К. Ж. Қожахметова, Ш. Таубаева



бет21/60
Дата06.01.2023
өлшемі0.94 Mb.
#468166
түріРешение
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
УМКД

Әлеуметтік педагогика



Орта педагогикасы



Жеке тұлғаның әлеуметтік педагогикасы





Әлеуметтік педагогика



Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу педагогикасы





Әлеуметтік тәрбие



Әлеуметтік өзін-өзі жетілдіру






2.2-сурет. Оқу пәні ретінде әлеуметтік педагогика құрылымы


2.2. Әлеуметтік педагогиканың мақсаты, негізгі функциялары мен міндеттері


Әлеуметтік педагогиканың мақсаты. Әлеуметтік педагогика жеке тұлғаның өзгешеліктері мен ол өмір сүретін мемлекеттің (қоғамның) әлеуметтік мәдениетін ескере отырып, әлеуметтік тұрғыда қалыптасуына жағдай жасауы қажет. Бұл ортаның және адамның жасы мен басқалардан өзгешеліктеріне қарай өзара әрекетін үйлестіруді жолға қояды. Басқалардан өзгешелік – бұл бір адамның басқа адамнан айырмашылығы. Бұл адамның ерік күші ерекшеліктерінен, жеке мүмкіндіктерінен (мысалы, мүмкіндіктері шектеулі, ерекше күтім қажет адамдар), қалыптасқан ұстанымдарынан, өзіне, өзгелерге, қоршаған ортаға деген көзқарастарынан көрінеді. Мұндай міндеттерді әлеуметтік педагогика топтар деңгейінде де шешеді.
Әлеуметтік педагогика әлеуметтік-мәдени ортаның жеке тұлғаға және топқа жасайтын ықпалын зерделеуге және ол ықпалдың оң және теріс салдарларын анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік педагогикадағы бұл бағыт орта педагогикасы деп аталады.
Әлеуметтік педагогика объектісі. Зерттеуші-педагогтар мыналарды анықтайды:
- әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектісі (әлеуметтік педагог жұмысының объектісі) – адам, жасына (балалар, жасөспірімдер, жастық, ересек, егде адамдар), сондай-ақ, тобына, отбасына тәуелсіз түрде;
- нақты әлеуметтік педагогика объектісі (әлеуметтік педагогика тікелей зерттейтін) – тиісті құбылыстар немесе үдерістер.
Әлеуметтік педагогиканың оқу пәні әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді, оны іске асырудың шарттарын, сондай-ақ, адамның, топтың, тұтастай қоғамның әлеуметтік қалыптасуына елеулі түрде әсер ететін ортаның (қауымның) факторларын анықтайтын зерттеудің мазмұны, нысаны мен әдістері болып табылады. Пәннің мазмұнды құрауышы әлеуметтік-педагогиканың бөлімімен анықталады.
Әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын оның міндеттері анықтайды. Олардың әрқайсысы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың нақтылы бағыттағы мазмұнына сәйкес ерекшелігін көрсетеді. Әлеуметтік-педагогиканың міндеттері оның мақсатын сипаттайды, мазмұнын түсінуге көмектеседі.
Зерттеушілер әлеуметтік-педагогиканың жалпыпедагогикалық (әлеуметтік-педагогиканың мазмұнын білдіретін) және әлеуметтік-педагогиканың нақты әлеуметтік-педагогикалық міндеттерін айқындайды.
- Жалпыпедагогикалық міндеттерге мыналар кіреді:
- танымдық - әлеуметтік-педагогикалық қызметтің практикасын оның өкілетті өкілдерінің (әлеуметтік-педагогтардың, әлеуметтік-педагогикалық қызметті атқарушы тұлғалардың) немесе арнаулы даярланған адамдардың (зерттеушілердің, аспиранттардың, докторанттардың) зерттеуі;
- түсіндіруші - әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарды, олардың пайда болуы және қайта құрылу мүмкіндігін сипаттау және түсіндіру;
- ғылыми - әлеуметтік дамудың, адамның әлеуметтенуінің, оған орта (қауым) факторлары ықпалының заңдылықтарын зерттеу, әлеуметтік-педагогикалық құбылыстардың теориялық негіздерін жасау;
- диагностикалық (бағалаушы) – жеке тұлғаның әлеуметтенуіне, топтың әлеуметтік өзгешелігіне, диагностика жүргізу, сондай-ақ, мекеменің, жеке мамандардың құжаттарына, қызметіне, әлеуметтік социум факторларына және онда өтіп жатқан үдерістерге әлеуметтік-педагогикалық бағалауды (сараптаманы) іске асыру;
- болжалдаушы – ортаның (таяудағы және алыстағы) әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің даму келешегін, ондағы адамның, оның жеке қасиеттерінің танылуын, сондай-ақ, оларға (ортаға және адамға) мақсатқа сәйкес ықпал ету мүмкіндіктерін анықтау;
- қайта құрушы - әлеуметтік-педагогика нақтылы адамға, топқа, отбасына қатысты әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа жетуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық болмысты, әлеуметтік-педагогикалық қатынастар мен оқу-тәрбие үдерісін қайта құруды көздейді;
- жұмылдырушы – мамандардың (әлеуметтік педагогтардың) адамның, топтың күшін әлеуметтік-педагогикалық мақсаттарға жету үшін белгілі бір әрекеттер мен қылықтарға белсенді жұмылдыруға бағытталған мақсатты қызмет;
- алдын алушы (сақтандырушыалдын алушы) - әлеуметтік педагогика мамандарының қалыптасу үстіндегі жеке тұлғаның, отбасының түрлі әлеуметтік ауытқушылықтардан алдын-алу және жеңуіне мақсатты түрде бағытталған қызмет;
- басқарушы – жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу, ұжымдағы, топтағы әлеуметтік-педагогикалық құбылыстар үдерісін басқару бойынша мамандардың бағытты қызметі;
- білім беруші - әлеуметтік салаға арналған кадрларды даярлаудың мазмұнын, әдістемесі мен қамтамасыз етілуін зерттеу;
Әлеуметтік-педагогикалық функцияларына нақты мыналар жатады:
- бейімдеуші – адамның ортаға немесе ортаның адамға бейімделуін оның жеке қасиеттерін (өзгешеліктерін) ескере отырып ынталандыруға бағытталған қызмет;
- әлеуметтік дамытушы – адамның әлеуметтік дамуын, оның әлеуметтік бейімділігі мен өзгешеліктерін, сондай-ақ, ортаның (әлеуметтік қауымның) жағдайларын ескере отырып, ынталандыру бойынша мақсатты әлеуметтік-педагогикалық қызмет;
- әлеуметтендіруші – адамның әлеуметтік қалыптасуын, әлеуметтік құндылықтарды және рөлдерді, әлеуметтік мінез-құлық тәжірибесін меңгеруін, жасын, психикалық және әлеуметтік дамуын ескере отырып, ынталандыруға мақсатты бағытталған қызмет;
- түзетуші – балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму және тәрбиелену үдерістерін, ата-аналар мен тәрбиешілердің тәрбиелеу үдерістерін түзету бойынша мамандардың бағытталған қызметі;
- құқықтарын қалпына келтірушіадамның дамуына, тәрбиеленуіне, кәсіптік қызметіне индивидуалдық мүмкіндіктерін қалпына келтіру бойынша мамандардың бағытты қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет