Адресанттың (журналисттің) ақпаратты жеткізудегі психологиялық аспектісі
Аудиторияның мәтінді барынша дұрыс түсінуі үшін адресант ақпаратты жеткізу барысында оқырман қауымның қажеттіліктерін, мүдделерін, білім деңгейін, әлеуметтік ұстанымдарын ескереді. Сөз субъектісі коммуникативтік ниетін жүзеге асыру үшін мәтін түзбес бұрын адресаттың а) тілдік біліміне, ә) дәстүрлі біліміне сүйенеді . Осыған байланысты мәтіннің психологиялық - прагматикалық сипаттамасын арнайы қарастыру қажеттілігі туындайды. Өйткені мәтіннің прагматикалық компоненті тілдік құралдардың жұмсалуына қатысты заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Газет мәтінінде адресанттың белгілі бір прагматикалық ұстанымы көрініс табады.
Зерттеушілер оны 3 түрге жіктейді:
Ақпараттық ұстаным (мәліметті іріктеп ұсыну); Фатикалық ұстаным (материалды оқырман назарын аударту үшін пайдалану); Манипулятивтік ұстаным (мәтінде баяндалатын оқиғаларға қатысты оқырман көзқарасын қалыптастыруды мақсат ету) [7,21].
Мәтінде прагматикалық ұстаным бірнеше саты арқылы жүзеге асырылады.
Болмыстағы оқиғалар БАҚ арқылы реципиент санасында белгілі бір бейнеде көрініс табады. Осы бейненің қалыптасу жолдарын былайша көрсетуге болады:
Мәтін ақиқат болмыстағы қандай да бір оқиғаға, фактіге негізделеді; ол фактілерге қатысты материал іріктеледі; адресант ақпаратты іріктейді және оған өз субъективті бағасын береді; ақпараттың мәтін түрінде ұсынылуы үшін белгілі бір тілдік құралдар таңдалып, модельге түсіріледі, сөйтіп мәтін түзіледі;
5. Дайын мәтін реципиентке ұсынылады.
Газет мақаласына арқау болған ақпарат бастапқы, пайда болған сәтінен оқырманға ұсынылғанға дейін осындай басқыштардан өтеді. Мұнда негізгі күш те, жауапкершілік те адресантқа (журналистке) түседі.
Яғни публицистикалық мәтінге баға бергенде біріншіден, журналист шешімін табуды мақсат еткен нақты проблемалар мен мақала жарияланғаннан кейін қол жеткізілуі тиіс нәтижелер ескерілуі тиіс; екіншіден, мәтінде көрініс тапқан идеологиялық ұстанымдар мен этикалық нормалардың рөлі дұрыс түсінілуі қажет; үшіншіден, материал аудиторияға тән мәдени дәстүрмен байланыста алынуы керек.
Қазіргі қазақ баспасөзінде жарияланған оқырмандар хаттарына, әртүрлі сауалнамалар нәтижелеріне шолу жасай отырып және жеке тәжірибе нәтижесіне сүйене отырып, бүгінгі қазақ оқырманын шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады деп ойлаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: |