Журналының Web of Science-тің жаңаланған нұсқасы Emerging Sources Citation Index-те индекстелуге қабылданғанын хабарлайды


-мысал (аксиологиялық талдаумен бірге)



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата22.09.2023
өлшемі473.02 Kb.
#478328
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
--------

8-мысал (аксиологиялық талдаумен бірге): Кейде көркем шығармада кейіпкердің сөз саптауы
мен іс-әрекеті арқылы бүтін бір ұлттың өзіндік мінезі танылады. Сол ұлттық мінезді тану арқылы 
оқырман кейіпкердің сөзі мен іс-әрекеттерінің негізгі қозғаушы күші саналатын құндылықтарды да 
анықтайды. Көлемді, эпикалық шығармаларда әдеби туынды авторы мұны жинақтау (типтендіру) 
үшін де пайдаланады.
Ұлттық мінез – әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген мінез-бітімі
оның белгілі бір халықтың өкілі екендігін танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. 
Ұлттық мінез – тарихи категория. Ол қоғамдық, рухани, экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес 
қалыптасады. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау жолы – қай адамға болсын тән қасиет. Өнерде, 
әдебиетте адам бейнесінен бұл қасиет толық көрініп отырады. Әр халықтың өз эпикалық туындыларын 
олардың талай замандар ұлт болып қалыптасуынан бөліп қарауға болмайды (Т. Бекниязов).
Кейіпкердің ұлттық келбетін сәтті ашу – жазушының суреткерлік шеберлігін танытатын маңызды 
атрибут. Ол үшін, Ғабит Мүсірепов сөзімен айтқанда, «ойға мырза, образға бай» болу қажет екені 
сөзсіз. Бұл тұрғыда белгілі жазушы Асқар Сүлейменовтің 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті 
суреттеген шоқтығы биік шығармасы «Бесатар» повесінен үзінді келтірмекпіз.
Шығармадағы Төреханның сөзіне назар аударайық: 
- Жұқа шапқа бөгелек төнгенде құлын екеш құлын да қайрат қылмақ. Қыңқыл мен қыңсыл үшін
оқып жүрсең өзің біл, менің, бірақ, басымды қатырма, айналайын. Алла жазған ырысым бар шығар. 
Біреуде артық, біреуде кем – ырзықсыз жан жоқ. Азды-көпті өмір кештік, татып, талмап келе жатқаным 
сол ырзық, ешкімнің садағасы емес, сенің ақылың емес, жүдә. Енді бүгін кеп саба түбі сарқынды 
жасым қалғанда, ақ патшаның ауыздығын қарш-қарш шайнаған күдері желке төресі дікектер екен деп 
құрақ ұшар жайым жоқ. Ұшпадым, ұша алмадым, уа сақалымды секеңдетіп ұша алмаймын, жүдә. 
Енді менің ауызымды қыздырма.
Үзіндідегі Төреханның көркем бейнесі, мінезі арқылы оқырман қауым НАМЫС ұғымының 
аксиологиялық сипатын бірінші аңғарады. «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», «Намысты нанға 
сатпа» дейтін қазақы қағидалардың құндылық ретінде көрінуі кейіпкер бейнесін қаһармандық 
деңгейге көтеріп тұр. Бұл, бір жағынан, «асқақтық» деген эстетикалық категориямен де тығыз 
байланысты. Екіншіден, бұл – ұлттық танымдағы тектіліктің жарқын көрінісі. Мұны осы мәселеге 
арналған еңбегімізде [14] кеңінен тарқатып жаздық. 
Әдеби туындыдағы ұлттық мінез көрінісі – ғасырлық тәжірибе негізінде қалыптасқан мәдени 
кодтардың кейіпкер тұлғасы арқылы толық ашылуы. Мұндай мысалдарды талдау нысаны ретінде алу 
ұлттық мінезді құраушы құндылықтарды (аксиологиялық бірліктерді) тануға мүмкіндік береді.
Нәтижелер. 1. Қазіргі кезде әдебиетті оқыту білім алушының бойына жалпыадамзаттық және 
ұлттық құндылықтарды сіңіруді басшылыққа алады [15]. 
Аксиологиялық білім беру – көркем шығарманың негізгі идеясын, оның мән-маңызын түсіндіру 
мен айқындаудағы жетекші ұстаным. 
Көркем шығарманың өн бойында өріліп жататын құндылықтарды оқырман, білім алушы мәтін 
динамикасын терең сезініп, ой көзімен оқығанда аңғарып, таба алады. 
Қорытынды. Бүгінде Қазақстандық білім беру моделінің мақсат-міндеті – бәсекеге қабілетті 
тұлға даярлау. Ал, тұлға болмысын қалыптастыратын – құндылықтар. Сондықтан, мұндай көркемдік 
детальдарға назар аударып, аксиологиялық талдау жүргізу, біріншіден, ұлттық құндылықтарды 
тереңірек тануға жол ашып, білім алушы бойындағы тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына әсер 
етеді. Екіншіден, құндылықтарға негізделген білім беру – эстетикалық тәрбие берудің нәр алар негізі, 
қайнар көзі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет