184
Bulletin the National academy of sciences of the Republic of Kazakhstan
Сыйластықтың құндылық ретіндегі мәні – әлеуметтік-қоғамдық
қатынастарды мәмілегерлік
қағидалармен реттеуі. Яғни, халықтың, ұлттың, әрбір адамның ырысты тірлігі үшін ынтымақты сақтау;
өзара ниеттестік пен мүдделестік гармониясына әсер ету. Бұл отбасылық, қоғамдық, жалпы кез келген
қарым-қатынас жүйесінде әрбір адамға өз шегарасын білуді міндеттеді. Сондықтан, қазақ қоғамында
әрбір адам өз сыйын жоғалтпау үшін өзінің орнын, жөнін білді. «Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана
тұрып, қыз сөйлегеннен без» - соның ең қарапайым да жарқын дәлелі.
Жоғарыда келтірілген мысал қазақы сыйластықтың өзіне тән бояу-бедерін айғақтайды. «Нұреке,
Асеке, Құнеке, Алшеке» т.б. атаулар — ұлттық ұғымдағы сыйластықтың интерпретациясы.
Лингвистикалық тұрғыдан қарастырар болсақ, зат есімнің реңк мәнін тудырушы
- ЕКЕ қосымшасының
функционалды-семантикалық
өрісінде «құрметтеу», «қадірлеу», «сыйлау», «өзімсіну», «еркелету»
мағыналары бар. Бұл – сыйластықтың ұлттық үлгі-формасы, қазақ менталитетінің өзіндік ерекшелігі.
Ақпараттық дәуір
адамдар арасындағы емен-жарқын, сырлы да
сұлу сұхбаттастықты шектеп,
коммуникацияның технологиялық түріне көшті. Бұл, біріншіден, сыйластықтың құндылық ретіндегі
мәнін әлсіретсе, екіншіден, ұлттық коммуникацияның өзіне тән белгілерін өшіруде. Сондықтан, біздің
мақсат – қазақ әдебиетін оқыту барысында құндылықтарға негізделген жүйені
тұғыр ете отырып,
осындай детальдарға тереңірек талдау жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: