69
Төменде табиғи энергияның бір түрінің көбірек болуы қа\растырылады.
Суарынды режим
Суарынды режимнің болуы үшін қабаттық қысым қанығу қысымынан
көп болуы шарт. Бұл шартта қабатта еркін газ болмайды, тек мұнай жəне сулы
мұнай сүзбеленеді. Қабатта газдың бөлінуі болмайды,
сондықтан қабаттық
жағдайда мұнайдың құрамындағы газ мұнаймен бірге өндіріледі.
Суарынды режимде мұнайдың скважина түбіне қарай қозғалысы үнемі
толықтырылып отыратын шеткі жəне нұсқа сыртындағы сулардың
қысымынан болады. Энергия көзі шеткі сулардың арыны болып табылады.
Оның қоры атмосфералық түсім, еріген су, жер үсті су қоймаларының есебінен
үнемі толықтырылып отырады. Суарынды режимнің ерекшелігі,
бұл ағып
келетін су алынған мұнайдың орнын толықтай жабады. Мұнайлы нұсқа бұл
кезде толығымен орын ауыстырады жəне қысқарады. Мұнай скважиналарын
пайдалану шеткі сулар қабаттың жоғары бөлігіне дейін жетіп, мұнайдың
орнына су шығып бастаған кезде тоқтайды (6.2 - сурет).
Бұл кезде қоймадағы
сұйық көлемі азаймайды, өйткені, мұнай қанша
таусылса да орнына сонша көлемде су келеді. Судың тығыздығы мұнайдан
жоғары, сондықтан олар араласпайды.
Сондықтан, су мұнайды табиғи
резервуарда мұнай бітіп, скважинадан су шыққанша дейін ығыстырады. Бұл
кезде таза суды емес су аралас мұнайды өндіреді. Уақыт өткен сайын су
көбейіп,
мұнай азаяды, соңына қарай тек су (мысалы, 90% су,10% мұнай)
шығып бастайды. Осындай мұнайды суланған мұнай деп атайды.
Сурет 6.2 – Суарынды режим
70
Суарынды режимде қабаттағы қысым жоғарылығы сондай, скважина
атқылайды. Бірақ, мұнай
мен газды тез алмаған жөн, өйткені, судың шығу
қарқыны мұнайдың шығу қарқынынан қалыс қалады, қабат қысымы түсіп,
атқылау тоқтатылыды.
Суарынды режим кезінде мұнай
шоғырының жұмысы ең жоғарғы
мұнайбергіштік коэффициентін (0,5-0,8) қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: