60
5 – БӨЛІМ. СКВАЖИНА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖƏНЕ СКВАЖИНАНЫ
МЕҢГЕРУ, ЗЕРТТЕУ
5.1 Скважина құрылысы
Скважина дегеніміз - жер қыртысында
арнайы бұрғылау жабдықтары
көмегімен қазылатын, диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр пішінді
тау-кен құрылыс орны [8].
Скважина негізінен тік жəне көлденең болады. Скважинаның жоғарғы
бөлігі скважина сағасы, түбі –түп аймағы, бүйір беті-қабырға,
шектелген
қабырға кеңістігі – скважина оқпаны деп аталады. Скважина оқпанының өсі
бойындағы скважина сағасынан түп аймағы арасындағы қашықтық скважина
ұзындығы, ал тік өстегі ұзындық проекциясын тереңдік деп атаймыз.
Жалпы скважинаның құрылысына кететін күрделі қаржының мөлшері
кен орнының орналасу тереңдігіне, скважинаны бұрғылаудың геологиялық
шарттарына, географиялық орналасу шарттарына байланысты əртүрлі болады.
Скважинаның ұзақ мерзімде жұмыс
істеуі көп жағдайда оның
конструкциясымен анықталады.
Сурет 5.1 –Скважина құрылымының элементтері
1-скважина сағасы; 2- түп аймағы; 3-скважина қабырғасы; 4 -скважина осі; 5-
скважина оқпаны; 6- шегендеу тізбегі.
61
Скважинаның конструкциясы - деп,
диаметрлері мен ұзындықтары
əртүрлі жəне скважинаға бірінен кейін бірі тобымен түсірілетін бірнеше
шегендеу құбырларын айтамыз. Шегендеуші құбырлар бірінен кейін бірі
белгілі тереңдікке дейін түсіріліп, геологиялық
қимадағы тау жыныстарына
цемент тасымен бекітіледі (5.1-сурет).
Сурет 5.2 – Скважинаның геологиялық кескіндегі құрылысы
Скважина конструкциялары, жоба бойынша белгіленген тереңдікке
дейін жетуді, белгіленген əдіс бойынша өнімді қабатты ашу жəне
оларды
пайдалану əдістерін жүргізуді, бұрғылау жəне пайдалану процесінде
кездесетін күрделенулерді болдырмау мен скважинаны жөндеуді,
зерттеу
жұмыстарын орындауды, скважинаның құрылысына кететін шығынды
азайтуды қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Скважина құрылысының ең негізгі элементі скважина түбі аймағының
құрылысы болып саналады.
Скважинаның ұтымды құрылымын жобалау
кезіндегі ескерілетін
жағдайлар:
-кен орынның геологиялық құрылым ерекшеліктерін, сулы жəне мұнай-
газды горизонттардың бір-бірінен оқшаулануы, сонымен қатар пайдалану
скважиналарының əдістері мен дебиттерінің мүмкінділігі:
-скважиналардың бағытты қызметтері (барлау, пайдалану жəне т.б)
-өнім горизонттарын ашу тəсілдері мен өнім қабатынан газбен мұнайды
жою əдістері:
- пайдалану кезеңіндегі колоннадан мұнайдың
деңгейін максималды
кеміту:
- келесі пайдалануда металл мен цементті минималды шығындау: