«Журналист социологиясы мен психологиясы» пәнінің оқу -әдістемелік кешені 18. 09. 2013 жылғы №1 басылым 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет35/55
Дата27.09.2022
өлшемі0.68 Mb.
#461437
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
«Журналист социологиясы мен психологиясы» п ніні о у - дістемел

Эмоция. Адам мен жануарлар психикасының ерекше көріністерінің бірі— эмония (лат. emavere — күйзелу, қобалжу). Ол мінезді бағыттау және жүзеге асыру амалдарын жасайтың мотивацияның құрамында маңызды орын алады.
Эмоцияның бірнеше түрі бар. Биологиялық эмоция — әртүрлі. Тіршілік (ашығу, шөлдеу т. б.) мұқтаждықтарын қанағаттандыру немесе қанағаттандырмау әрекеттерімен байланысты болады. Жоғары эмоция — әр алуанрухани (әлеуметтік, танымдық, әсемдік) әрекеттерінен туады. Кідірген эмоция — жеке адамның кейбір себептерімен, эмоциялық көріністерін тежеуі нәтижесінде байқалады. Жағымсыз эмоция — қандай болса да бір мұқтаждық қанағаттандырылмаған жағдайда ұнамсыз күйзеліс түрінде кездеседі. Жағымды эмоция — мұқтаждық қанағатта.ндырылған кезде болатын сүйкімді әсерленушілік.
Эмоция кұбылыстары аффект (долданыс) , нағыз эмоция және сезім түрінде кездеседі. Аффект — айқын қимылдар ағза көріністерімен қоса жүретін күшті және біршама қысқа мерзімді эмоциялық күйзеліс күйі. Ол жүріп жатқан тіршілік немесе әлеуметтік жағдайда кездеседі. Нағыз эмоция ұзақ уақыт және әлсіз түрде білінеді. Ол бастан кешкен немесе болашақты елестету арқылы туады. Эмоцияның үшінші түрі — заттық сезімдер. Олар кейбір белгілі немесе дәйексіз нәрселерді (мәселен, махаббат) , отанды сүю, өшпенділік т. б. елестету немесе ойлау арқылы пайда болады. Заттық сезімдер тиянақты эмоциялық қатынасты көрсетеді. Эмоциялық көтеріңкілік сәтте адамды шабыт, нұрлану, жаңалық ашу, шығармашылық қуанышы билейді. Яғни, сезініс күйі — адамның рухани және дене күшінің ең жоғары көтеріңкі сатысы.
Организмнің эмоциялық күйі эмоциялық күйзеліс және эмоциялық көрініс іспетті әсерленістерден тұрады. Эмоииялық күйзеліс деп организмнің өзін және қоршаған әлемді бейнелейтін субъективтік сезінісін айтады. Организмнің дене сезу және ағза жүйелерінде байқалатын өзгерістерді эмоциялық керіңіс деп атайды. Эмоциялық көрініс әртүрлі. Симпатикалық жүйке қатты қозғағандықтан жүректің қызметі жеделдейді, қанның қысымы көтеріледі, газ алмасу өседі, тыныс кеңейеді, организмде тотығу және энергия құбылыстарыньң қарқыны артады. Қанда, сілекейде, несепте катехоламиндер, пептидтер және глюкоза мөлшері көбейеді.
Бұлшық ет тонусы өеіп, көз қимылы жиіленеді, терінің түктері үрпиеді, эмоциялық қозу кезінде организмнің бүкіл қосалқы мүмкіндіктері жедел жұмылдырылады. Сонымен қатар түпті қарқынды іс-әрекеттің өзінде, оның әлі де зор пәрменді мүмкіншіліктері сақталады. Бұлар тек төтенше жағдайларда, эмоциялық зорлану кезінде тұтынылады.
Эмоция кезінде адамның субъективтік күйі өзгереді. Оның парасаттық қабілеті, зердесі сезімтал, қоршаған орта әсерлерін жіті қабылдайды.
Эмоциялық күйзелістің тіршіліктегі негізгі мәңі адам мен жануарларға өзінің ішкі жағдайын, пайда болған мұқтаждығын, тез бағалауға, оны толық қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол организмдегі бейнелеуші (бағалаушы) ізденуші, нығайтушы, реттеуші, байланыстырушы әрекеттерді ұйымдастырады.
Эмоцияның бейнелеуші әрекеті оқиғаларға жалпы баға береді. Организм өзінің бүкіл іс әрекетін бірлестіру арқасында, оған әсер етуші тітіркендіргіштің жағымды немесе жағымсыз жактарын тез анықтайды. Адамның сезініс қабілеті дара күйзеліспен қатар, өзара қоса әсерленушілік арқылы қалыптасады.
Эмоцияның ізденуші түрі мақсат пен ниетке байланысты білінеді. Ол жетекші және жағдайлық болып екіге бөлінеді. Жетекші эмоциялық күйзеліс — мұқтаждықты қанағаттандыратын мінездік мақсатқа бағытталады. Жағдайлық эмоциялық күйзеліс мінездің кейбір кезеңдерін бағалаудан туады. Ол нәтижеге қарай мақсатқа жету үшін мінезді не жалғастырады не өзгертеді.
Эмоция нығайтушы әрекеті арқылы тәлім және зерде процестеріне қатысады. Эмоциялық әсерленістер тудыратын маңызды қақиғалар тез және ұзақ уақытқа зерде де сақталады. Мұны әрбір шартты рефлекс қалыптасар кезде байқауға болады. Оның алғашқы жалпылама сатысын — эмоциялық сатысы дейді. Дәл осы кезде организмнің вегетативтік саласы ерекше жұмылдырылады. Өйткені белгісіз жайларда үстемді әсерлену тиімді келеді.
Ойлау. Oйлау - адамның жаңа жағдайларға бейімделуі кезінде мақсаттарды жаңаша шешуге' арналған ми қыртысының ете күрделі іс-әрекеті. Ол әлемді танудың және бейнелеудің ең жоғары сатысы. Ойлау — болмысты, оның бүкіл байланыстарын, қатынастарын және заңдылықтарын жанама түрде, жалпылама бейнелеу. Ойлау арқылы заттардың және құбылыстардың түйсінбейтін мазмұны, маңызы және мағынасы танылады.
Танымның алғашқы кезеңі — нақтылы сезімдік бейнелеу. Ол сезу, түйсік, елестету арқылы атқарылады. Қоршаған әлем мен организмнің өз хал-жағдайын нақтылы сезімдік бейнелеуді бірінші сигналдық жүйе атқарады.
Материалдық (мәдилік) дүниені тану сезуден басталады. Ол әртүрлі талдағышқа әсер ететін қоршаған орта құбылыстары мен заттардың жеке қасиеттерін бейнелейді. Ал түйсік біртұтас нақтылы бейне (образ) түрінде тек сезуден құралады. Сезу мен түйсік талдағыш жүйелерге, тікелей әсерден туады. Жалпы нақтылы елестету (түсінік) арқылы пайда болады.
Ойлау процестері жалпы түсінік пен уғышнан және пікір мен ой тұжырымынан тұрады. Ұғым, ең жоғары ойлаудың дәрежесі — түсінікті ой. Ол біздің сезім мүшелеріміз қабылдамайтын ең маңызды жақтарын бейнелейді. Бұлар танымның анағұрлым күрделі кезеңі — қоршаған әлемді жалпылама дерексіз бейнелеу. Ойлаудың дерексіздік (абстракциялық) , сезімдіқ, нақтылы, көрнекі әсерлі т. б. түрлері болады.
Психология ғылымы негізінен ойлаудың үш түрін ажыратады: нақтылы, бейнелі және дерексіз-қисынды (абстракциялық-логикалық).
Нақтылы немесе көрнекі — әсерлі ойлау бірінші сигналдық жүйеге тіркеледі, әрі екінші сигналдық жүйені де арқау етеді. Бұл қисынды ойлаудың алғашқы сатысы, ол кейін бейнелі ойға алмасуы мүмкін.
Бейнелі ойлау — ойша байымдау немесе елестету және жоспарлау арқылы жүзеге асады. Бұл тілмен тығыз байланысты.
Дерексіз-қисынды ойлау — ұғым, пікір символдық белгілер және басқа дерексіз категорияларды пайдаланады. Мұндай ойлау ең терең және нәтижелі келеді. Алайда ол үшін жеткілікті білім мен дағдылар қажет.
Ұғым дегеніміз заттар мен кұбылыстардың жалпы және маңызды ерекшеліктерін бейнелеу болып табылады. Пікір олардың әртүрлі жақтары мен қасиеттері арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. Ой тұжырымы пікірлерді заңдылықпен байланыстыратын ойлаудың, жоғары сатысы. Ойлаудың үш түрі де тектік (гендік) және диалектикалық тұрғыдан алғанда санның сапаға ауысуы.
Ойлау әрекетінің нейрофизиологиялық негіздерін алғашқы ашқан И. M. Сеченов. Оның айтуынша, ойлау— нәрселерді бір-бірімен салыстыратын мидың рефлекстік құбылыстарының анализдік-синтездік әрекетінің нәтижесі. Ойлау процесінің нейрофизиологиялық негізін іс-әрекеті түзетіндігі И. П. Павловтың нактылы тәжірибелерімен дәлелденді.
И. M. Сеченов пен И. П. Павловтың еңбектерінде, ассоииация (ұлас) үғымы организмнің белсенді бейімделу іс-әрекетінің күрделі нәрселер ортасындағы мінезінің нәтижесі деп саналады. Адам мінезінің физиологиялық механизмдеріне талдау жасағанда, ол екі сигиалдық жүйенің, ми қыртысы мен қыртысасты құрылымдардың бірлескен іс-әрекеті екендігі көрінеді. Адам өз еркімен, өзінің шартты рефлекстік әсерленісін тоқтата алады.
Тіл. Тіл адамдардың қатынас құралы ретінде қалыптасты. Ол еңбектену нәтижесінде адамдар бірімен-бірі түсінісу үшін қажет болды. Тіл сөз арқылы ақпарат қабылдау, емдеу және жеткізу түрінде сипатталады. Яғни, болмыс сөйлеу әрекетімен бейнеленеді.
Сөз бейнелеудің екінші сигналдық формасы. Тіл байланыстырушы, ұғындырушы және реттеуші қызмет атқарады. Тілдің байланыстырушы (коммуникациялық) әрекеті — оның адамға тән арнайы қатынас құралы болуы. Бұл айтушы мен тыңдаушы арасындағы саналы іс-әрекет. Ол өзара тығыз байланысты айтылу (экспрессивтік) , суреттелу немесе ұғыну (импрессивтік) түрлерінен тұрады. Мұның екеуі де өте күрделі психологиялық құбылыс. Бұлардың физиологиялық негізін мидың ерекше әрекеттік жүйелері атқарады.
Жануарларда да коммуникациялық іс-әрекеттің қарапайым түрлері кездеседі. Олардың кейбір дыбыс шығаруы немесе көру тітіркенулері басқа жануарларға сигнал болуы мүмкін. Алайда ол екінші сигналдық жүйе бола алмайды.
Тілдің ұғындырушы әрекеті - дерексіз ойлаудың, түсінудің құралы. Түскен ақпаратты талдап қорыту арқылы пікір және тұжырым туады. Сөйтіп сигналдық жүйелердің өзара әрекеті қарапайм сезуді күрделі ойлау процесіне ауыстырады.
Тілдің реттеуші әрекеті сөз арқылы организмнін әртүрлі жүйелерін реттеуді жүзеге асырады. Сөз сигналы ішкі ағзалар қызметін, организмдегі зат алмасу қарқынын өзгертеді. Мұны K. M. Быковтың ми қыртысы—ағзалық теориясы дәлелдейді.
Сөздік тітіркендіргіштер қимыл-әрекетті, сезімдік жүйелерді, вегетативтік жүйкені, мидың қызметін өзгертіп, адамның психикасына, көңіл күйіне әсер етеді. Мұндай психофизиологиялық көріністерді адамның және науқастардың әртүрлі әрекеттік жағдайларын анықтау үшін қолданады.
Нәрселерді сөзбен белгілеудің акустикалық, кинестезиялық және оптикалық түрлері кездеседі.
Тілдің акустикалық формасы дыбыс сигналдары түрінде болады. Ол сөз түйдектерін жіктеп немесе құрап түйсінуге көмектеседі. Яғни байланыстырушы әрекет атқарады,
Тілдің кинестезиялық түрі дыбыс шығарушы артикуляциялық мүшелердің қимыл-әрекеті арқылы жүзеге асады. Тіпті дыбыс шығармай тек ойлаудың өзі олардың бұлшықеттерінің сергуін күшейтеді. Ал ойын саусақпен, ыммен түсіндіретін керең-мылқаулардың қол еттері жиырылады. Сол арқылы оларды екінші сигналдық жүйе жоғары парасаттық дәрежеге жеткізеді.
Тілдің оптикалық түрі жеке сөз (әріп) тітіркендіргіштерін талдау және бірлестіру механизмдерін, сөздің символдық мәнін қамтамасыз етеді. Ми қыртысының шүйде аймақтары зақымданса әріптерді тану, ажырату қиындайды. Ал қозғалыс және есту талдағыштары зақымданған жағдайда әріпті жазумен қатар естіген сөзді ұғыну бұзылады.
Тілдің физиологиялық негіздері үш күрделі процестен тұрады: сөздік сигналды түйсіну және танып білу, қабылданған хабардың мазмұнын түсіну және сөзді айту әрекеттері.
Тілдің немесе екінші- сигналдық жүйенің іс-әрекеті мидың маңдай бөлігі мен сөзді айту, есту және жазуды көру талдағыштары арқылы орындалады.
Сөзді айту талдағышы дыбыс аппаттары мен бұлшықеттері рецепторларынан мәлімет алып, сөйлемдер құрастырып сөйлеуді жүзеге асырады. Ол мидық маңдай бөлігінің екінші және үшінші қатпарларында орналасқан (Брока орталығы). Аурсыну кезінде еріксіз сөйлеуге байланысты бұған қыртысасты құрылымдар д, а қатысады деп болжауға болады.
Тілді түсіну мидың сөзді есту талдағышы, арқылы атқарылады. Ол оңқай адамдардың сол жақ ми сыңарының самай аймағынын, жоғарғы бөлігінде орналасқан (Вернике орталығы).
Тіл түйсігінін, негізгі алғы шарты акустикалык немесе оптикалық түрде келген ақпаратты жіктеп ажырату. Мұны тек есту зердесі мен қиын материалды оқыған кездегі көздін, ізденіс қимылдары арқылы орындауға болады. Ми қыртысының белгілі аймақтары екінші сигналдық жүйенің әрбір көріністеріне жауапты болғанымен, әдетте, тілдің күрделі іс-әрекеті
(сөйлеу, оқу, жазу, санау) мидың баска бөліктері бөлінсе де бұзылады. Өйткені пехикалық іс-әрекет бүкіл мидың бірлестірілген қызметі.
Сана. Сана — болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу, түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің - жемісі. Материяның әрбір қасиеті сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара әрекетінен туады.
Адам мен жануарлар болмысты сезімдік түйсіктер арқылы бірдей таниды және бағалайды. Алайда адам жануарларға қарағанда объективтік дүниені ақыл-оймен бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.
Тіл — сананың (ойдың) материалдык көрінісі, негізгі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның субъективтік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және сана - сезімнен құралады. Сезіну дегенміз акиқат болмысты жинақталған біліммен салыстыру және адамның тәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа адамға білім беріледі.
Адам өзіндік сана (сана-сезім) арқылы өзін-өзі сезініп ұғынады. Сана-сезім дегеніміз — адамның өзін-өзі және өзінің психикалық күйін түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі. Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық қоғамдық сана-сезіммен тығыз байланысты. Сондықтан сана-сезім адам өзін - өзі түсінгеннен көрі кең ұғым. Өйткені өзін - өзі сезіну мен қоршаған болмысты сезінудің бірлігі арқылы тек адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғары формасы жүзеге асады. Сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін сезінуден тұрады. Адам санасы әлеуметтік түрткілердін, ықпалынаң — енбек іс-әрекеті мен қатынастан қалыпасады. Caна-сезім бір жағынан, танымдық екінші жағынан, әрекеттік рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өзін - өзі жөнге салады, өз ісіне баға береді, мінез - құлқын реттейді, тәрбиелейді.
Алайда адамның көптеген психикалық әсерленісі оның санасына жетпей атқарылады. Оларды П. В. Симонов екі топқа бөледі. Бірінші топ — шаласана (подсознание). Оған санадан тыс шығарылған автоматты қимыл дағдылары, ішкі ағзалардың қызметі мен реттелуі, эмоция реңкі мен олардың сыртқы көрінісі, мотивациялық келіспеушілік жатады. Шаласана адамды артық энергия шығынынан сақтайды, оны ышқынудан қорғайды. Шаласананың немесе санасыздықтың (бессознательное) бірінші деңгейі—адамның өз денесін, тіршілігін психикалық санасыздықпен бақылауы. Екінші деңгейі — адамның ұйықтамай жүрген кезеңіне ұқсайтын процестер. Оның үшінші деңгейі адам рухының жоғары сергектігінде жетілетін көркемдік, ғылыми және басқа сезімталдық психикалық процестерден көрініс табады. Екінші топ — асқан сана (сверхсознание) немесе интуиция. Ол сана бақыламайтын шығармашылық нұрлану (озорение) , болжам, жорамал, аңғару, шамалау қасиеттерін қалыптастыратын механизмнен тұрады. Асқан сананың негізі — зерде іздерін өңдеп, жаңаша комбинациялар табу, жаңа уақытша байланыстар жасау, аналогтар құрастыру. Ол ғылыми жаңалықтар ашуға, көркем шығармалар жазуға, өнер туындыларын жасауға ықпалын тигізеді.
Сана мен таным процесінде эмпияның мәні өте зор. Адам эмоция мен сезімі арқылы ақиқат болмысқа өзінің арнайы ыңғайын білдіреді. Сонымен бірге адам қоршаған болмысты жандандыруға саналы іс-әрекет жасайды. Сананың практикалық қимыл-әрекетке бағытталуы, оның маңызды бір саласы — адам ырқын құрайды. Ырық дегеніміз — киындықтарды жеңуге арналған са­налы, мақсатты психикалық іс-әрекет. Ол адамның талаптарын, мақсат-мүдделерін, істерін жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет