«Журналист социологиясы мен психологиясы» пәнінің оқу -әдістемелік кешені 18. 09. 2013 жылғы №1 басылым 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет34/55
Дата27.09.2022
өлшемі0.68 Mb.
#461437
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
«Журналист социологиясы мен психологиясы» п ніні о у - дістемел

Ықылас. Ықылас — көңілдің белгілі нәрселерге қажетті мәлімет алу үшін бағытталып, оған қадалуы. Басқаша айтқанда, организмнің тітіркенуге жауап беру даярлығын көрсететін оның сергектік белсенді күйі.
Ықылас ерікті және еріксіз болып екі түрге бөлінеді. Еріксіз ықылас — туа біткен жүйке тетіктері арқылы жүзеге асырылатын құбылыс. Ерікті ықылас адам психикасын мақсатты жұмылдыра-тын және жанама түрде болатын әлеуметтік дамудың жемісі. Ықылас қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы ықтимал. Ол сыртқы әлем заттары мен құбылыстарына, не адамның ішкі күйіне, ойына, сезіміне бағыттылады. Ықыластың толықтығынан, тұрақтылығынан, көлемінен адамның іс - әрекеті, сезуі, түйсігі, зердесі, ақыл-ойы, тіпті санасы тәуелді келеді.
Ықыластың әртүрлі көріністері бағдарлау рефлексіне, мидың жергілікті қозу және тежелу процестеріне, сезім мүшелерінін, әсерленісі мен организмнің, табиғи мұқтаждықтарына байланысты. Сондықтан ықыластың физиологиялық механизмін ұғыну үшін И. П. Павловтың шартты рефлекс, ми қыртысының ішкі тежелуі, талдау синтез әрекеті туралы ілімін арқау етеді. Сонымен қатар, A. A. Ухтомскийдің доминанта туралы еңбектері бойынша, ықылас кезіндегі үстемді қозу ошағы теріс - индукция (кезеліс) процестері арқылы оның шоғырлануына жағдай жасайды.
Көптеген деректер бойынша, ықылас пен сергектіктің, шығу тегі ұқсас. Оларға да торлы құрылым, шашыраңқы таламус жүйесі, оның ми қыртысы проекциясы және гипоталамус жауапты. Торлы құрылымның белсендіруші ықпалы әуелі ілмек (лемниск) жолдарымен келетін арнамалы серпілістерді ми қыртысына тікелей экстраталамустық жолдар (ішкі капсула немесе субталамус) арқылы жеткізеді. Ықыластың сапасы бірнеше физиологиялық көріністермен сипатталады. Оның белсенділігі, бағыттанушылығы, тереңдігі, орнықтылығы, қарқындылығы, аудара қосушылығы болады. Ықыластың белсенділігі ерікті және еріксіз болып жіктеледі. Ерікті ықылас адамның санасы, өз ырқы арқылы туады. Ол адамның таным - тіршілігі, ақыл - ойы және іс-әрекеті үшін жетекші роль атқарады. Еріксіз ықылас кездейсоқ төтенше тітіркендірістерге шартсыз бағдарлау рефлексі ретінде пайда болады.
Орнықтылығы деп ықыластың белгілі нәрсеге (объектіге) шо-ғырлануын айтады. Ол тұрақты және тұрақсыз ықылас болып бөлінеді. Дені сау адамның өзінде де ықыластың орнықтылығы құбылмалы келеді.
Ықыластың тереңдігі оның көлемі және таратылуы арқылы анықталады. Оның көлемін ықылас қамтитын нәрселердің саны сипаттайды. Мұнда ыкыластың шашырауы немесе шоғырлануы маңызды орын алады
Сонымен қатар ықылас адамның ішкі әлеміне немесе сыртқы төңірекке бағытталады. Ықылас басқа нәрселерге оңай не қиын ауысады. Ал ықыластың қарқындылығы жоғары немесе төмен болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет