-
Ученова В.В. Публицистика и политика. М. 1999ж.
-
Журналистика и перестройка. М. 1989ж.
-
Бурлацский Ф. Новое мышления. М. 1989ж.
-
Әшімбаев С. Театр сыны. А. 1989ж.
-
Крикунов Ю.А. Моральная тема в газете. А. 1984ж.
-
Гороника Н.С. Стиль русской театральной критики. М. 1974ж.
Лекцияның мәтіні:
Журналистканың қоғамдық өімрде атқаратын бірқатар функциялары бар. Негізінен алғанда журналистика қоамдық өмірдің айнасы болғандықтан әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани және қоғамдық пікірді қалыптастыруда айрықша қызмет атқарады.
Міне, ХХІ ғасырға адамзат зор жетістіктермен, ілгерішіл әлеуметтік-экономикалық табыстармен еніп отыр. Дәл осы өркениеттік үрдіспен қоғамдық жаму да алға басып барады. Сонау «гома-сапиенс» дәуірінен, сана пайда бола бастаған кезеңнен тарихты көктей өтіп, қазіргі ақыл-ойдың, қоғамдық өркендеудің дәрежесінен қарасақ, талай-талай рухани өзгерістерді, қол жеткен биіктерді ауыз толтырып айтуға болады.
Соның бір парасы, әрине, әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының кең қанат жаюы дер едік. «Газет – халақтың көзі, құлағы һәм тілі» демекші (А. Байтұрсынов), көп жетістіктердің болмысы мен сипатын осынау газет-журнал, радио, телевидениенің прогрестік мәнінен айқын аңғарамыз. Ақпараттық технология барған сайын өз мүмкіндіктерін тереңдей ашуда.
Сонау ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардан басталатын кәсіби журналистиканың наңты жұмыс процесі қазір де лайықты жалғасын тауып келеді. 1776 жылы саясатшы әрі публицист Э. Берк айтқандай, БАҚ-ты «төртінші билік» санап, көпшілік арасында пікір қалыптасып кеткені секілді, журналистикада жаңа көзқарас, ұғымдар пайда болып отыр. Бұл да жайдан-жай құбылыс емес. БАҚ-қа деген ерекше ықылас, назар аударудан туған оң тенденция, халықтық ниет-пиғылдан келіп шығатын пікір-түйіндер нәтижесі.
Әлемдік журналистика дегенде (оның ішінде қазақ журналистикасы да бар) даму, қалаптасу жолдары өзара ұқсастықтарымен де, өзіндік өзгешеліктермен де ерекшеленетіні белгілі жәйт. Неге десеңіз, журналистика – қайда да журналистика. Мейлі Еуропа, мейлі Азия, мейлі Америка болсын, оның міндет-борышы замана талабына орай қалыптасады. БАҚ пен журналист Францияда, АҚШ-та немесе Жапония мен Қырғызстанда т.б. жер шарындағы екі жүздей мемлекетте күнделікті істерін тиісінше атқаруда.
8-лекция. Журналистика функцияларының жүйесі
-
Тікелей ұйымдастырушылық және мәдени функциялар
-
Қоғамдық пікірді қалыптастыру – журналистиканың маңызды функциясы
-
Анықтамалық және жарнамалық функциялар
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
-
Амандосов Т.Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы 1978ж.
-
Амандосов Т. Публицистика – дәуірі үні Алматы. 1974ж.
-
Амандосов Т, Елеукенов Ш, Қожакеев Т, Ыдырысов Т. Газет жанрлары Алматы. 1964ж.
-
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы. 1959. 243-бет.
-
Кольцов М Писатель в газете. М. 1961ж.
-
Қабдолов З. Жебе Алматы. 1977ж.
-
Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы. 1958ж.
-
Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. Алматы. 1983ж.
-
Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет Алматы. 1982ж.
-
Омашев Н. Жол үстінде журналист Алматы. 1999ж.
-
Омашев Н. Белестер Алматы. 1999ж.
-
Проблематика газетных выступлений М. 1975.
-
Прохоров Е.П. Эпистолярная публицистика М. 1966.
-
Ысқақов Д. Әдеби – көркем сын. Алматы. 1987ж.
-
Назарбаев Н. Журналистикаға кіріспе табалдырығында. Алматы. 1998ж.
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы. 1996ж.
Қосымша әдебиеттер -
Ученова В.В. Публицистика и политика. М. 1999ж.
-
Журналистика и перестройка. М. 1989ж.
-
Бурлацский Ф. Новое мышления. М. 1989ж.
-
Әшімбаев С. Театр сыны. А. 1989ж.
-
Крикунов Ю.А. Моральная тема в газете. А. 1984ж.
-
Гороника Н.С. Стиль русской театральной критики. М. 1974ж.
Лекцияның мәтіні:
Журналистика функцияларынң жүйесі тікелей ұйымдастырушылық және мәдени функцияларды бірге атқарады. Қоғамдық пікірді қалыптастыру мәселесі де журналистиканың маңызды функциясы болып табылады. Еліміздегі ресми, тәуелсіз және қоғамдық газеттер өз қызмет функцияларын жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
Біздің республикамызда БАҚ мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді, соған орай жұмыстары өрбиді. Бірақ лицензиялық-құқықтық жауапкершілікті ұмытпау лазым.
Негізінде қай елдің бұқаралық ақпарат құралы болсын, олардың әлемге ортақ белгілерімен бірге, сол елдің Конституциясына және жекелеген заң актілеріне сәйкес ұстанымдары пайда болады. Ортақ мәмілелер ЮНЕСКО-ның құзырына түйіседі де, ал мемлекеттердің саналуан бұқаралық ақпарат құралдарының жұмас істеу әдіс-тәсілдері белгілі бір нормаларға сүйенеді. Сондай баңыт-бағдар бойынша іс-әрекет танытады.
Дамыған елдердің көпшілігінде конституциялық тұрғыда баспасөз бостандығына шәк келтірмейді, азаматтардың сөз бостандығы құқығын сақтау мағынасындағы тұжырымдар жасалған. Айталық Еуропа мемлекеттері мен АҚШ мұны әжептәуір қарастырған.
Біздің Қазақстанда да аталмыш концепция Конституциямызда айқын көрсетілген. Мысалы 20-бапта былай деп жазылған: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым саланады».
Соңғы онжылдық көлемінде бізде ғана емес, Еуропаның бірқатар елдерінде конституциялық жаңа тұжырымдар мен кейбір өзгертулер халықаралық нормаларды ескере отырып енгізілген. Онда әдеттегідей сөз, баспасөз бостандығы болумен бірге, белгілі бір мөлшерде ақпараттық шектеушілік те ұщырасады. Неге бұлай десек – ұлттық қайіпсіздік пен қоғамдық тәртіп және мораль мен азаматтардың жеке бас құқығыны айтылады.
Францияда сот жүйесі мен қарулы күштерге және мемлекеттік әкімшілікке қарсы БАҚ-та негізсіз жала жабу қалмыс саналады. Германияда баспасөз бостандығы еркін демократиялық құрылымға қарсы пайдаланғаны үшін жаза беріледі.
Бірріккен Ұлттар Ұйымының секретариаты жанында арнаулы ақпарат тарату департаменті жұмыс істейді. Ол әлемнің барша елін ақпаратпен қамтамасыз етуге күш салады. Қашанда берілетін ақпараттың дәл, анақ шыншыл әрі маңызды болуы көзделеді.
Еуропаның Ұлыбритания, Франция, Германия сияқты ірі елдерінде ертеден бастап шыққан газеттер бүгінгі миллиондаған данамен таратылатыны таңдандырмай қоймайды. Жаңа дерек бойынша Ұлыбританияның алғашқы бір газеті саналатын «Инглиш меркьюри» 1588 жылы 23 июньде шыққаны өте ұзақ мерзімнен хабардар етсе, «Дейли миррор» және «Ньюс оф уорлд» газетінің тиражы кейбір кезеңдері 5-7 миллтонға дейін жеткен! Бұл көрсеткіш көп елдер үшін қол жетпес нәтиже екеніне сөз жоқ.
9-лекция. Қоғамдық пікір және БАҚ: қалыптасуы мен көрініс табу үдерістері
-
Қоғамдық пікір: жалпы мінездеме
-
Қоғамдық пікір функциялары
-
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің көріну ерекшеліктері
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
-
Амандосов Т.Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы 1978ж.
-
Амандосов Т. Публицистика – дәуірі үні Алматы. 1974ж.
-
Амандосов Т, Елеукенов Ш, Қожакеев Т, Ыдырысов Т. Газет жанрлары Алматы. 1964ж.
-
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы. 1959. 243-бет.
-
Кольцов М Писатель в газете. М. 1961ж.
-
Қабдолов З. Жебе Алматы. 1977ж.
-
Қаратаев М. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы. 1958ж.
-
Қожакеев Т. Сатиралық жанрлар. Алматы. 1983ж.
-
Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет Алматы. 1982ж.
-
Омашев Н. Жол үстінде журналист Алматы. 1999ж.
-
Омашев Н. Белестер Алматы. 1999ж.
-
Проблематика газетных выступлений М. 1975.
-
Прохоров Е.П. Эпистолярная публицистика М. 1966.
-
Ысқақов Д. Әдеби – көркем сын. Алматы. 1987ж.
-
Назарбаев Н. Журналистикаға кіріспе табалдырығында. Алматы. 1998ж.
-
Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында. Алматы. 1996ж.
Достарыңызбен бөлісу: |