К. Х. Жапаргазинова бейорганиқалық Химия



бет4/6
Дата30.06.2016
өлшемі0.83 Mb.
#169064
1   2   3   4   5   6

Тәжірибеде алынған мәліметтер бойынша υ=ƒ(с) графигін құрастырыңыз, реакция жылдамдығы шамасын ординат өсінде, ал Na2S2O3 ерітіндісінің концентрациясын абцисса өсінде %-пен көрсетіңіз.

2 Тәжірибе. Химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсері

Үш пробиркаға 4 мл -ден 2% натрий тиосульфатының ерітіндісін –қуйыңыз, ал қалған үш пробиркаға - 4 мл 2%–ті күкірт қышқыл ерітіндісінен қуйыңыз. Екі пробирканы (1-шісінде- Na2S2O3, 2-шісінде- H2SO4) суық суы бар стаканға 2-5 минутка қою қажет. Температураны белгілеп жазып алыңыз. Содан кейін күкірт қышқылын тиосульфат ерітіндісіне құйып, араластырыңыз. Тұнба пайда болу уақытын белгілеңіз. Осыдан кейін тәжірибені тағы екі рет қайталаңыз, тек стақандағы судың температурасы 100 С және 200 С бастапқы температурадан жоғары болғанша ыстық су қосу арқылы орналастырасыз. Нәтижелерді 9 кестеге жазыңыз.

Берілген 9 кесте бойынша υ= ƒ(t) график құрастырыңыз, және Вант-Гофф ережесі орындалу жөнінде температуралық коэффициенттерді есептеп, қорытынды жасаңыз.

9 кесте

пробирка

Температура,


0 С

Ерітіндіден тұнба болғанға дейінгі уақыт t), сек

Реакция жылдамдығы

υ=1/t


1










2










3










3 тәжірибе. Реакциялаушы заттар концентрациясы өзгергенде химиялық тепе-тендіктің ығысуы.

Пробиркаға бірнеше тамшы калий немесе аммоний роданидінің ерітіндісінен (KCNS немесе NH4CNS) және темір хлоридінің ерітіндісін құйыңыз да ұстіне су қосыңыз. Шыққан қоспаны 4 пробиркаға біркелкі бөліңіз. Содан кейін бірінші пробиркаға –FeCl3 ерітіндісін қосыңыз, ал екіншіге - құрғақ KCl немесе NH4Cl, үшінші пробиркаға – KCNS немесе NH4CNS ерітіндісін қосыңыз. Осы пробиркалардағы ерітінділер түсін төртінші пробиркадағы ерітіндінің түсімен салыстырыңыз.
10 кесте

Пробирка

Қосылғыш

зат

Байқалған өзгеріс


Қорытынды: қай жаққа тепе-тендік ығысады

1

+ FeCl3







2

+КCl







3

+ KCNS







4

эталон






1) FeCl3 және KCNS арасындағы реакция тендеуін жазыңыз.

2) Химиялық тепе-тендік тұрақтысын реакцияға сәйкестіріп жазыңыз. Ле-Шателье принципі бойынша байқалған өзгерістерге түсініктеме беріңіз.

Бақылау сұрақтары





  1. Қандай реакциялар үшін тепе-теңдік тұрақтысы өлшемсіз шама?

  2. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 2-ге тең. Химиялық реакцияның жылдамдығын 16 есе арттыру үшін температураны қанша градуска жоғарылату қажет?

  3. Температура 1500 С болғандағы реакция 16 минут ішінде аяқталады. Егер температура 2000 С және температуралық коэффициент γ = 2 тең болғанда реакция қандай уақытта аяқталады;

  4. 3570С –тағы йодсутек түзілу реакциясының тепе-теңдік тұрақтысы 66,9 тең, ал 4480С –та 54,5 дейін төмендейді. Қандай реакция (тура немесе кері бағытта жүретін) экзотермиялық болады?

  5. Гетерогенді реакцияларда тепе-теңдік тұрақтысы қандай түрде жазылады?

  6. Тура реакцияның жылдамдығы 2NO + O2  2NO2,

∆ H = -114,2 кДж 0,018 моль/ (л х мин) тең. Азот оксидінің (II) концентрациясы 0,6 моль/ л, оттегінің концентрациясы 0,5 моль/ л тең. Тура реакция жылдамдығының константасын есептеніз

  1. Мына реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді, егер сутегінің концентрациясын 3 есе ұлгайтса:

СО2 + Н2  СО + Н2О; ∆ H = -0,8 кДж

6 лабораториялық жұмыс. «Ерітінділер және оларды дайындау»
Жұмыстың мақсаты:

  1. Құрғақ заттар мен концентрлген қышқылдардан әр түрлі ерітінділерді дайындау

  2. Ареометр арқылы ерітінділердің тығыздығын анықтау және дайындалған ерітінділердің басқа концетрацияларын есептеп шығару

Теориялық кіріспе

Ерітінділер деп ең кемінде екі компоненттен тұратын гомогенді жүйені атайды. Бірінші компонент - ериген зат, екіншісі - еріткіш. Ерітінділер газ, сұйық немесе қатты агрегаттық түрде бола алады. Ерітінділердің негізгі сипаттамаларының бірі - концентрациясы болып табылады.



Ерітіндінің концентрациясы деп ерітіндінің немесе еріткіштің белгілі көлеміндегі немесе массадағы еріген заттың мөлшерін атайды. Ерітіндінің концентрациясын бірнеше тәсілдермен көрсетуге болады: массалық процентті концентрация, молярлығы, эквивалентті немесе нормальді концентрация, моляльдығы, титр және т.б.

  1. Массалық процентті концентрация (ω) - ерітіндінің 100 грамындағы еріген заттың грамм санын көрсетеді.


, (35)
мұндағы m1- еріген заттың массасы, г; m2- ерітіндінің массасы, г.

  1. Молярлылық (СМ )– ерітіндінің 1 литріндегі еріген заттың моль санын көрсетеді.

, (36)
мұндағы m - еріген заттың массасы, г; М- еріген заттың молярлық массасы, г/моль; V – ерітіндінің көлемі, л.

  1. Нормальдылық (эквиваленттік концентрация) (Сн )- ерітіндінің 1 литріндегі еріген заттың эквиваленттер санын көрсетеді.


, (37)
мұндағы m - еріген заттың массасы, г; mЭ - еріген заттың эквиваленттік массасы, г-экв/моль; V – ерітіндінің көлемі, л.

  1. Моляльдылық (Сm )– еріткіштің 100 грамындағы еріген заттың моль санын көрсетеді.

  2. Титр (Т)- ерітіндінің 1 см3 (мл)-дегі еріген заттың граммй» санын көрсетеді.

, (38)
мұндағы Снерітіндінің нормальдылығы, г-экв/моль; mЭ - еріген заттың эквиваленттік массасы, г-экв/моль;

Жұмыстың орындалуы. Процентті концентрациялы ерітінділерін дайындау

  1. Қатты заттардан. Na2CO3·10H2O-дан натрий карбонатының 7%-ті ерітіндісінің 250 г. дайындау; (бұл үшін кристалды соданың қандай мөлшері керек екенін есептеу). Ұсақталған соданың бұл мөлшерін алдын ала салмағы өлшерленген стақанның ішінде немесе техникалық-химиялық таразыдағы бюксте өлшеу. Алынған навесканы еріту үшін судың қандай көлемі керек екенін есептеңіз. Өлшеуіш цилиндрмен судың бұл көлемін өлшеп алып, бұл суды навескасы бар стақанға құю керек. Дайындалған ерітіндінің температурасын өлшеп, егер ол 11- ші кестедегі температураға тең емес болса, онда ерітіндіні қыздыртып немесе суытып температураны көрсетілген шамаға дейін жеткізу қажет. Ерітіндіні құрғақ цилиндрге құйып алып, тығыздығын ареометр бойынша анықтау. (Ареометрмен қалай пайдалану керек екендігін мұғалімнен сұраңдар). Ареометрді сумен жуу керек және құрғақ қалпына келгенше сүрту керек. Анықталған тығыздық бойынша, кестені қолданып, ерітіндідегі соданың проценттік мөлшерін анықтау. Алынған шамасын ерітіндінің берілген концентрациямен салыстыру. Дайындалған ерітіндінің молярлығын және нормальдығын есептеу. Басқа студенттерге осындай амалмен хлорлы барийдың, натрий хлоридының, натрий тетраборатының ерітінділерін дайындау қажет (мұғалімнің тапсырмасы бойынша).

Тұздардың ерітінділерінің проценттік құрамы және тығыздықтары

(20° кезінде)

11 кесте


%

NaCl

Na23

BaCl2

%

NaCl

Na23

BaCl2

1

1,005

1,009

-

12

1,086

1,124

1,113

2

1,013

1,019

1,016

14

1,101

1,146

1,134

3

1,027

1,040

1,034

16

1,116

-

1,156

4

1,041

1,061

1,058

18

1,132

-

1,179

5

1,056

1,082

1,072

20

1,148

-

1,203

6

1,071

1,103

1,092

22

1,164

-

1,228



  1. Концентрлі ерітіндіден. Концентрлі ерітіндіден және судан 1,050 тығыздықты натрий гидроксидінің 100 мл ерітіндісін дайындау. Концентрлі ерітіндінің тығыздығын ареометрмен анықтау қажет. Кесте бойынша натрий гидроксидінің проценттік құрамын табыңыз. Дайындап жатқан ерітіндінің салмағын есептеңіз. Салмағын анықтап, одан кейін берілген ерітіндіні дайындау үшін қажет концентрлі ерітіндінің көлемін және су көлемін анықтау. Концентрлі ерітіндінің және судың есептелген көлемдерін цилиндрмен өлшеп алып, оларды бір колбаға құйып, бір-бірімен араластырып және салқындағаннан кейін ареометрмен алынған ерітіндінің тығыздығын анықтаңыз. Табылған және берілген тығыздықтардың ауытқуын анықтау. Дайындалған ерітіндінің молярлығын және нормальдығын есептеп шығарыңыз.

  2. Әртүрлі концентрациялы екі ерітіндіні араластыру. 5%-ті және 20%-ті ерітінділерден натрий хлоридінің 10%-ті ерітіндісінің 200 г. дайындау. Араластыру ережесін қолдана отырып, бастапқы ерітінділердің қажетті салмақты мөлшерлерін табу. Олардың көлемдерін анықтау, бұл ерітінділердің тығыздықтарын анықтау. Цилиндрмен ерітінділердің есептелген көлемдерін өлшеп алып, оларды бір сосудқа құйып, араластыру қажет. Ареометрмен алынған ерітіндінің тығыздығын және ондағы натрий хлоридінің проценттік құрамын анықтау қажет. Табылған және берілген тығыздықтардың ауытқуын анықтау. Дайындалған ерітіндінің молярлығын және эквтвалентті концентрациясын (нормальдығын) есептеңіз.

Молярлы және нормальды концентрациялы ерітінділерін дайындау

  1. Қатты заттардан. BaCl2·2H2O-дан және судан барий хлоридінің 0,5 н ерітіндісінің 250 г. дайындау. Бұл үшін BaCl2·2H2O-ның қандай мөлшері керек екенін анықтау. Тұздың бұл мөлшерін алдын ала салмағы өлшенген стақанның ішінде немесе бюксте өлшеу. Навесканы судың көп емес көлемінде еріту; ерітіндіні 250 мл-ді өлшеу колбасына жеткізу. Ерітіндіні колбаға құйып отырып, стақанды сумен бірнеше рет шайу керек. Ерітінді таңбаға жеткенше, оған су құю, мұқиятты түрде араластырыңыз. Ареометрмен алынған ерітіндінің тығыздығын анықтап алыңыз. Ондағы барий хлоридінің (кесте) проценттық құрамын анықтаңыз. Дайындалған ерітіндінің молярлығын және нормальдылығын есептеу қажет. Табылған және берілген концентрацияның ауытқуын анықтаң.

  2. Концентрлі ерітіндіден. 250 мл 0,1 М немесе 0,1 н күкірт қышқылының ерітіндісін берілген ерітіндіден дайындау. Ареометрмен берілген ерітіндінің тығыздығын анықтап алыңыз. Оның проценттық концентрациясын анықтау. Алдымен навескасын, ал одан кейін берілген ерітіндіні дайындау үшін кажетті бұл ерітіндінің көлемін анықтау. Өлшеулі колбаның жартысына дейін су құю және оған воронка арқылы күкіртті қышқылын (өлшенген көлемін) құю. Воронкадағы қышқылын жуу, ерітіндіні шайқау, таңбаға дейін оны толтырып құю, тығынмен жабу және араластыру. Дайындалған ерітіндінің молярлы және эквивалентті (нормальды) концентрациясын есептеңіз.

Бақылау сұрақтар
1 Ерітінді концентрациясы деп нені атайды? Ерітінділер концентрациясын қандай тәсілдемен белгілейді? Формулаларды келтіріңіз.

2. Қаныққан, қанықпаған және өте қаныққан ерітінділердін алу тәсілдері.

3. Еру процесс кезінде қандай құбылыстар байқалады? Мысалдар келтіріңіз?

4. HCl ерітіндісінің 24 мл 0,2 н бейтараптану үшін, күйдіргіш калийдің 0,8 н еретіндісің қандай көлемін алады (мл) ? :

5. Құрамында 0,49 г қышқылы бар. 100мл күкірт қышқылының ерітіндісін бейтараптандыру үшін қанша мл 0,5н NаОН ерітіндісі қажет?

6. 100 мл ерітіндінің құрамында 0,4г NаОН бар. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын есептеңіздер.

7. 100 грамм 15%-ті BaCl2 ерітіндісінен толық түрде BaSO4 түсіру үшін Н2SO4 –тің 14,4 мл жұмсалды. Н2SO4-ерітіндісінің нормальді концентрациясын есептеңіз:

7 лабораториялық жұмыс. Электролиттік диссоциация



Жұмыстың мақсаты. Әлсіз электролиттердің қасиеттерін зерттеп, диссоциациялану процесінің ерекшеліктерімен танысу; ион алмастыру реакциясының тендеулер құрамын меңгеру.

Теориялық кіріспе. Электролиттік диссоциация – заттардың еріткенде немесе балқытқанда иондарға ыдырау процесі. Электролиттік диссоциация- қайтымды процесс.

Электролиттер деп - ерітінділері мен балқымалары электр токты өткізетін заттарды атаймыз. Электролиттер күші бойынша 3 топка бөлінеді: әлсіз (α < 3%), орташа (3%< α < 30%), күшті (α > 30%). Әлсіз электролиттерге жатады: а) әлсіз қышқылдар, мысалы: H2S, H2CO3 б) әлсіз негіздер, мысалы, Cu(OH)2 , Fe(OH)2; в) кейбір тұздар – мысалы, SnCl2, HgCl2. Күшті электролиттерге жатады: а)күшті қышқылдар, мысалы: H2SO4, HCl , HBr; б)сілтілер - NaOH, KOH, LiOH, т.б.; в) тұздар, мысалы - CuSO4, NaCl, FeCl3. Орташа электролиттер жатады, мысалы H3PO4.

Сан жағынан электролиттік диссоциацияны екі параметрмен сипаттауға болады: электролиттік диссоциация дәрежесі мен диссоциациялану тұрақтысы.
α ═ *100% (39)
мұндағы α – электролиттік диссоциацияның дәрежесі; n – диссоциацияланатын молекулалар саны; N – молекулалардың жалпы саны

Kдис.= (40)


мұндағы Kдис– диссоциация тұрақтысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет