5
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы қазіргі уақытта
айқын көрінетін екі бағытпен сипатталады.
Оның бірі ұлттық табиғи
байлықты жəне отандық ғылым мен техниканың жетістіктерін тиімді
пайдалануға негізделген отандық өндірістің
дамуына байланысты болып
табылады. Ол өндірілген өнімнің сапасын жақсарту арқылы, өнімді əлемдік
саудаға шығару мен өндірісті жетілдірудің құрылымдық түзілу шарттарына
негізделеді.
Екінші бағыты – шетелдік инвестицияларды тартуға байланысты,
экспортталатын мұнай өндіру салаларын дамыту болып табылады [1].
Қазіргі таңда тек қана шикізатқа бағдарланған ел болып қалмас үшін,
біз ғылым
мен техниканың жетістігіне, жоғары технологияға сүйенген
дүниежүзілік стандарттарға сай, сапалы өнім өндіретін кəсіпорындарды
дамытумен қатар, дамыған индустриялды
елдер қатарына қосылу
мақсатында білімді, техниканы жақсы меңгерген тəжірибелі мамандарды
даярлауымыз қажет. Бұл айтылған тұжырымның
отанымыздың мұнай-газ
өндірісінің маман кадрларын даярлау ісіне де қатысы бар.
Республикамыздағы мұнай мен газ өндірісінің дамуы, жаңа үлгідегі
кен орындарын ашу жəне мұнай мен газ өндіру
аудандарын кеңейтумен
ғана шектеліп қоймай, алдағы уақытта пайдаланатын мұнай кен орындарын
игерудің тиімділігін жетілдіру жəне дамытумен сипатталады.
Қазіргі таңда еліміздің аумағындағы мұнай-газ шикізатының қоры
геологиялық зерттеу мəліметтері бойынша 4 млрд.т
шамасында деп
есептелініп, шикізат өндіру бойынша əлемде алдыңғы қатарлы ондыққа
кіреді.
Мұнай жəне газ кеніштеріндегі көмірсутегі қорының өте тереңде жəне
күрделі геологиялық-литологиялық шарттарда
орналасуына байланысты,
өндірілген мұнай құрамындағы қоспаларды бөліп алудың қиындығы
заманауи техникалар мен технологияларды қолдануды қажет етеді.
Мұнай мен газ өндіру кəсіпорындары - бұл мұнай мен газ өдіру үшін,
белгілі тауар талаптарына сай құбырлармен тасымалдау мүмкіндігі
мақсатында
скважина
өнімін
дайындауға
арналған,
кəсіпшілік
жабдықтарының күрделі кешені. Осындай күрделі кешенге күтім
көрсететін мұнай мен газ өндіру операторы болу үшін жоғары кəсіпқой
дайындығы болу қажет.
Берілген оқулық құралы 0809000-«Мұнай жəне
газ кен орындарын
пайдалану (бейін бойынша)» мамандығының 080905 2 «Мұнай жəне газ
өндіру операторы» біліктілігі бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта
білімнен кейін білім беруге арналған өзектендірілген типтік оқу
жоспарлары мен бағдарламалары негізінде КМ 01
«Мұнай, газ жəне
газконденсатын өндіру технологиялық процесін жүргізу» кəсіптік
модульіне арналған.