73
Газ режимінде қабат энергиясының шығындалу тиімділігі газ
факторымен сипатталады – қалыпты жағдайға келтірілген шығарылатын 1 т
мұнайға шаққандағы газдың мөлшері.
Еріген газ режимі қабаттық қысымның тез түсуі
мен газ факторының
ұлғаю заңдылығымен сипатталады. Газ факторы белгілі бір игеру кезеңінде
шарықтау шегіне жетеді, содан кейін жалпы сарқылуға жəне
кен орнының
толық газсыздану нəтижесінде төмендеуді бастайды.
Бұл режим ең төмен мұнайбергіштік көрсеткішімен ерекшеленеді. Кей
уақытта, мұнайбергіштік 0,25 ең төмен көрсеткіш көрсетеді. Шоғырға
жасанды əсер етусіз (су айдау жəне басқа да тəсілдер) бұл режим тиімділігі аз
болып есептелінеді. Дегенмен, игерудің бастапқы
сатыларында скважина аз
уакытқа болса да атқылайды. Шоғырды дренаждау шартында еріген газ
режимінде (жасанды əсер етпегенде) скважина өнімінде су болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: