Журналының Web of Science-тің жаңаланған нұсқасы Emerging Sources Citation Index-те индекстелуге қабылданғанын хабарлайды



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата22.09.2023
өлшемі473.02 Kb.
#478328
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32
--------

1-мысалОсы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын


183
ISSN 1991-3494
1. 2022
біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді
шешесі анадай жерде тұрып:
– Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр… Сәлем бер! – деді. Абай жалт қарап барып,
жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар – әкесі Құнанбай тұр 
екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты 
да, әкесіне қарай тез бұрылды (М.О. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Қайтқанда» тарауы).
2-мысал: Баласы атқа қонып, жүруге ыңғайланып, тiзесiн қымтай бергенде Ұлжан өзiнiң үлкен ақ
саусақтарын жирен аттың жалына салды. Бiр нәрсе айтатын сияқты. Абай осыны аңғарып, анасының 
жүзiне қарағанда, Ұлжан бұған бiраз көз салып тұрып:
– Балам, үлкендер бiрде тату, бiрде араз бола беретiн. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер.
Бiр кезде жақсы жақының едi. Кiм тентек, кiм мақұл? Қайдан бiлдiң? Әкең дұшпан десе, сен әдiл 
бол! Жамандыққа кiм табылмайды дейсiң, жанашырдан айрылма! – дедi. Абай жүріп кетті. Артына 
бірнеше бұрылып қарағанда, аналары үйге кірмей, ұзақ қарап тұр екен. Шешесінің соңғы сөзі Абайдың 
құлағына әлі естіліп тұрған секілді (М.О. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Жолда» тарауы).
3-мысал: Ұлжан әл үстінде жатқанда, Майбасар көңілін сұрап отырып, өрескел сөйлепті:
- Қалайсың, бізді тастап еріңнің артынан сапар шеккелі жатырсың-ау! Көпті көрдің ғой, айта
кетсеңші, өлген деген қандай болады екен? – депті. сонда Ұлжан сәл езу тартып, ақырын ғана әзіл 
айтыпты: 
- Пәруәйсіз қайным-ау! Көрсем – қартайғанша ой түспеген сені көрдім. Бұрын мен өліп көріппін
бе? Өзің өлгенде көресің, несіне ынтықтың! – депті де, тіл-аузын қойыпты. 
Өмір бойы ашық ойлы, білгір саналы болған асыл жан өлім сағатында да даналық қайратынан 
айырылмаған. Барлық ықтиярсыз, теңсіз тірлігіне өзінің адамгершілік таза биігінен қарап өте білген. 
Өлімнен де жасқанбай, бұқпай кеткен тәрізді. Кең сабырға толы момын жан өмір есігін ақырын ғана 
жауып жол кешкендей (М.О. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Қарашығын» тарауы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет