К. А. Нариков, Г. Г. Беркалиева, С. С. Тулемисова


– БӨЛІМ. ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет5/77
Дата25.02.2024
өлшемі3.99 Mb.
#493135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
шоғыр

1 – БӨЛІМ. ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
1.1. Өндірістік гигиена жəне санитария 
Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік 
орта мен еңбек процесінің қолайсыз əсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық 
- эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек 
гигиенасы еңбек процестерінің жəне өндіріс ортасының адам ағзасына əсер 
ету деп түсінеміз. 
Еңбек гигиенасы санитарлық – гигиеналық, ұйымдық жəне емдік 
профилактикалық шаралар, кəсіби аурулардың алдын алуына жəне еңбек 
шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді. 
Өндірістік 
санитария — зиянды 
өндірістік 
факторлардың 
қызметкерлерге əсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - 
гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі. 
Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын санитарлық қолайлығын 
талаптарға сай қамтамасыз етуді, кəсіпорынның аумақтары сияқты, сондай-
ақ олардың өндірістік жəне тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп 
жасап 
шығару. 
Санитарлық - гигиеналық 
талаптардың 
қанағаттандырылмағаны тек қана кəсіби ауруларға ғана шалдықтырып 
қоймай, сонымен қатар өндірістік жарақаттанудың бірден бір себебі болуы 
да мүмкін. 
Цехтарда 
жоғары 
температураның 
болуы 
бірден 
барлық 
жұмысшылардың жағдайларын нашарлата бастайды, бас айналу жəне 
ұйқышылдық пайда болады. Ал төменгі температурада жұмысшыларға 
сырт киіммен жұмыс істеуге тура келеді, ол қозғалысты ауырлатады. 
Төмен (нашар) жарықтандыру кезінде жұмыс жасау көзге тез арада 
зақым келу жəне ауыр жарақатқа əкеліп соғу мүмкіндіктерін туғызады. 
Цехтардағы ауа ортасының шаңмен жəне газдармен ластануы, 
сонымен қатар шуыл адам ағзасына өте зиянды[2]. 
Санитарлық - гигиеналық талаптың жобалануы кəсіпорындарды 
«СЭТ өндірістік объектілерді жобалау» (ҚР ДСМ №334, 08.07.05ж. 
бұйрығында)санитарлық - эпидемиологиялық талаптарына сəйкестендірі-
ліп ескеріледі. 
Құрылғыға 
гигиеналық 
талаптардың 
жəне 
өндірістік 
кəсіпорындардың өзіне келесі кезеңдерді қосады: құрылыс алаңын талдау; 
кəсіпорынды аумақтық сəулелендіру; өндіріс жəне қосалқы ғимараттардың 
орналасуы; канализация жəне сумен жабдықтау; отын жүйелерінің 
құрылысы, желдету жəне жарықтандыру, қосалқы бөлмелермен жабдықтау. 
Бұл барлық талаптар өнеркəсіпті жобалау кезінде жəне 
кəсіпорындардың қолданылуы кезінде міндетті болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет