Журналының Web of Science-тің жаңаланған нұсқасы Emerging Sources Citation Index-те индекстелуге қабылданғанын хабарлайды



Pdf көрінісі
бет13/32
Дата22.09.2023
өлшемі473.02 Kb.
#478328
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
--------

Оқыту мақсаттары
шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау;
шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
6-сынып
Оқыту мақсаттары: 
шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру;
шығармадағы кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
7-сынып
Оқыту мақсаттары: 
кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік 
құндылығына баға беру; 
шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
8-сынып
Оқыту мақсаттары: 
шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына 
баға беру;
шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.
10-сынып Оқыту мақсаттары: 
шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу;
әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту шығарманың идеясын 
жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
11-сынып
Оқыту мақсаты: 
шығармадағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.
Аталған оқыту мақсаттарына жету үшін төменде біз келтіретін мысалдарды пайдаланудың маңызы 
зор.
Қазақ әдебиетін оқыту үдерісі көркем шығармаларды талдаумен тікелей байланысты. Біз сөз етіп 
отырған құндылықтар да бағдарлама бойынша берілген көркем шығармалар негізінде қарастырылады. 
Мұнда біздің басшылыққа алатынымыз – мәтінмен және мәнмәтінмен жұмыс. Себебі, құндылықтарды 
анықтау, айқындау мәтін динамикасын терең түсіну мен мәнмәтінде берілген көркемдік детальдарға 
ой көзімен қарап, айрықша назар аударуды талап етеді. 
Төменде қазақ әдебиетін құндылықтарға негіздеп оқытудың жүйесі берілген. Бірақ, бұл 
«аксиологиялық талдаудың толық үлгісі осы» деген сөз емес. Мұны біз бағыт-бағдар, жүйе ретінде 
ұсынып отырмыз. Мәтінмен, мәнмәтінмен жұмыс барысында білім алушылар көркем шығармадағы 
жағдаяттарды өзіндік «призмасымен» танып, бағалайды. Сондықтан, аксиологиялық талдау осындай 
факторлар негізінде өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.
Қазақ әдебиетін құндылықтарға негіздеп оқытудың жүйесіне қатысты мысалдар (мысалдар 
11-сыныптың оқулығы [12] негізінде беріліп отыр):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет