмалар мӛлшеріне тәуелді. Егер тым ҧзақ болса, оқушы 
зейіні кеміп, тесттін сенімділігі азаяды. 
Теория бойынша тест ҧзақ болса, ол сенімді деп есептеледі. 
Ал практика 1,5 сағат арналған тестілеу тиімді екенін кӛрсетті. 
Тест сҧрақтарын қҧрастыруда әрбір сҧраққа 1 ҧпай берген дҧрыс, 
айталық мынау сҧрақ қиындау екен деп 2,3,4 ҧпай бергенмен, 
оның жауабын білетін болса ҥшін әділ ҧпай берілгенмен, 
жауапты білмейтін, кездейсоқ жауапы тандай салған бала ҥшін 
ақиқат бағалаудың қатесі ӛсе тҥседі. 
Тестті бағалау оны ӛткізуді ҧйымдастырудың формасына 
мынандай ӛзгертулерді ҧсынады; 
1.Әрбір тестіленуші ҥшін баға қорының қҧжаты жасалып, 
жоспарын тестілеуден ӛтіп, жыл аяғында қорытынды шығарып, 


140 
міндетті тестілеу нормасын тапсыру талап етілетін жағдайда, 
тестінің оқытудағы ролі дҧрыс жолға қойылады деп есптеледі. 
2.Бір мазмҧнды тестіні қайталап алу. Ақиқат мәнің тауып 
қана қоймай қайталау арқылы ақпараттарды ойда саралау, зейнде 
бекіту жҥзеге асады 
Мҥмкіндігінше әрбір параллель сыныптарда, топтарды 
моноторинг жасалған жағдайда тестіленушінің білім мен 
біліктілігі: 
-ақиқат бағаланады 
-қайталау жҥзеге асырылады; 
-оқушылардың ынтасы оянады; 
-ойын жҥйелеуге ықпал етеді; 
-оқушы ӛз білімі маниторингісін ӛзі қарап басқара алады, 
ынтасы оянып жақсы нәтижелерге ҧтылысы артады. 
Практикада оқушының ӛз бетімен жҧмыс жасауын әр тҥрлі 
денгейде ҧйымдастыруға болады. Тест мазмҧның тҥсінгеннен 
кейін әрбір оқушы ӛз қабілетіне қарай деңгейлік тесттерді 
тандауына ерік беріледі. Осы мезгілде топта деңгейлік топ қҧрып, 
жҧмыс басталады. Тест тапсыру жауаптарын алған оқушы әрбір 
сҧрақтардың дҧрыс жауабын іздеу, топтағы оқушылардың 
кӛмегін сҧрау, мҧғалімнен тестіні қайталап ӛтінуі, нашар 
оқушының кӛленкеде қалмай тапсырманы дҧрыс орындауын 
ҥмкіндік береді. 
Мҧғалңмге тиімді жағы кҥнделікті сабақта тҥгел оқушы 
бағаланады. Ал тәжрибелік жағынан әділ болуға ҥйренеді, ӛз 
араларында 
беделге 
ие 
болады. 
Тестілеу 
механизмін 
жеңілдетудің жолы тестілеудің электрондық нҧсқасын жҥйелеп 
пайдалану ҧсынылды. Мҧғалімге тест тапсырмасын қҧрастыру, 
оның қиындық дәрежесін оқушылардың оқу мҥмкіндігіне қарай 
әзірлеу жҥктеледі. 
Ақиқат бағалауға жақындау ҥшін тест жҧмысын жаңа 
формада саралап беру керек. 
I деңгейде «3» қанағаттанарлық баға қойылады 
II деңгейде «4» жақсы баға қойылады 
III деңгейде «5» ӛте жағсы баға қойылады 
Бірінші деңгйде сабақты ҥлгеретін оқушының деңгейі. Мҧнда 
стандарт номасында қаралған тест алынады. 
Екінші деңгейде тек қана бір деңгейден ӛткен оқушы 
орындайды, материалдық қиындығына қарай мҧғалім ӛз 


141 
шешімімен «жақсы» немесе «ӛте жақсы» бағаларын қоюына 
болады. 
Ҥшінші денгейде оқушылардың жеке басынын интелектісіне 
сай іске қосылып, пікір айтып ойын дәлелдеуге, келешекте осы 
сҧрақтардың деңгейінде ойланатындай оқушы санасына із 
қалдыратындай болса, тіпті қуанарлық. Әрине бҧл жерге 
деңгейлік тестілерді пайдалану ҥшін онда тестілеудің жинағы 
болу керек. Тапсырма саның қҧрастырушы ӛз деңгейін реттей 
отырып таңдағаны абзал, десек те әр сҧраққа уақыттың шектеулі 
болғаны дҧрыс. 
-ол оқушылардың уақытын тиімді пайдалануына 
-ой марафонын дамытуға 
-жауап алудың тиімділігіне мҥмкіндік береді. 
Бҧл уақытты сыныптың білім деңгейіне қарай минут болу 
мҧғалімге байланысты. 7 сыныпта бір тапсырма 2-2,5 минут, 
8сыныпта 1,5-2минут, 9сыныпта 1-1,5минут, 10-11 сыныпта 1 
минут уақыт нормасын белгілегені дҧрыс. 
Әрбір тестіленуші ҥшін баға қорының қҧжатыжасалып, жыл 
аяғында қорытыынды баға шығарылады. 
Мҧғалімнің оқыту қызметі мен оқушының оқу қызметінің ӛзі 
екі бӛлек актіден: бақылау мен бағалаудан тҧрады. Ал бҧл актіде 
арқашан бақылау мен бағалау нысаны (яғни оқушы) және 
нысанмен салыстырылыатын эталоны болады. Бақылау мен 
бағалау нысаны оқушының бір тапсырманы орындауы, оны 
орындаудағы ӛзіндік танымдық әрекеттері, оның білімі, икемі, 
дағдылары, сапалық қасиеттерінін даму деңгейі т.б болса, ал 
эталоны нысанның (яғни мҧғалімнің) таным тҥсінігі, білім, 
біліктілігі, бақылау мен бағалау нысанының нормативтік 
талаптар денгейіне сәйкестігін бағалау дәрежесі. 
Оқушы білімін, икем дағдыларын, тіпті кейбір жеке 
қасиеттерін бағалауда мҧғалім қажет деп тапқан жағдайларда
ҥйлестіру тҥзету мақсатындағы жҧмыстарды қоса жҥргізуге 
міжбҥр болады. Мәселен, оқушыларға дербес тапсырмалар беру, 
оған қоса оқушы кеңесші бекіту, т.б ҥлгіде болуы әбден мҥмкін. 
Сонымен бақылау бағалау акті 3 ҥрдістен; бақылау, бағалау және 
ҥйлестіру ҥрдістерінен тҧрады. 
Бақылау бағалау акті ӛзінің қҧрылымы жӛнінен тӛмендегідей 
элементтерден тҧрады: 
1) бақылау бағалау актісінің мақсаты 


142 
2) бақылау, бағалау және ҥйлестіру нысаны 
3) нысанмен салыстыратын тенестірілетін эталон 
4) бақылау нәтижесі 
5) баға критерииі 
6) тандап алынған критерии тҧрңысынан қарағандағы 
бақылаудың кең кӛлемдегі мазмҧнының бағасы 
7) қойылған баға 
8) ҥйлестіру амалдары 
9) бақылау бағалау қызметінің жаңа нысаны ретіндегі 
ҥйлестірудің нәтижесі. 
Бақылау бағалау актінің қҧрылымын теренірек тҥсіну ҥшін 
мысал келтіретін болсақ. Тарих пәні мҧғалімі ӛткен тақырыпты 
ауызша сҧрап тексереді. Мақсат –оқушылардың оқу материалын 
менгеру дәрежесін байқау. Бақылау мен бағалау нысаны –
оқушылардың әрқайсысының жеке жауаптары. Бҧл жердегі 
эталон мҧғалімнің ӛз білімі, оқушының білім дәрежесінің
номативі туралы тҥсінігі. Мҧғалім оқушының жауабын сараптай 
келіп оқушының сабаққа деген ынта ықыласын есепке алады да 
былай деп бағалауы мҥмкін: « Бҥгін Бекайдар ӛткендегісінен гӛрі 
тәуір жауап берді. Оның кӛп әзірленгендігі байқалып тҧр. Әйтсе 
де оның жауабында сәл ауытқушылық, жетімсіздік байқалады. 
Соған қарамастан оған «тӛрт» қоямын. Бҧнда да бақылау бағалау
акті екі ҥрдістен: бақылау және бағалау ҥрдістерінен тҧрады. 
Баланы оқыту, білім беру, сауат ашу тар шенбермен 
шектелмей, 
ҥлкен 
тәрбиелік 
міндеттерді 
де 
қамтиды. 
Мҧғалімдердің бәрі бірдей бағаны жариялап қоя бермейді. 
Жариялағандардың ӛзі «жарайды отыр», «бес», «тӛрт», «ҥш» дей 
салады. Бҧл әдістен бағаның білімдік, тәрбиелік мәні 
ашылмайды. 
Менің пайымдауымша, бағаның сҧралған балаға ғана емес, 
бҥкіл сынып оқушыларына қатысы бар. Бағаны жариялау 
сапасы, әдісі белгілі тақырып не бӛлім материалдарын толық 
менгеруге сынып оқушыларын тҥгео ҥмтылдыратындай болғаны 
ләзім. Оқушы жауабының сапалық, кемшілік жағы қысқаша 
айтылып, баға жарияланып қойылуы керек. Бҧл әдіс бойынша екі 
тҥрлі мақсат іске асады; біріншіден, қойылған бағаның дәлділігі 
мен әділдігі дәлелденеді, екіншіден, мҧғалімнің ескертпесі 
бойынша оқушы асқы білетін материалдарын келешекте 


143 
қайталап, жете білуіне нақты тапсырма алғандай жауапкершілікті 
сезінді. 
Оқушы еңбегінің жемісін кҥнделікті бағалап отыру 
мҧғалімнің басты парызы. Ӛйткені, еңбегінің кҥнделікті 
бағаланатының сезңнген бала алға ҧмтылып, жақсы оқуға 
ынталанады. Әрине, ӛтілген материалдарды сыныптағы 15-25 
баладан кҥн сайын сҧрап, бағаалп отыру мҥмкін емес. Алайда 
әрбір тарау, ҥлкен тақырыптарды ӛтіп болғасын сыныптағы 
оқушыларда сол тақырып бойынша, тарау бойынша сҧралып, 
журналға тҥгел баға қойылуы керек. 
Баға қою арқылы бала жанына ҥрей туғызудан басқа қайта 
талаптандыруға ҧмтылу керек. Ал журналға қойылған «екілік»
оқушының ынтасына, талабына кері әсер етуі мҥмкін. Оқушының 
білімін ӛсіретін кезең-сабақтағы шыңармашылық ізденіс сәті. Бҧл 
ӛзі оқушы кӛңілін тасытып, ӛзінің мҥмкіндігінше кӛзін жеткізіп, 
қуанышқа бӛлейді. 
Қазір сынып журналдарындағы «баға қоры» да жиі сӛз 
болып, тексеріліп, бақылауға алынып, жҥр. Ал бағалауға
жауапсыз қарайтын мҧғалімдердің сынып оқушыларына 
әлеуметтік залалы болады. Ол шәкіртті ҧстанымсыздыққа, 
ӛтірікке ҧйретеді. Ортақ бірыңғай талап пен жауапкершілікті 
әлсіретіп, әдісқой «қу» балалардың баға алу ойынына айналады. 
Мҧндай жағдайда оқушы адалдыға деген сезімге ақау тҥседі. 
Кейде баға сезім жетегінде бір ауыз жауапқа қойылатыны да бар. 
Бҧл баланың қабілетін ттолық кӛрсете алмйды. Егер қойылған 
баға оқушының білім дәрежесін кӛрсететіндей болса, сол бағадан 
кейін оны нені меңгермегені, нені шала меңгергені анықталса, 
қай тақырыппен қалай жқмыс істеу керек екенің білуге болады. 
Мҧғалімнің тҥрлі іс әрекетін оқушылардың бойына сіңірген 
білімі мен біліктілік дағдыларын қалыптастыруда жҥргізілетін іс 
шаралардың нәтижесі оқушы білімін бақылап және бағалаудың 
нәтижесінде кӛрінеді. 
Білімді бағалау берілген теориялық материалды меңгері оны 
практикалық тҧрғыда қолдана білу, қажетті жағдайда сызбаларын 
толық кӛрсете білу, оқушылардың ӛзіндік ой пікірлері және 
ізденістері ескеріледі. Бағалау кезінде әрбір оқушылардың ӛзінің 
қабілетті ерекшеліктеріжәне бейәмділіктермен де ерекшеленеді. 
Оқушылардың іс-әрекетін жан жақты бағалаудың жаңа 
жҥйесі –ретингтік жҥйе. Бҧл жҧйенің ең басты қоғамдық 


144 
ортадағы барлық іс әрекетін баллдық кӛрсеткішпен бағалап, оқу 
ҥрдісінің оң бойында жинақтала келе тоқсандық, жылдық тіпті 
сатылық оқу ҥлгірімінің нәтижелерін анықтауға мҥмкіндік 
жасайды. Бҧл жҥйе бойынша жеке оқушылардың жеке пәндерден 
жинақтаған ретингісінің болуы ӛте пайдалы деп есептеледі. Бҧл 
жҥйе арқылы оқушылардың әр пән бойынша даму деңгейі мен 
бейім қабілетін ертерек байқауға мҥмкіндік жасалады. 
Бағалау жҥйеснің артықшылықтары. 
А)оқушы қызметінде 
1. оқушылардың жеке тҧлға ретінде ӛз бетінше дамуы мен 
тәрбиесінде ықпал етіледі. 
2.пәндерді оқытуды ізгілендіру ҧстанымына жәрдемдеседі. 
3. оқу жҧмысында мҧғаліммен оқушының ынтымақтастығын 
қалыптастырады 
4 ретингтік бақылау қызметі диогностикалық, тәрбиелеуші, 
дамытушы, бақылаушы және басқарушы рӛл де атқара алады. 
5 ретингтік жҥйе оқушылардың танымдық іс әрекетіне 
тікелей 
саналы 
тҥрде 
әсер 
етуге 
мҥмкіндік 
туғызады.Шәкірттерінің ақыл ой ірекетінің сипатын кӛрсететін 
жҥйелі байланыс сапасы артады. 
6 жҧмыс нәтижесі мен ӛз мінез-қҧлқын дҧрыс бақылап- 
бағалап дағдысын қалыптастырады. 
7. ырықты зейінін тәрбиелеп, жетілдіруге ықпал етеді. 
ә)мҧғалім қызметінде; 
1.Оқушылардың 
оқуындағы 
кемшіліктердң 
анықтап, 
тҥзетудің әдістері мен тәсілдерін алдын ала белгілі бір жҥйеге 
келтіру мҥмкіндігі бар, 
2. бақылау ҥлгілерін, бағалаудың қалыпты критериін жасау. 
3. оқушылардың білім денгейі бағалау мен анықтауда 
компьютермен жҧмыс істеу дағдыларын меңгеруі; 
4. сыныптағы әр оқушы ҥшін жана кӛңіл кҥә ахуалын 
қамтамасыз етуді жоғарғы деңгейінде ҧйымдастыру т.б 
педагогикалық қызметтің орнығуына жағдай жасау. 
Оқушылардың білімін есепке алу мен бағалаудың 
қалыптасқан 
тҥрлерінің 
негізгі 
кешіліктерінің 
бірі 
– 
оқушылардың бақылау жҧмыстары мен ӛздігінен істейтін 
жҧмыстарын кҥнделікті тексеру кезінде мҧғалім ӛнімсіз еңбекпен 
шҧғылданады. Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке 
оқушыға бӛліп, не болмаса, жазбаша бақылау жҧмыстарын 


145 
кешенді талдау арқылы бағаламақ болып кӛп уақытын ысырап 
етеді. Тексеру мен бағалаудың озық техналогиялық әдіс 
амалдарын ойластырып жатпайды. 
Бҧның 
соңы білім 
бағалаудағы субьективизмге әкеліп соғады; баға оқушы мен 
мғалімнің ӛзара қатынасына негізделеді, ӛзге оқушылардың білім 
деңгеімен салыстырыла қойылады. Мҧғалімдердің арасында 
бағаны оқушыға қысым кӛрсетудің, «қорқытып тәрбиелеудің» 
қҧрамына айналдырушылар да кездеседі. Ондайлар сабақта 
тыныш отырмаған оқушыларға да «екілік» қояды. Кейбір 
ҧстаздар керісінше оқушы тілін табуға тырысады. 
Бағалаудың бҧлжымас тӛрт ҧстамы бар. 
Біріншіден, бағалау және баға оқу ҥрдісінің ажырамас 
біртҧтас қҧрамдас бӛлігі. Бҧл ҥш дәйектемеден тҧрады; бағалау-
ынталандыру әдісі мен қҧралы, оқыту мен оқудың қозғаушы 
қҧралы; бағалау емтихан- не сынақ алу білім сапасын 
жетілдірудің, оқушының басқа да қасиеттерін дамытудың, 
ҧштаудың кепілі; бағалау мҧғалім мен оқушының жан жақты 
ынтымақтастық ҧарым қатынасын қалыптастырады. 
Екіншіден, бағалау мен баға оқушыларды ӛмірге ҥйретеді, 
дайындайды, бейімдейді. Бҧл ҧстаным да ӛзара сабақтас ҥш 
дәйектемеден тҧрады; ҥлгерімді жоғарылату ісіне ықпал етеді; 
тәрбиенің маңызды қҧралы; оқушылардың белсенділігі мен 
ынтасын арттырудың қҧралы. 
Ҥшіншіден, бағалау мен баға барлық оқушылардың дамкына 
ықпал етеді. 
Тӛртіншіден, бағалау әрқашан әділетті сипатта болу керек, 
сонда ғана оның ғылыми дидактикалық тҧрғыдан нәтижелілгі 
қамтамасыз етіледі. Оқушыларын тиісті жауап алып, олардың 
білімдерін тексеруде фронтальды сҧрақ және оған жауап алу 
ӛтілген материалды пысықтауда, ӛткен тақырыпты еске тҥсіруде 
қолданылады. 
Оқушы білімін тексеру мен бағалаудың бір тиімді әдісі –
«оқушы білімін тақырыптық есепке алу» әдісі. 
Оқушы білімін тақырыптық есепке алудың мынадай қолайлы 
жақтары бар. 
1.мҧғалім жыл бойы ӛтілген материал бойынша әр 
оқушының қай тақырыпты қаншалықты менгергенің біледі. 
2.қзіндегі есепке алу дәптеріне қарап мҧғалім оқушыдан нені 
сҧрау керектігін табады. 


146 
3. оқу жылы бойы сҧралмаған тақырып қалмайды. 
4. сҧралмаған не білмеген тақырыпты мҧғалімнің тҥбінде 
сҧрамай қоймайтынына кӛзі жеткен оқушы жыл бойы қтілген 
материалдан бір тақырып қалтырмай оқып, сабаққа мҧқият 
әзірленуге дағдыланады. 
5.уақытша оқытқан не жаңадан келген мҧғалім есеп жҥргізу 
жәптеріне қарап, оқушы білімін байқауына болады. 
6.ең негізгісі ӛткен материалды қайталау арқылы оқушы 
білімінің алқы жері жан жақты толығады. 
Оқушылар білімін тақырыптық есепке алуды жҥргізе 
отырып, олардың білімдерін нақты бағалауда карточкағ тестік 
жҥйе тәсілдерін пайдаланған тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет