Әлеуметтік педагогиканың негізгі топтары – бұл оның маңызды құбылыстарын бейнелейтін неғұрлым жалпы және іргелі ұғымдар. Оған мыналар жатады: әлеуметтік-педагогикалық үдеріс, әлеуметтік-педагогикалық қызмет, әлеуметтік даму, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік бейімделу және бейімсіздену, әлеуметтену және әлеуметсіздену – педагогикалық оңалту, әлеуметтік-педагогикалық түзеу, қайта тәрбиелеу, түзету және басқалары (категорияның мәні оқулықтың тиісті тарауларында қаралады).
Әлеуметтік педагогиканың міндеттері жалпы (жалпытеориялық және практикалық) және жекеше (практикалық қызмет салалары бойынша) болып бөлінеді. Оларды әлеуметтік педагогиканы құрайтын негізгі топтамаларға бөліп, былайша қысқаша тізімдейміз:
Әлеуметтік педагогикадан туындайтын міндеттер:
- мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстардың, партиялардың, сондай-ақ, мекемелер мен ұжымдардың қызметіне әлеуметтік-педагогикалық баға (сараптама) жасау;
- ортаның өсу үстіндегі жеке адамға, топқа ықпалын зерттеу;
- адамның әлеуметтік дамуы мен тәрбиесінде белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешу үшін ортаның факторларын пайдалану мүмкіндігі;
- жеке фактордың жеке тұлғаға (мысалы, отбасының, бұқаралық байланыс құралдарының) ықпалын зерттеу.
Әлеуметтік тәрбиеден туындайтын міндеттер:
- халықтың түрлі топтарының, адамдардың жеке топтарының, жекелеген тұлғалардың әлеуметтік тәрбиесін оңтайлы түрде қамтамасыз етудің мазмұны мен әдістерінің проблемаларын зерттеу;
- жеке тұлғаны отбасы, білім беру және арнаулы мекемелер жағдайында әлеуметтік тәрбиелеу проблемаларын зерттеу;
- түрлі үлгідегі отбасыларындағы, мекемелердегі әлеуметтік тәрбие тәжірибесін зерттеу;
- әлеуметтік тәрбиенің шетелдік тәжірибесін және оны отандық жағдайларға т.б. бейімдеуді зерттеу.
Адамды әлеуметтік бірлік ретінде зерттеуден туындайтын міндеттер:
- адамның жеке тұлға ретінде әлеуметтік дамуының, әлеуметтенуінің ерекшеліктерін зерттеу;
- басқалардан өзгеше адамдардың әлеуметтік даму ерекшеліктерін зерттеу;
- адамның дамуы мен тәрбиеленуі үдерісіндегі әлеуметтік ауытқушылықтардың себептерін, олардың алдын алу мен жеңудің мүмкіндіктерін анықтау.
Адамның әлеуметтік жақтан өзін-өзі жетілдіруде жеке ұстанымы мен белсенділігінен туындайтын міндеттер:
- әлеуметтік тұрғыда адамның өзін-өзі жетілдірудегі рөлін анықтау;
- адамның түрлі жас сатыларында әлеуметтік тұрғыда өзін-өзі жетілдіруін жандандыру мүмкіндіктерін зерттеу.
Зерттеуші-педагогтардың жарияланымдарында «Әлеуметтік педагогика» және «Әлеуметтік жұмыс» ұғымдарының араласып кетуі кездеседі (В.Г. Бочарова, Ф.А. Мустаева және т.б.).
Мұның басты себептері мынадай:
Біріншіден, Еуропа мен Америкада әлеуметтік педагогика институты кеңінен даму алған жоқ. Шетелде оған - әлеуметтік жұмыстардың бір бөлігі ретінде, сол сияқты, Копенгагендегі (Дания) Халықаралық әлеуметтік педагогика ассоциациясы педагогикаға әлеуметтік қауым жағдайындағы (нашақорлармен, маскүнемдермен, көше балаларымен және т.б.) адаммен жүргізілетін теориялық және практикалық жұмыстар ретінде қарайды. Ресейде әлеуметтік жұмыстар теориясы шетел тәжірибесін қайта қорыту негізінде даму үстінде.
Екіншіден, Ресейде әлеуметтік жұмыстар мен әлеуметтік педагогика институттары бір мезгілде құрылды. Әлеуметтік жұмыстар теоретигі (Валентина Георгиевна Бочарова) отандық әлеуметтік жұмыстардың американдықтардан айырмашылығы оның адамның өзінің әлеуметтік проблемаларын шешуі үшін өзін белсенді қатыстыруына маңыз беретіндігінде деп санады. Бұл ретте, әлеуметтік жұмыстардың педагогикасы - әлеуметтік педагогика болып табылады.
Үшіншіден, әлеуметтік педагогикаға әлеуметтік жұмыс ретінде қарайтын көзқарасты шетелдік мамандар қолдайды. Бұл - оларға түсінікті.
Алайда, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогиканың мақсаты, объектісі мен пәні жөнінен әлеуметтік айырмашылықтары бар екенін атап айтқанымыз жөн (2.1-кесте).
2.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |